Toggle Dropdown
1
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 17.03.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары;
Toggle Dropdown
2) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгіленген тәртiппен республикалық бюджеттен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарына ақшалай сыйлық төлеуге қаражат көздесін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 28 шілдедегі № 597
қаулысымен бекітілген
Toggle Dropdown
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары
Toggle Dropdown
1. Осы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі – сыйлық) жемiстi ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын осы қаулымен бекітілген номинациялар бойынша беріледі.
Toggle Dropdown
3. Сыйлықтың ақшалай мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын белгiлейдi.
Toggle Dropdown
4. Сыйлық алуға өтінімдер қабылдау аяқталған кезде 35 жасқа толмаған, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар үміткер болады.
Toggle Dropdown
Сыйлықты бір уақытта әр номинация бойынша екіден аспайтын ізденушіге беруге болады, бұл жағдайда оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді. Сыйлықты қайта беруге жол берілмейді. Бiр кандидатураны бiр номинациядан артық сыйлық алуға ұсынуға болмайды.
Toggle Dropdown
Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, оның ақшалай бөлiгi олардың мүшелері арасында тең бөлiнедi.
Toggle Dropdown
5. Сыйлық алуға кандидатуралар ұсынуды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалар жүргiзедi.
Toggle Dropdown
2
6. Сыйлық мемлекеттік жастар саясаты саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жанынан арнайы құрылған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен беріледі.
Toggle Dropdown
Комиссия уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, ғалымдардан, шығармашыл қызметкерлерден, қоғам қайраткерлерінен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінен, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдардан құрылады.
Toggle Dropdown
Комиссия құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және он бес адамнан кем болмауға тиіс. Комиссия мүшелерi Комиссия қызметiне алмастыру құқығынсыз қатысады.
Toggle Dropdown
Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.
Toggle Dropdown
Егер Комиссия мүшесінің сыйлық алуға өтінімдерді қарау кезінде тікелей немесе жанама мүдделілік (мүдделер қақтығысы) болса, Комиссия мүшесі сыйлық алуға өтінімдерді қарауға қатыспайды.
Toggle Dropdown
Комиссия мүшесі туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы Комиссияға еркін жазбаша нысанда хабарлайды.
Toggle Dropdown
7. Сыйлық алуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру өтінімдерді қабылдау мерзімі басталғанға дейін кемінде төрт ай бұрын уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Toggle Dropdown
8. Сыйлық алуға өтінімдерді қабылдау бұл туралы хабарландыру жасалған кезден басталады және сыйлықтар салтанатты жағдайда тапсырылғанға дейін төрт ай бұрын тоқтатылады.
Toggle Dropdown
9. Орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалар (бұдан әрі – ұсынатын ұйымдар) уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды қағаз және электрондық түрде жібереді:
Toggle Dropdown
1) кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;
Toggle Dropdown
2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі;
Toggle Dropdown
3) қолдаухат пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама;
Toggle Dropdown
4) марапаттау дипломдарының, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері (бар болса);
Toggle Dropdown
5) кандидаттың немесе кандидат туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (бар болса);
Toggle Dropdown
6) банктік шоттың болуы туралы анықтаманың көшірмесі;
Toggle Dropdown
7) кандидаттың жетістіктері туралы өзге де растаушы материалдар (бар болса).
Toggle Dropdown
Уәкiлеттi орган сыйлық алуға ізденуші бойынша келіп түскен құжаттарды қабылдап, бір күн мерзімде тіркейді.
Toggle Dropdown
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынатын ұйымдарға өтінімді осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарламаны оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе олардың электрондық мекенжайларына жібереді.
Toggle Dropdown
Ұсынатын ұйымдар хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні болмаған құжаттарды уәкілетті органға қағаз және электрондық түрде ұсынады.
Toggle Dropdown
Уәкілетті орган хабарламада көрсетілген ескертулерді ескере отырып пысықталған өтінімдерді Комиссияның қарауына ұсынады.
Toggle Dropdown
Өтінім осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келтірілмеген жағдайда, хабарламада көрсетілген мерзімде уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға өтінімді қайтарады.
Toggle Dropdown
10. Комиссияның спектакльдерді, кино және телефильмдерді, көрмелерді қарауын, концерттік бағдарламалар, сондай-ақ музыкалық және әдеби шығармаларды тыңдауын, ізденушінің қызметімен танысуын ұйымдастыру ұсынушы ұйымдарға жүктеледі.
Toggle Dropdown
11. Сыйлық алуға ұсынылған кандидатураларды Комиссия екi кезеңде қарайды.
Toggle Dropdown
Бірінші кезеңде жан-жақты қарау мақсатында Комиссия мүшелерінен мынадай бағыттар бойынша 6 секция құрылады: «Эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы», «Әдебиет, театр және кино», «Журналистика және қоғамдық қызмет», «Спорт», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Ғылым».
Toggle Dropdown
Секция қызметін Комиссия мүшелерінің ішінен Комиссия төрағасы тағайындаған жетекші басқарады.
Toggle Dropdown
Секция отырысы хаттамамен рәсімделеді, қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды және Комиссияның қорытынды отырысына қарауға беріледі.
Toggle Dropdown
Екiншi кезеңде – Комиссия сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды.
Toggle Dropdown
12. Комиссияның сыйлық берілетін кандидатураны бекіту туралы шешiмi Комиссия отырысында қарапайым көпшiлiк дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Қажетті дауыс саны болмаған жағдайда, сыйлық берілмейді. Егер отырысқа Комиссия мүшелерiнiң үштен екiсiнен астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі.
Toggle Dropdown
13. Хаттама жобасы мен негіздемесі бар хабарлама хаттамаға қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынатын ұйымдарға оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе олардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.
Toggle Dropdown
Ұсынатын ұйымдар хаттама жобасы бар хабарлама алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хаттама жобасына қарсылықтар беруі мүмкін.
Toggle Dropdown
Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.
Toggle Dropdown
Хаттамада сыйлық беруге кандидатуралар және себептерін көрсете отырып, сыйлық берілмейтін кандидатуралар көрсетіледі.
Toggle Dropdown
13-1. Уәкілетті орган Комиссия шешімінің негізінде сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ол берілетін жылдың 1 қыркүйегіне дейін енгізеді.
Toggle Dropdown
14. Сыйлық беру туралы шешім Қазақстан Республикасының Үкіметі оны қабылдаған кезден бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлық беру туралы қаулысы бұқаралық ақпарат құралдарында Республика күніне орай жарияланады.
Toggle Dropdown
15. Сыйлыққа ие болған адамдарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы тапсырылады.
Toggle Dropdown
16. Сыйлықтар салтанатты жағдайда беріледі, марапаттау рәсiмi Республика күнiне орайластырылады.
Toggle Dropdown
Уәкілетті орган тиісті жылдың отызыншы қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде ақшалай сыйлықақыны сыйлық лауреатының банктік шотына аударады.
Toggle Dropdown
17. Лауреаттың төсбелгiсi мен дипломының сипаттамасын Комиссияның төрағасы бекiтедi.
Toggle Dropdown
«Дарын» мемлекеттік жастар
сыйлығын беру қағидаларына
қосымша
Toggle Dropdown
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі
Toggle Dropdown
1. Тегі _________________________________________________________________ Аты _________________________________________________________________ Әкесінің аты (бар болса)_________________________________________________
2. Туған күні____________________________________________________________
3. Ұсынушы ұйымдардың толық атауы _____________________________________ ______________________________________________________________________
4. Номинация __________________________________________________________
5. Білімі _______________________________________________________________ ______________________________________________________________________
6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса) ______________________________
7. Ағымдағы қызметі (кандидаттың жұмыс орны, лауазымы/оқу орны)___________ ________________________________________________________________________ ___________________________________________________
8. Жұмыс өтілі (жұмыс істейтін азаматтарға) ________________________________
9. Тұрғылықты мекенжайы ______________________________________________
10. Байланыс телефоны __________________________________________________
11. Электрондық пошта __________________________________________________ «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларының 9-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі: 1. 2.
Toggle Dropdown
Ұйым басшысы __________________ ______________________ (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Toggle Dropdown
Мөр қою орны (бар болса)
Toggle Dropdown
20__ жылғы «___»_________ _______________________
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 28 шілдедегі № 597
қаулысымен бекітілген
Toggle Dropdown
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының номинациялары
Toggle Dropdown
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мынадай номинациялар бойынша беріледі:
Toggle Dropdown
1. Әдебиет.
Toggle Dropdown
2. Ғылым.
Toggle Dropdown
3. Дизайн және бейнелеу өнері.
Toggle Dropdown
4. Журналистика.
Toggle Dropdown
5. Классикалық музыка.
Toggle Dropdown
6. Қоғамдық қызмет.
Toggle Dropdown
7. Спорт.
Toggle Dropdown
8. Театр және кино.
Toggle Dropdown
9. Эстрада.
Toggle Dropdown
10. Халық шығармашылығы.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 28 шілдедегі
№ 597 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 тамыздағы № 983 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 33, 311-құжат).
Toggle Dropdown
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 1038 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 30, 335-құжат).
Toggle Dropdown
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 тамыздағы № 897 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 418-құжат).
Toggle Dropdown
4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу және Қазақ КCP Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 964 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 36, 500-құжат).
Toggle Dropdown
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 тамыздағы № 797 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 32, 341-құжат).
Toggle Dropdown
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 1318 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 80, 695-құжат).