Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 239 бұйрығына
4-қосымша
«Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасының мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасының мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 Қазақстан Республикасының Заңы 32-2-бабының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ішкі су және теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген «Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
1) шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қағаз тасығышта (бұдан әрі – куәлік);
2) шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын қағаз тасығышта (бұдан әрі – куәліктің телнұсқасы) беру болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі іс-қимылдары тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет беруші кеңесінің қызметкері «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан (бұдан әрi – ХҚО) құжаттар келіп түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішін және құжаттарын кіріс хат-хабарларды тіркеу журналында тіркеуді жүргізеді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің басшысына (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің басшысына) береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің басшысы (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің басшысы) төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманына (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің маманына) береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманы (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің маманы) жеті жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын қарайды, куәлікті немесе куәліктің телқұжатын ресімдейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төрт сағаттың ішінде куәлікке немесе куәліктің телқұжатына қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бір жұмыс күні ішінде куәлікті немесе куәліктің телқұжатын курьер арқылы ХҚО береді.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және құжаттарды қызметті берушінің кеңесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөліміне (теміржол және су көлігін бақылау бөліміне) қарау үшін берген бұрыштамасы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімі басшысының (теміржол және су көлігін бақылау бөлімі басшысының) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманына (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің маманына) берген қарау үшін бұрыштамасы;
4) куәлікті немесе куәліктің телқұжатын ресімдеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру;
5) қол қойылған куәлікті немесе куәліктің телқұжатын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру;
6) куәлікті немесе куәліктің телқұжатын курьер арқылы ХҚО-ға беру.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдары тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процессіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) тартылды:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің басшысы (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің басшысы);
4) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманы (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің маманы).
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезеңділігі мен ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет беруші кеңесінің қызметкері ХҚО-дан құжаттар келіп түскен сәттен бастап төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын кіріс құжаттарын тіркеу журналына тіркейді және қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің басшысына (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің басшысына) береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің басшысы (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің басшысы) төрт сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманына (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің маманына) береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманы (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің маманы) жеті жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын қарайды, куәлікті немесе куәліктің телқұжатын ресімдейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төрт сағаттың ішінде куәлікке немесе куәліктің телқұжатына қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бір жұмыс күні ішінде куәлікті немесе куәліктің телқұжатын курьер арқылы ХҚО береді.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы осы «Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының блок-схемасында келтірілген.
4. ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін алушы ХҚО-ға мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті және өзге құжаттарды ұсынады.
11. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін:
кепіл берушінің жазбаша өтініші;
шағын көлемді кеменің ипотекасы туралы шартты, осы шартта көрсетілген құжаттарымен нотариалды куәландырылған көшірмесі;
шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
2) шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:
кепіл берушінің жазбаша өтініші;
шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
12. ХҚО-ға құжаттарды тапсырған кезде ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді:
өтінішті қабылдау нөмірі және күні;
сұратылатын мемлекеттік қызметтің атауы;
қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
құжаттардың берілген күні (уақыты) және орындары;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ХҚО рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезеңділігі және ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы 15 минуттың ішінде ХҚО-ға мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және өзге құжатты тапсырады;
2) ХҚО қызметкері 20 минуттың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және өзге құжатты тіркеуді жүргізеді;
3) ХҚО жинақтау бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және өзге құжатты курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады;
4) ХҚО қызметкері 20 минуттың ішінде куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын қабылдауды, сондай-ақ келіп түсу фактісін Сканер штрихкоды арқылы белгілеуді жүзеге асырады;
5) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап 20 минуттың ішінде оған куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын береді.
14. ХҚО-ға құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға ХҚО-да қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 20 минут.
15. ХҚО-да құжаттарды қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз операциялық залда жүзеге асырылады, электрондық кезекті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы броньдауға болады.
16. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді ХҚО қызметкері қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде өзі келіп қол қойған және жеке басын куәландыратын құжат пен сенімхатты (көрсетілетін қызметті алушының өкілі үшін) көрсеткен кезде «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырады.
«Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік
тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасының
мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың
телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымшасы
Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының блок-схемасы