1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).










Отправить по почте
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (18.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету мерзiмi:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (18.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
лицензия беру кезiнде – 15 (он бес) жұмыс күнi;
лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде – 3 (үш) жұмыс күнi;
лицензияның телнұсқасын беру кезiнде – 2 (екi) жұмыс күнi;
Көрсетілетін қызметті беруші қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
4-тармақтың алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 жылғы № 540 Бұйрығына сәйкес (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (18.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесi – нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (18.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталындағы «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) жолданады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін ұсыну нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру кезiнде бюджетке қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым алынады, ол «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 554-бабына сәйкес мынаны:
7-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 жылғы № 540 Бұйрығына сәйкес (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) лицензия беру кезiнде 6 айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi – АЕК);
2) лицензияның телнұсқасын беру үшiн лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 100 %-ын;
3) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10 %-ын құрайды, алайда 4 АЕК-тен аспайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлем түрiнде екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, онда төлем мөлшерi мен күнiн растайтын құжат (түбiртек) берiледi.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға портал арқылы электрондық сұрау салу берiлген жағдайда, төлем «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы немесе екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
8. Жұмыс кестесi:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (18.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түске үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (18.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) мынадай мәліметтер қамтылған, көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
жеке сәйкестендіру нөмірі;
диплом туралы мәліметтер;
жоғары оқу орнының атауы;
диплом нөмірі;
дипломның берілген күні немесе «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжат туралы:
сериясы және нөмірі;
негіздеме: күні және нөмірі;
тіркеу нөмірі және күні;
тағылымдамадан өткені туралы қорытынды туралы;
тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні;
облысы;
тағылымдама жетекшісі;
тағылымдаманың басталу күні;
тағылымдаманың аяқталу күні.
Тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін:
комиссияның аттестаттау туралы шешімі:
қала;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |