• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығына 1-қосымша

«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 30.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк қызметті аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (18.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (18.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
аттестаттауға жіберуден бас тарту не аттестаттауға жіберу туралы шешім шығарылған жағдайда – күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей;
аттестаттау өткізген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;
аттестаттау не аттестаттамау туралы комиссия шешім шығарған кезде – аттестаттау жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
4-тармақтың алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 жылғы № 540 Бұйрығына сәйкес (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Аттестаттаудан өткізу қажеттілігіне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет жүзеге асырылады.
Аттестаттауға жіберілген көрсетiлетiн қызметтi алушы аттестаттаудың орны, күні, уақыты туралы оны өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей электрондық нысанда портал арқылы хабардар етіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімін оны өткізгенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық әділет органдарының интернет ресурстарына енгізеді.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (18.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi: 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім  немесе 2 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өтпегені  туралы шешім не осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша аттестаттауға жіберуден дәлелді бас тарту.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (18.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында  жолданады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық» (Тізілімге сәйкес);
7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесi:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (18.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түске үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (18.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) электрондық нысанда сұрау салу;
2) оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер анықтамаларының электрондық көшірмесі;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 жылғы № 540 Бұйрығына сәйкес (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) ҚР Еңбек Кодексінің заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін жібереді.
Аттестаттауға жіберу туралы сұрау салуда мынадай:
диплом туралы:
жоғарғы оқу орнының атауы;
мамандықтың шифрі;
дипломның нөмірі;
дипломның берілген күні не «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжат туралы:
сериясы және нөмірі;
негіздеме: күні және нөмірі;
тіркеу нөмірі және күні;
тағылымдамадан өткені туралы қорытынды туралы;
тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні;
облысы;
тағылымдама жетекшісі;
тағылымдаманың басталу күні;
тағылымдаманың аяқталу күні туралы мәліметтер қамтылады.
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғандығы туралы мінбе статус, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алудың мерзімі мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәләндыратын құжаты туралы, лицензиясы туралы, көрсетiлетiн қызметтi алушының қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы мәліметтердің бар екендігі не ондай мәліметтердің жоқтығы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.
10. Аттестаттауға жіберуден бас тарту негіздемелері:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 18.11.2016 жылғы № 1056 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;