• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 23.09.2015 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 239 бұйрығына 3–қосымша

«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 23 қыркүйектен бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.05.2015 жылғы № 673 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі заңының 23-бабы 1-тармағы 13) тармақшасының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ішкі су және теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігі қағаз нұсқада (бұдан әрі – куәлік) болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі іс-қимылдары тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) басталуы үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет беруші кеңесінің қызметкері «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан (бұдан әрі – ХҚО) құжаттар келіп түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын кіріс құжаттарын тіркеу журналына тіркейді және қару үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің басшысына/теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің басшысына(бұдан әрі - бөлім басшысы) береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманына/теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің маманына(бұдан әрі - бөлім маманы) береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім маманы үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын қарайды, куәлікті ресімдейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт сағаттың ішінде куәлікке қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бір жұмыс күні ішінде куәлікті курьер арқылы ХҚО береді.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын кіріс құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің кеңесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына беру;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарының көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөліміне (теміржол және су көлігін бақылау бөліміне) қарау үшін берген бұрыштамасы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысының көрсетілетін қызметті берушінің бөлімнің маманына берген қарау үшін бұрыштамасы;
4) куәлікті ресімдеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру;
5) қол қойылған куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру;
6) куәлікті курьер арқылы ХҚО-ға беру.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдары тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім маманы.
8. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызмет беруші кеңесінің қызметкері ХҚО-дан құжаттар келіп түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және құжаттарды кіріс құжаттарын тіркеу журналына тіркейді және қару үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің бөлім маманына береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім маманы үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын қарайды, куәлікті ресімдейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары төрт сағаттың ішінде куәлікке қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бір жұмыс күні ішінде куәлікті немесе куәліктің телқұжатын курьер арқылы ХҚО береді.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы осы «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының блок-схемасында келтірілген.
4. ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін алушы ХҚО-ға өтінішті және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсынады.
11. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) кеменің атауын және кемені тіркеу портын көрсете отырып, еркін нысандағы өтініш;
2) «Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 677 қаулысына сәйкес экипаждың бекітілген штат кестесінің көшірмесі.
12. ХҚО-ға құжаттарды тапсырған кезде ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді:
сұрау салуды қабылдау нөмірі және күні;
сұратылатын мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
құжаттардың берілген күні (уақыты) және орындары;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ХҚО рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезеңділігі және ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы 15 минуттың ішінде ХҚО-ға мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және құжатты тапсырады;
2) ХҚО қызметкері 20 минуттың ішінде өтінішті және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжатты тіркеуді жүргізеді;
3) ХҚО жинақтау бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және құжатты курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады;
4) ХҚО қызметкері 20 минуттың ішінде куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын қабылдауды, сондай-ақ келіп түсу фактісін Сканер штрихкоды арқылы белгілеуді жүзеге асырады;
5) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап 20 минуттың ішінде оған куәлікті береді.
14. ХҚО-ға құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға ХҚО-да қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 20 минут.
15. ХҚО-да құжаттарды қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен операциялық залда жүзеге асырылады, электрондық кезек «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы броньдалуы мүмкін.
16. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді ХҚО қызметкері қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жеке өзі келген кезде, қойған және жеке басын куәландыратын құжат пен сенімхатты (көрсетілетін қызметті алушының өкілі үшін) көрсеткен кезде «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырады.
«Кемелер экипаждарының
ең аз құрамы туралы куәлік беру»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 регламентіне қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерінің) өзара іс-қимылдарының блок-схемасы