1. «Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).










Отправить по почте
«Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 62 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттері (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 08.11.2019 жылғы № 540 Бұйрығына сәйкес (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) қызмет берушімен;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемелкеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын мемлекеттік корпорацияға жеткізілуін қаматамасыз етеді.
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушыға күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 15 минут;
3) көрсетілген қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін шекті уақыты – 15 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариустардың мөрлерін беру.
Көрсетілетін қызметті беруші нотариустың мөрін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мөрді беру журналында қол қою арқылы береді.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетiлетiн қызметтi берушi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түске үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. Мемлекеттiк қызмет кезек тәртiбiнде, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз көрсетiледi;
2) Мемлекеттік корпорация - дүйсенбiден бастап сенбіні қоса алғанда, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес түске үзiлiссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртібінде, көрсетілген қызметті алушының есептік тіркеу орны бойынша жеделдетiлген қызмет көрсетусiз көрсетіледі, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электронды кезектен орын алу мүмкін.
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны айқындау үшін қажет етіледі);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшадағы нысанға сәйкес өтініш;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |