«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қаңтарда № 10057 тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Б.А. Смағұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 113 бұйрығымен бекітілген
Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын (бұдан әрі - инспекторлар) аттестаттау өткізу тәртібін белгілейді.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары аттестаттауға жатады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган - сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
2) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы - сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының басшысы (бұдан әрі - ведомствоның басшысы);
3) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары - сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;
4) мемлекеттік құрылыс инспекторлары - лауазымдық міндеттеріне сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау кіретін уәкілетті органның штаттағы қызметкерлері;
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) органдардың басшылары;
6) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары - мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) органдардың басшыларының орынбасарлары;
7) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары - лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін жергілікті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) органдардың штаттағы қызметкерлері.
4. Аттестаттау құзыреттілік деңгейді, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуді айқындау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескеріп, жаңа талаптарды зерделеу мақсатында жүргізіледі және үш кезеңнен тұрады:
1) аттестаттау комиссиясының ұсынылған құжаттарды қарауы;
3) тестілеу (теориялық білімді айқындау мақсатында);
3) әңгімелесу (күнделікті жұмыста теориялық білімдерді практикалық қолдану деңгейін айқындау мақсатында).
5. Инспекторлар қызметте болған әрбір кейінгі үш жыл өткен сайын, бірақ осы лауазымды атқару күнінен бастап кемінде үш ай өткеннен кейін аттестациядан өтеді.
Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.
6. Аттестаттау аттестатталатын инспектордың қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі.
2. Аттестаттау комиссиясы
7. Аттестаттау өткізу үшін ведомство басшысының шешімімен аттестаттау комиссиясы құрылады.
Аттестаттау комиссиясы комиссия төрағасынан, төраға орынбасарынан, мүшелері мен хатшысынан тұрады. Комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем болмауға тиіс.
Аттестаттау комиссиясының төрағасы отырыста болмаған жағдайда аттестаттау комиссиясы төрағасының орынбасары болады.
Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.
8. Уәкілетті органның басшысы айқындайтын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі аттестаттау комиссиясының жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.
9. Ведомствоның басшысы жұмыс органының ұсынымы бойынша аттестатталуға тиіс инспекторлардың тізімі бекітілетін, аттестация өткізудің мерзімі мен кестесі белгіленетін бұйрық шығарады.
Жұмыс органы аттестатталатын адамдар бойынша қажетті құжаттар дайындауды жүзеге асырады.
10. Аттестаттау комиссиясының құрамына ведомство басшысының орынбасарлары және уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары енгізіледі.
11. Өңірлік аттестаттау комиссиялары ведомстволық бағынысты аумақтағы мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестациядан өткізе алады.
Өңірлік аттестаттау комиссиялары көшпелі аттестация өткізеді.
Өңірлік аттестаттау комиссияларының құрамы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен айқындалады.
12. Аттестаттау комиссиясының отырысы комиссия құрамының кемінде үштен екісін құрайтын кворум болған кезде заңды болады.
13. Шешім аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
14. Аттестаттау комиссиясының бір мүшесі аттестаттаудан өткен жағдайда, осы адам өзіне қатысты дауыс беруге қатыса алмайды.
3. Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы, оның орынбасарлары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары, олардың орынбасарлары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестациядан өткізуді ұйымдастыру
15. Жұмыс органы осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес аттестатталуға тиіс инспекторларды айқындайды және аттестатталуға тиіс инспекторлардың тізімін ведомствоның басшысына бекітуге ұсынады.
16. Жұмыс органы аттестация өткізу басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын аттестатталуға тиіс адамдарды оның өткізілу мерзімі туралы жазбаша хабардар етеді.
17. Уәкілетті органның және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) органдардың кадр қызметі аттестаттау өткізуге дейін екі апта қалғанда аттестатталуға тиіс инспекторлар үшін мынадай құжаттарды дайындайды және жұмыс органына жібереді:
1) қызметтік мінездеме;
2) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ;
3) өмірбаян;
4) құрылыс саласындағы білімі туралы дипломның көшірмесі;
5) ғылыми дәрежесінің, атағының болуы, біліктілігін арттырғаны және т.б. туралы куәліктердің, сертификаттар мен куәліктердің (бар болса) көшірмелері.
18. Қызметтік мінездеме аттестатталатын адамның кәсіптік, жеке қасиеттері мен қызметтік іс-әрекеті нәтижелерінің бағасын қамтуға тиіс және оған:
1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары үшін - ведомствоның басшысы;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары үшін - жергілікті атқарушы орган басшысы не оның орынбасары;
3) бас мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары мен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік құрылыс инспекторлары үшін - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) органдардың басшылары;
4) уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары үшін - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) органдардың басшыларының орынбасарлары;
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары үшін - мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) органдардың басшылары не олардың орынбасарлары қол қояды.
4. Аттестация өткізу
19. Аттестация аттестатталатын адамның қатысуымен өткізіледі.
20. Аттестаттау комиссиясы аттестатталатын адамға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресімдейді.
21. Аттестаттауға тиіс, бірақ дәлелді себептермен келмей қалған адам аттестаттау комиссиясы айқындаған мерзімде аттестаттау рәсімінен өтеді.
22. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделеп, екі шешімнің бірін қабылдайды:
1) тестілеуге жіберу;
2) тестілеуге жібермеу.
Тестілеуге жібермеу туралы шешім осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмаған, құрылыс саласында кәсіптік білімнің болмауы, теріс мінездеме ұсынылған жағдайда қабылданады.
23. Тестілеудің қорытындылары бойынша әңгімелесуге осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген шекті мәннен жоғары балл алған адамдар жіберіледі.
24. Аттестатталатын адаммен әңгімелесудің қорытындылары бойынша аттестаттау комиссиясы, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) аттестациядан өтті;
2) аттестациядан өтпеді және қайта аттестатталуға жатады;
3) аттестациядан өтпеді.
25. Аттестаттау комиссиясының шешімі оның отырысына қатысқан төраға, төраға орынбасары, аттестация комиссиясының мүшелері мен оның хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
26. Аттестатталатын адам аттестаттау комиссиясының шешімімен танысады.
27. Аттестаттау комиссиясының шешімі аттестация өткізілген күннен бастап бір ай мерзімде уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.
28. Аттестаттау комиссиясының бекітілген шешімі аттестатталатын адамның аттестаттау парағына енгізіледі.
29. Аттестациядан өткен аттестатталатын адамның аттестаттау парағы жеке іс-қағазда сақталады.
5. Тестілеу өткізу
30. Жұмыс органы тест сұрақтарын қалыптастыруды жүзеге асырады және оны ведомствоның басшысы бекітеді.
Тест сұрақтары жауаптар парақтарын толықтыру түрінде аттестатталатын адамдардың білім деңгейін бағалаған кезде пайдаланылады.
31. Тестілеу екі кезеңнен тұрады:
1) тестілеуге қатысушылардың тестіден өтуі;
2) нәтижелерді есептеу.
Тестілеу тестілеуге қатысушының таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі.
32. Тестілеу кезінде қатысушылардың:
1) тестілеу аяқталғанға дейін үй-жайдан кетіп қалуына;
2) тестілеуге қатысушылармен сөйлесуіне және басқа да іс-қимылымен кедергі жасауына;
3) жеке электрондық құралдарды (оның ішінде компьютерді, ұялы телефонды) пайдалануына рұқсат етілмейді.
3) Жоғарыда көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда тестілеуге қатысушы тестілеу өткізіліп жатқан үй-жайдан шығарылады; осы адам үшін тестілеу өтпеді деп танылады және тестілеуге қатысушы әңгімелесуге жіберілмейді, бұл туралы аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасында көрсетіледі.
Осы адам аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімдерде, бірақ үш айдан ерте емес мерзімде қайта аттестаттаудан өтеді.
33. Тест тапсырмаларын орындауға берілген жалпы уақыт 90 минутты құрайды. Тест сауалнамалары 100 (жүз) сұрақтан тұрады.
Тесті орындау үшін бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін материалдар аттестаттау комиссиясына ұсынылады.
34. Тестілеу нәтижесін санауды 3 (үш) сағаттан аспайтын уақыт ішінде дұрыс жауаптардың кодтарын пайдалана отырып, аттестатау комиссиясы жүргізеді.
35. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары, олардың орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары үшін шекті мән - 70 және артық дұрыс жауап, аттестаттауға жататын қалған санаттар үшін - 60 және артық дұрыс жауап тестілеу нәтижесі есептеледі.
36. Тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған тестілеуге қатысушы әңгімелесуге жіберілмейді.
Осы адам аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімдерде, бірақ үш айдан ерте емес мерзімде қайта тестілеуден өтеді.
37. Қайта тестілеуден өткен кезде тестілеуге қатысушы шекті мәннен төмен баға алса, онда аттестатау комиссиясы тестілеуге қатысушы атқаратын инспектор лауазымына сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларына қосымша
Нысан
Аттестаттау парағы
Аттестатталатын инспектор туралы ақпарат
Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________
Білімі ______________________________________________________________
Лауазымы және тағайындалған күні ____________________________________
Жалпы еңбек өтілі _______ (мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
органдарында), оның ішінде осы лауазымда ____________________________
Қосымша мәліметтер:
Қатысқан комиссия мүшелерінің саны _____________
Дауыс беру нәтижелері:
«Жақтағандар» ___________
«Қарсы» _________________
Қабылданған шешім: __________________________________________________
(аттестаттаудан өтті; аттестаттаудан өтпеді және
қайта аттестатталуға жатады; аттестаттаудан өтпеді)
Төраға /____________/
Төрағаның орынбасары /______________/
Хатшы /______________/
Мүшелері /______________/
Қабылданған шешіммен таныстым _______________________________________
(аттестатталатын адамның қолы және күні)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |