• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2016 г

Отправить по почте

1

"Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 216 бұйрығына және "Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 217 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 486 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 шілдеде № 11797 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.07.2016 жылғы № 363 Бұйрығына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 216 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10905 болып тіркелген «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 мамырда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларында:
2) «Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта рәсімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 217 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10961 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 мамырда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу қағидаларында:
«5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда, табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) есептік кезең ішінде, бірақ тиісті Ұлттық жоспардың қолданылуы соңғы жылының 1 қазанынан кешіктірмей мынадай құжаттарды:»;
«7. Өтініш беруші бұрын берілген парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін қайта қарау үшін уәкілетті органға есептік жылға парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы расталған есепті бергеннен соң құжаттарын береді. Уәкілетті орган парниктік газдар шығарындыларына бұдан бұрын берілген квоталар көлемін қайта қарауға өтінішті өтініштің келіп түскен күнінен бастап бір ай мерзім ішінде қарайды және квотаның жалпы көлемін көрсете отырып, бұдан бұрын берілген сертификатты Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңіне қайта ресімдейді. Квоталардың қосымша көлемі Ұлттық жоспардың квоталар көлемі резервінен беріледі.»;
«7-1. Квоталардың қосымша көлемі есептік кезең ішінде таралады.»;
«9. Уәкілетті органға ұсынылған құжаттардың толық еместігі және дәйексіздігі, осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тәуелсіз аккредиттелген ұйым растауының болмауы және парниктік газдар шығарындыларына бұрын берілген квоталардың көлемін қайта қарауға құжаттарды белгіленген мерзімнен (тиісті Ұлттық жоспардың қолданылуы соңғы жылының 1 қазанына дейін) кеш беру бұдан бұрын берілген квоталар көлемін өзгертуден және қайта қараудан бас тартуға әкеп соғады.».
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің 
міндетін атқарушы 
_____________ Т. Жаксылыков 
«__» __________ 2015 год
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 16 шілдедегі
 № 486 бұйрығына қосымша
Парниктік газдар
 шығарындыларына квоталар
 беру қағидаларына
 2 қосымша
 (парниктік газдар шығарындыларына сертификат беретін органның атауы)
Осы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-3-бабына 
парниктік газдар шығарындыларын қысқарту мақсатында оның
міндеттемелерін орындау үшін парниктік газдар шығарындыларына және
мөлшерінде, көміртегі бірліктерін саудалауға қатысуға рұқсат
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-4-бабының 
Тәуелсіз аккредиттелген ұйыммен расталған парниктік газдар
шығарындыларын түгендеу туралы есепті жылдан кейінгі жылдың
     (Қондырғыға қолданылған мониторинг стандарттарын көрсетуімен 
мониторинг талаптары (қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті