«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 41-56) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте

Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11459 тіркелді
Редакция 16.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 41-56) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде 2-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ______________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы 25 мамыр
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Е. Досаев 2015 жылғы 24 сәуір
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығымен бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 жылғы № 559 Бұйрығына сәйкес (30.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар (бұдан әрі - Сертификаттық талаптар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-56) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң).
2. Сертификаттау талаптары әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын әуе кемелерін (бұдан әрі – ӘК) пайдаланушыларға қойылатын талаптарды белгілейді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 жылғы № 422 Бұйрығына сәйкес (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 жылғы № 559 Бұйрығына сәйкес (30.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес (26.01.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сертификаттық тексеру кезінде өтініш беруші мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті қабілеті мен құралдарын, сондай-ақ қаржылық-экономикалық жағдайын және құқықтық қабілеттілігін көрсетеді.
Сертификаттық тексеру кезінде анықталған сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктер үш деңгейге бөлінеді: 1-деңгей, 2-деңгей және 3-деңгей.
1-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
2-деңгейге азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімде оны жою немесе шектеулер енгізу шартымен қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
3-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
3. Пайдаланушы мынадай минимальды шарттарға жауап беруі тиіс:
1) орналасқан жері – Қазақстан Республикасы;
2) табыс алмастан 3 (үш) ай ішінде мәлімделген қызметін бастау үшін жеткілікті қаржылық ресурстардың болуы және оған қолжетімділік.
4. Орындалатын ұшу көлемі мен күрделілігіне байланысты пайдаланушы Заңның 59-бабының 2-тармағына сәйкес ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізу және қолдауды қамтамасыз етеді.
4-1. Пайдаланушы ішкі қағидаларды, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты қабылдау арқылы авиациялық оқиғалар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесін енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.
1-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 16.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Осы Сертификаттық талаптарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) пайдаланушы – азаматтық ӘК пайдаланумен айналысатын және осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
2) азаматтық ӘК пайдаланушысының сертификаты (бұдан әрі – ПС) – уәкілетті ұйым (уәкілетті орган) берген, пайдаланушының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12452 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық ӘК пайдаланушылары сертификаттау қағидаларына (бұдан әрі – Пайдаланушыны сертификаттау қағидаларына) және осы сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 жылғы № 559 Бұйрығына сәйкес (30.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) пайдалану ерекшеліктері – ПС байланысты шартты және шектеулер, рұқсаттар және ұшу жүргізу нұсқаулығында айтылған шарттарға тәуелді;
ПС байланысты пайдалану ерекшеліктері пайдаланушының ұшуды орындауға арналған рұқсатының ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады;
4) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік (бұдан әрі – АЖК) – уәкілетті ұйым (уәкілетті орган) берген, пайдаланушының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12511 болып тіркелген) бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларына (бұдан әрі – Авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларына) және сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 жылғы № 559 Бұйрығына сәйкес (30.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
АЖК сертификаттық талаптар пайдаланушының ұшуды орындауына арналған рұқсаттың ажырамас бөлігі болып табылады.
5) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау - ұшу қағидасын, ұшуды ұйымдастыруды, қамтамасыз етуді және орындауды регламенттейтін құжат;
6) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқау - осы пайдаланушының ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстардың уақтылы әрі қанағаттандырылған түрде орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушының рәсімдері сипаттауларын қамтитын құжат;
7) пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулық - ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар мен қағидалар кешені;
8) техникалық қызмет көрсету - ӘК ұшуға дайындау кезінде, ұшудан кейін, сақтау және тасымалдау кезінде ұшу жарамдылығын (қалпында болуын, жұмысқа қабілеттілігін және дұрыс жұмыс істеуін) қолдау үшін авиациялық техникада орындалатын жұмыстар кешені;
9) нөмірлі құжаттама - ұшуға ӘК мемлекеттік тіркеуді және оның жарамдылығын ресімдеуге, жасаушы зауытта белгілі бір нөмірмен тіркелген ӘК осы данасы үшін ғана жарамды ӘК жұмыс атқарымын және техникалық жай-күйін есепке алуға арналған құжаттама.
10) жауапты басшы – азаматтық авиация ұйымын жалпы басқаруға жауапты, реттеуге жатқызылған функцияларды орындауға қатысты және белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкес операциялық қызметті қамтамасыз ететін уәкілетті ұйымның алдындағы жауапты адам ретінде тағайындалған тұлға;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 жылғы № 559 Бұйрығына сәйкес (30.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) тағайындалған басшы – азаматтық авиация ұйымының бөлімшесін басқаруға жауапты, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты, ұйым басшысы тағайындаған және уәкілетті ұйыммен келісілген тұлға;
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 жылғы № 559 Бұйрығына сәйкес (30.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) жалға алушы – ӘК жалға берілген тарапты білдіреді;
13) жалға беруші – ӘК жалға алынған тарапты білдіреді;
14) экипажсыз ӘК жалдау – жалға алу шарты, оның негізінде ӘК жалға алушы ПС/АЖК сәйкес пайдаланылады;
15) экипажымен ӘК жалдау – экипажымен ӘК жалдау, оның негізінде, егер пайдаланушы - жалға алушымен жалға алу шартында өзгеше айтылмаса, жалға берушінің ПС/АЖК сәйкес пайдаланылады;
16) жалға алу - жалдау ден шарттық мәміле түсініледі, оның негізінде тиісті түрде сертификатталған авиатасымалдаушы, иелену құқығын берусіз ӘК толық коммерциялық бақылауды алады.
2-тарау. Пайдаланушының ұйымдық құрылымы
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.07.2019 жылғы № 559 Бұйрығына сәйкес (30.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Пайдаланушы қызмет түріне, пайдаланылатын ӘК типіне қарай, ұйымдық құрылымға кіретін қажетті құрылымдық бөлімшелер мен қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді: