Toggle Dropdown
11
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11550 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 01.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
1
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді бес жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар
және даму министрінің
міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова
2015 жылғы 19 мамыр
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2015 жылғы 27 мамыр
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2015 жылғы 29 мамыр
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов
2015 жылғы 21 сәуір
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
міндетін атқарушының
2015 жылдың 26 наурыздағы
№ 349 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
3
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 23-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Қағидалар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады және барлық жеке және заңды тұлғалар үшiн меншiк нысандарына қарамастан мiндеттi болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
Toggle Dropdown
1) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі – тасымалдаушы) – жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына иелік ететін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
1-1) автоматтандырылған жүйелер – қан қысымын, жүректің жиырылу жиілігін (пульсті), температураны өлшеу процесін, сондай-ақ алкогольдік және есірткілік мас күйін тексеруді автоматтандыруға мүмкіндік беретін, қан қысымын өлшейтін құралды, жүрек соғу жиілігін өлшейтін құралды және алкотестерді қамтитын, жүргізушілерді рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландыруды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымымен ұсынылатын, «Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22175 болып тіркелген) талаптарына сәйкес сертификатталған және Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізілген медициналық кешен;
Toggle Dropdown
2) ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі – Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы болып табылатын тасымалдаушы немесе өзге де тұлға құратын, клиенттердің тапсырыстарын өңдеуге және оларды таксимен тасымалдаушының орындауына, оның ішінде аппараттық-бағдарламалық кешенді, интернет-платформаларды және (немесе) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын пайдалана отырып беруге арналған қызмет;
Toggle Dropdown
3) багаж түбіртегі – багажды автомобильмен тасымалдау шартының жасалғанын, сондай-ақ тасымалдаушының багажды сақтауға немесе тасымалдау үшін қабылдағанын растайтын құжат;
Toggle Dropdown
4) багажды автомобиль – жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдау маршруттарында жолаушылардың багаждарын (жүктерін) тасымалдауға арналған жүк автомобилі;
Toggle Dropdown
5) борт журналы – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленген және тігілген, тасымалдаушының мөрімен бекітілген жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралында болатын журнал, оған автокөлік құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан өткені туралы белгілер қойылады;
Toggle Dropdown
6) диспетчерлік жүйе – жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының қозғалысы туралы нақты уақыт режимінде үздіксіз ақпарат алуға мүмкіндік беретін жүйе;
Toggle Dropdown
7) диспетчерлік жүйе операторы – диспетчерлік жүйені ұйымдастыру және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлғалар;
Toggle Dropdown
8) жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттері (аялдау пункті) – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсіру мақсатында автокөлік құралдарының аялдауына арналған жол бойындағы белдеу учаскесі;
Toggle Dropdown
9) жол жүру құжаты (билет) – ресімдеу жолымен жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат;
Toggle Dropdown
10) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі-автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау қызметіне байланысты құжаттарды тіркеуді, өңдеуді, сақтауды, есепке алуды және тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға және тасымалдау процесіне қатысушыларға осындай құжаттар туралы ақпаратты беруді қамтамасыз ететін зияткерлік көлік жүйесінің компоненті;
Toggle Dropdown
11) қауіпті учаскелер – автомобиль жолдарының жүріп өткенде жол-көлік оқиғасы болуының жоғары қаупі туындайтын немесе қозғалыс режимінің елеулі өзгерістеріне байланысты учаскелері;
Toggle Dropdown
12) қозғалыс кестесі – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбір аялдама пункті бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтерді қамтитын құжат (кесте, графикалық бейне);
Toggle Dropdown
13) қолмен жуу – автокөлік құралдарын су берудің жоғары қысымды аппараттарын, су жеткізу жүйелерін және (немесе) ыдыстардағы суды пайдалану арқылы қолмен жуу;
Toggle Dropdown
14) маршрут – автобустың, шағын автобустың, троллейбустың белгіленген бастапқы, аралық және соңғы аялдама пункттері арасында белгіленген жүретін жолы;
Toggle Dropdown
15) маршрут схемасы – аялдау пункттері, олардың ара қашықтықтары, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, теміржол өтпелері, көпірлер және тоннельдер) көрсетілген маршруттың графикалық шартты бейнеленуі;
Toggle Dropdown
16) механикаландырылған жуу – жуу құрамы және суды жеткізу үшін құрылғылармен, айналатын және (немесе) қозғалатын щеткалармен, сондай-ақ желдеткіш құрылғысымен жарақтандырылған арка үлгісіндегі ауыстырылатын тетіктерден тұратын автокөлік құралдарын автоматты жуу;
Toggle Dropdown
17) рейс – бастапқы жөнелту пунктінен соңғы межелі пунктіне дейінгі автокөлік құралының жолы;
Toggle Dropdown
17-1) рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудың жеке форматы – жүргізушілердің рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландыруды тікелей медицина қызметкерімен және (немесе) медициналық ұйымымен жүргізу;
Toggle Dropdown
17-2) рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудың онлайн форматы – медициналық қызметкерлердің және (немесе) медициналық ұйымның тікелей қатысуынсыз осы Қағидалардың талаптарына сай келетін автоматтандырылған жүйелер арқылы жүргізушілердің рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландыруды жүргізу;
Toggle Dropdown
18) спутниктік навигация аппаратурасы – көлік құралына жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары бойынша оның ағымдағы орналасқан жерін, жүру бағыты мен жылдамдығын айқындау, қосымша борт жабдығымен деректер алмасу үшін, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері бойынша ақпарат алмасу үшін орнатылатын аппараттық-бағдарламалық құрылғы;
Toggle Dropdown
19) такси тасымалы – жеке кәсіпкердің немесе меншік құқығында немесе басқа заңды негіздерде автомобильге иелік ететін заңды тұлғаның жолаушылар мен багажды ақылы немесе жалға тасымалдау үшін көрсететін қызметі;
Toggle Dropdown
20) таксимен тасымалдаушы – интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметтерін көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
21) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасы – таксиге тапсырыс беруге және көлік құралын экипажымен қоса жалға алуға ұялы байланыс қызметтері немесе Интернет арқылы қолжетімділік берілетін платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшасы;
Toggle Dropdown
22) таксометр – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау құнын (бағасын) есептеуге арналған құрылғы;
Toggle Dropdown
23) техникалық аялдама – автобустар мен шағын автобустардың жолаушыларды маршруттан түсіруді және маршрутқа отырғызуды көздемейтін аялдамасы;
Toggle Dropdown
24) үшінші жақ - жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру туралы келісім жасасқан тасымалдаушыны, ал жолаушылар мен багажды тұрақты халықаралық автомобильмен тасымалдау кезінде маршрутқа қызмет көрсетуге рұқсат алған тұлғаны қоспағандағы тұлға.
Toggle Dropdown
4. Ұйымдастыру сипаты бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тұрақты, тұрақты емес және таксимен тасымалдау болып бөлінеді.