«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 41-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 345 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 маусымда № 11285 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылдың 12 қазанынан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 29.06.2017 жылғы № 402 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 41-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 345 бұйрығымен бекітілген
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі - ҰРТҚ және байланыс), ҰРТҚ және байланыс объектілерінің жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық пайдалану және жөндеудің негізгі қағидаттарын анықтайды.
2. Осы Қағидалардың талаптарын өзінің қызметінде әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін және азаматтық авиация ұйымдарының (бұдан әрі - АА) өндірістік қызметін қамтамасыз ететін азаматтық авиация ұйымдарында радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану (бұдан әрі - РТЖБП) қызметінің басшылық және инженерлік-техникалық персоналы іске асырады және қамтамасыз етеді.
3. ӘК ұшуын, авиациялық электр байланысын және азаматтық авиация ұйымдарында өндірістік қызметті радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды РТЖБП қызметі, қызметі осы Қағидаларда регламенттелетін басқа да бөлімшелер жүзеге асырады.
4. ӘК ұшуының қауіпсіздігі мен тұрақтылығы әуежайлардың, әуе жолдарының, жергілікті әуе желілерінің (бұдан әрі - ЖӘЖ), тірек қызметтерінің (пункттері) ҰРТҚ және байланыстың жердегі құралдарымен жабдықталуына, техникалық деңгейіне, осы құралдардың жұмыс істеуінің сенімділігі мен автоматтандырылу дәрежесіне және ҰРТҚ мен байланыстың жердегі құралдарын пайдаланушы және қолданушы мамандардың дайындық деңгейіне байланысты болады.
5. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) АА ұйымы — азаматтық авиация саласында қызметін жүзеге асырушы заңды тұлға;
2) абонент (желіні пайдаланушы) ҰРТҚ және байланыс — өзіне меншіктелген индексі бар және өзінің қызметінде электр байланысы желісін қолданатын ұйым, қызмет немесе лауазымды тұлға;
3) авиациялық бекітілген электр байланыс желісі станциясы - авиациялық бекітілген электр байланысы желісінің бөлігі болып табылатын және мемлекеттің рұқсатымен немесе бақылауында жұмыс істейтін станция;
4) авиациялық әуе электр байланысы - борттық және бекітілген авиациялық станциялардың арасындағы немесе борттық станциялардың арасындағы байланыс;
5) авиациялық бекітілген станция - жердегі авиациялық электр байланысы станциясы;
6) авиациялық радиобайланыс - негізінен аэронавигация қауіпсіздігін, сондай-ақ әуе қатынастарының тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге арналған, белгілі бір бекітілген пункттердің арасындағы авиациялық әуе электр байланысы және радиобайланыс;
7) авиациялық электр байланысы - кез келген авиациялық мақсаттарға арналған электр байланысы;
8) авиациялық электр байланысы станциясы - авиациялық электр байланысының жердегі және әуе станциясы;
9) авиациялық электр байланысы арнасы (тарату арнасы) - ақпараттың жөнелтушіден алушыға берілуін қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен электр сигналдарының және радиосигналдарының таралу ортасының жиынтығы;
10) авиациялық электр байланысы органы - авиациялық электр байланысы станцияларының бір немесе бірнешеуін пайдалануға жауапты орган;
11) авиациялық бекітілген электр байланысы желісі (бұдан әрі - AFTN) - авиациялық жердегі электр байланысының бөлігі болып табылатын және ұқсас немесе сәйкес келетін байланыс сипаттамалары бар бекітілген авиациялық станциялардың арасында хабарлармен және/немесе цифрлық деректермен алмасуды көздейтін бекітілген авиациялық тізбектердің әлемдік жүйесі;
12) ағымдағы жөндеу - бұйымның жұмыс істеу қабілеттігін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын және жекелеген бөліктерді ауыстыруды және (немесе) қалпына келтіруді қамтитын жөндеу;
13) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
14) айырбастау қоры - тексеру мен жөнделуге жататын бұйымдар, тораптар, блоктар және қондырғыларға техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде объектілерге (бұйымдарға) орнатылатын, уақытында қызмет көрсетіліп, жөндеуден өткен, тексерілген бұйымдар, тораптар, блоктар және құрылғылардың тұрақты және жүйелі түрде жаңартылып отыратын қоры;
15) алмастыру арқылы резервтеу - негізгі элементтің функциясы резервтегіге негізгі элементтің істен шығуынан кейін ғана берілген кездегі серпінді резервтеу;
16) анықтаушы параметр (белгі) - бақылау объектісінің техникалық жай-күйі түрін анықтауды бақылау үшін қолданылатын объектінің параметрі (белгісі) (бұйымдар, электр байланысы арнасы);
17) апат - елеулі және/немесе тікелей қаупі бар және дереу көмек қажет болатын жағдай;
18) атқарым - бұйымның ұшу сағатымен, қонулар санымен, айналым, іске қосылу санымен, яғни ресурс шығысымен өлшенетін жұмыстың ұзақтығы немесе көлемі;
19) АҮЭ белгілі бір функцияларды орындау үшін қажетті элементтер мен бөлшектердің жиынтығына тұратын және шұғыл ауыстыруға арналған ауыстырудың үлгілік элементі.
20) аэронавигациялық ақпарат - әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету, әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін деректерді жинау, талдау және өңдеу нәтижесінде алынған ақпарат;
21) байланыс тізбегі - екі станция арасындағы барлық тура арналарды қосатын байланыс жүйесі;
22) байланыстың бұзылуы - пайдалану үшін маңызы бар уақыт ішінде байланыстың болмауы;
23) басқа ведомстволар - азаматтық авиацияда ұшуды және әуе қозғалысын радиотехникалық қамтамасыз ету мен электр байланысын ұйымдастыруды өз құзыры шегінде жүзеге асырмайтын мекемелер;
24) белгіленген ресурс - бұйымның жиынтық атқарымы, оған жеткен кезде мақсаты бойынша қолдану тоқтатылуы тиіс;
25) борттық станция - әуе кемесінің бортына орнатылған авиациялық әуе электр байланысының жылжымалы станциясы;
26) бұзылу - жұмысқа қабілеттілік жай-күйі сақталған кезде бұйымның жарамды жай-күйі бұзылуына байланысты оқиға;
27) бұйым - белгілі бір міндеттерді орындауға арналған топтап шығарылатын өнімнің бірлігі;
28) бұйымның құрылымдық схемасы - бұйымның негізгі функционалдық бөліктерін, олардың міндеттері мен өзара байланысын анықтайтын сызба;
29) бұйымның істен шығуы - бұйымның жұмыс істеу қабілеттілігінің бұзылуына байланысты оқиға;
30) біртіндеп істен шығу - бұйымның бір немесе бірнеше белгіленген параметрлері белгісінің біртіндеп өзгеруін сипаттайтын істен шығу;
31) жалпы резервтеу - резервтеу элементі тұтастай объекті болып табылатын резервтеу;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |