«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 531 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 шілдеде № 11787 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-274/2020 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.07.2016 жылғы № 596 Бұйрығына сәйкес (29.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидалары, мерзімдері бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.07.2016 жылғы № 596 Бұйрығына сәйкес (29.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2015 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 531 Бұйрығымен бекітілген
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.07.2016 жылғы № 596 Бұйрығымен (29.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.01.2018 жылғы № 1 Бұйрығына сәйкес (05.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2020 жылғы № ҚР ДСМ-27/2020 Бұйрығына сәйкес (03.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидалары, мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Кодексiнің 176-1-бабының 4-тармағына (бұдан әрі – Кодекс), 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабына сәйкес әзірленген және орта, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмi бар адамдарға кәсiптiк медициналық және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыруға бiлiктiлiк санаттарын беру тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік санатын беру туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) – тиісті біліктілік санатын беруді растайтын құжат;
2) лауазымды тұлға – Денсаулық сақтау ұйымының басшысы немесе басшының міндетін атқарушы тұлға;
3) маман-Медициналық және фармацевтикалық білімі бар денсаулық сақтау саласындағы қызметкер;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау (бұдан әрі – Бағалау) – маман біліктілігінің Денсаулық сақтау саласындағы кәсіби стандарт талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін білім мен дағдыларды бағалау рәсімі;
5) үміткер– нақты мамандық бойынша біліктілік санатын беру туралы куәлік алуға үміткер маман.
3. Осы Ережеге сәйкес куәлік беру нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік санатын бере отырып, олардың біліктілік деңгейін айқындау мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық, фармацевтикалық білімі бар мамандар, сондай-ақ кадрларды қайта даярлаудан өткен және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған адамдар үшін жүргізіледі.
2-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санаттарын беру тәртібі
4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлік беруге өтініштерді қабылдау (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) үміткерден www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің тиісті аумақтық департаменттері (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді.
Үміткерлер куәлік алу үшін құжаттарды қолда бар куәліктің не 2015 жылғы 9 қазанға дейін берілген біліктілік санаты берілетін маман сертификатының қолданыс мерзімі өткенге дейін үш ай бұрын тапсырады.
Жоғары мәлімделген санатқа куәлікті алу үшін маман қолданыстағы куәлігін (біліктілік санаты берілетін маман сертификатын) алған күннен бастап 3 (үш) жыл өткеннен кейін жіберіледі.
5. Біліктілік санатын беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 404 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11449 болып тіркелген) Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау қағидаларында белгіленген тәртіппен жүргізілетін Бағалаудың оң нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
Бағалаудың теріс нәтижесін алған үміткерлер куәлік алуға жіберілмейді.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.
7. Қызмет беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Үміткер жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ұсынылған құжаттардың толықтығы құжаттар тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде тексеріледі.
8. Куәлікті алу үшiн үміткер мынадай құжаттарды ұсынады:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлік қолымен (ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
2015 жылға дейін оқуды бітірген үміткерлер үшін жоғары, орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімі туралы диплом;
мәлімдеген мамандық бойынша интернатураны, резидентураны, клиникалық ординатураны бітіргені туралы құжаттардың электрондық көшірмелері (олар болған жағдайда);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 тіркелген) бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесіне сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) медициналық білім алған үміткердің білімі туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжат;
мәлімдеген мамандық бойынша қайта даярлау туралы куәліктің электрондық көшірмесі (бар болса);
мәлімделген мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішіндегі біліктілігін арттыру туралы куәлік;
мәлімделген мамандық бойынша қолданыстағы куәлік не біліктілік санаты берілетін маман сертификаты (бар болса);
клиникалық практикамен айналысатын адамдарға клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.
Орта медициналық білім беру ұйымдарын бітірген және атқаратын лауазымдарына жіберілген үміткерлер куәлік алу үшін:
1) 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушериялық іс» мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандығы бойынша жоғары білімі туралы дипломды, «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша бакалавриатты және «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;
«Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Емдеу ісі», «Акушериялық іс» мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы дипломды, «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша бакалавриатты және «Емдеу ісі» мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;
«Акушериялық іс» мамандығы бойынша «Акушериялық іс», «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы дипломды, «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша бакалавриатты және «Акушериялық іс» мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;
2) 2012 жылғы қыркүйекке дейін «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша атқаратын лауазымдарына жіберілген адамдар «Зертханалық диагностика», «Акушериялық іс», «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандығы бойынша жоғары білімі туралы дипломды, «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша бакалавриатты және «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады.
«Гигиена және эпидемиология», «Стоматология» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі, «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушериялық іс», «Зертханалық диагностика», «Фельдшер-лаборант», «Гигиена, санитария және эпидемиология» «Санитариялық фельдшер», «Стоматология», «Тіс дәрігері» мамандықтары бойынша орта медициналық білімі бар адамдар, медицинаық қызметке 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен және құжаттарды тапсыру кезінде мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз еңбек өтілі бар адамдар мәлімделген мамандық бойынша куәлік алуға жіберіледі.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |