• Мое избранное
«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік және куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 23.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 239 бұйрығына 7-қосымша

«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік және куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 23 қыркүйектен бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.05.2015 жылғы № 673 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік және куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет), «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17–бабы негізінде, сондай – ақ «Ішкі су мен теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көрсететін мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік және куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсететін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
1) өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлікті қағаз түрінде беру;
2) өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын қағаз түрінде беру болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкердің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметі үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және құжаттарын алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан (бұдан әрi – ХҚО) құжаттар келіп түскен сәттен бастап бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішін және құжаттарын кіріс хат-хабарларды тіркеу журналында тіркеуді жүргізеді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары үш сағат ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішті және құжаттарды қарап, қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің басшысына (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысына) береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің басшысы (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы) екі сағат ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішті және құжаттарды қарап, қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің маманына (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына) береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің маманы (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы) бес күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішті және құжаттарды қарап, өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігін немесе куәліктің телнұсқасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға жібереді;
бұрын берілген куәліктің қолдану мерзімі аяқталған жағдайда, өзі жүретін шағын кеме жүргізуге құқық беретін куәлікті алуға қызмет алушының өтініші келіп түскенде су көлігінде бақылау бөлімінің маманы (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы) қызмет беруші мемлекеттік қызметті көрсетуге қажет өтінішті және құжаттарды қызмет берушіге келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қарастырады, куәлікті дайындайды және қызмет берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары үш сағаттың ішінде өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігін немесе куәліктің телнұсқасына қол қояды да оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері төрт сағаттың ішінде куәлікті немесе куәліктің телқұжатын курьер арқылы ХҚО береді.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және құжаттарды қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына беру;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарының көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөліміне (теміржол және су көлігін бақылау бөліміне) қарау үшін берген бұрыштамасы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімі басшысының (теміржол және су көлігін бақылау бөлімі басшысының) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманына (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің маманына) берген қарау үшін бұрыштамасы;
4) өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігін немесе куәліктің телнұсқасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға беру;
5) қол қойылған қағаз түріндегі өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігін немесе куәліктің телнұсқасын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру;
6) қағаз түріндегі өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігін немесе куәліктің телнұсқасын курьер арқылы ХҚО-ға беру.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі өзара іс-қимылдар тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процессіне қатысатын қызметті берушінің (қызметкерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе орынбасары;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің басшысы (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің басшысы);
4) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманы (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің маманы).
8. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) дәйектілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері ХҚО-дан құжаттар келіп түскен сәттен бастап бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және құжаттарды қабылдау және кіріс хат-хабарлар журналында тіркеуді жүргізеді де, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары үш сағат ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішті және құжаттарды қарап, қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің басшысына (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысына) береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің басшысы (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы) екі сағат ішінде талап етілген ұсынысқа сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішті және құжаттарды қарап, қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің маманына (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына) береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің маманы (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы) бес күн ішінде талап етілген ұсынысқа сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішті және құжаттарды қарап, өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігін немесе куәліктің телнұсқасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға жібереді;
бұрын берілген куәліктің қолдану мерзімі аяқталған жағдайда, өзі жүретін шағын кеме жүргізуге құқық беретін куәлікті алуға қызмет алушының өтініші келіп түскенде қызмет беруші өтінішті келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қарастырады, куәлікті дайындайды және қызмет берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары үш сағаттың ішінде өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігін немесе куәліктің телнұсқасына қол қояды да оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері төрт сағаттың ішінде көрсетілген қызметтің қорытындысын курьер арқылы ХҚО береді.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы осы «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік және куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының блок-схемасында келтірілген.
4. ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін алушы ХҚО-ға мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті және құжаттарды ұсынады.
11. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігін алу үшін:
ХҚО-ға:
өтiнiш;
шағын көлемді кеме жүргізуші бойынша курстарын бітіргені туралы куәлік (анықтама);
№ 083/У нысандағы медициналық анықтама;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;
жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
«электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі - Порталға):
қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;
шағын көлемді кеме жүргізуші бойынша курстарын бітіргені туралы куәліктің (анықтаманың) электрондық көшірмесі;
№ 083/У нысандағы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет (көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерін берген кезде ХҚО-қа ұсынылады);
жеке куәліктің немесе паспорттың электрондық көшірмесі;
2) өздігімен жүретін шағын көлемдi кеменi басқару құқығына куәлігінің телнұсқасын алу үшін:
ХҚО-ға:
өтiнiш;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосурет;
жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
Порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосурет (көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерін берген кезде ХҚО-қа ұсынылады);
жеке куәліктің немесе паспорттың электрондық көшірмесі;
3) өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына бұрын берілген куәліктің пайдалану мерзiмiнің өтуі жағдайында жаңа куәлікті алу үшін:
ХҚО-ға:
өтiнiш;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік;
№ 083/У нысандағы медициналық анықтама;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;
жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
Порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік (мемлекеттік қызмет нәтижелерін берген кезде ХҚО-на ұсынылады);
№ 083/У нысандағы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет (көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерін берген кезде ХҚО-қа ұсынылады);
жеке куәліктің немесе паспорттың электрондық көшірмесі.
12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігін алу үшін қажетті өтінішті және құжаттарды тапсырып, ХҚО көрсетілетін қызметті алушыға қағаз түрінде, ал Порталға сұрау салынған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» емтихан өткізудің орны мен уақыты туралы хабарламаны береді.
13. ХҚО-ға құжаттарды тапсыру кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:
өтініштің нөмірін және қабылдау күнін;
сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;
қоса берілген құжаттардың санын және атауларын;
құжаттарды беру күнін (уақытын) және орнын;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ХҚО рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезеңділігі және ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін ХҚО немесе Порталға өтінішті және құжаттарды ұсынады;
2) ХҚО қызметкері 20 минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажет өтінішті және құжаттарды тіркейді, қажет болған жағдайда өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына кеме жүргізушілерін аттестаттау бойынша емтиханның уақытын белгілейді және көрсетілетін қызметті алушыға қағаз түрінде, ал Порталға сұрау салынған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» емтихан өткізудің орны мен уақыты туралы хабарламаны береді;
3) ХҚО өтініш түскеннен кейін бір сағат ішінде емтихан қабылданады немесе ХҚО-да арнайы жабдықталған классына компьютерлік тестілеу арқылы портал бойынша; 
4) емтихан тапсырып болған соң, ХҚО-ның қызметкері бір сағат ішінде қызмет алушыға көрсетілген қызметтің нәтижесін алатын күні туралы қағаз жүзінде хабарлама қағаз береді, сонымен қатар емтихан нәтижесі мен құжаттардың толық тізбесін (екі суреттен басқасын) қызмет берушіге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәланған ақпараттық жүйе арқылы құжаттар көшірмелерінің электронды нұсқасын жібереді;
5) суреттің ХҚО-нан қызмет берушіге жіберілгені туралы штрих-код сканерінің көмегімен, яғни мемлекеттік қызмет көрсету барысында құжаттардың қозғалысын бақылау арқылы жүзеге асырылады; 
6) ХҚО-ның жинақтаушы бөлімінің қызметкері бір сағат ішінде өлшемі 2,5х3,5 екі суретті курьер арқылы қызмет берушіге береді.
15. ХҚО арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды өзара әрекеттесу диаграммасы осы «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік және куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2 қосымшасында көрсетілген.
16. ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға ХҚО-да қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут.
17. ХҚО-да құжаттарды қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз операциялық залда жүзеге асырылады, электрондық кезекті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы броньдалуы мүмкін.
18. Қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру ХҚО қызметкері «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы қолхат негізінде, онда көрсетілген мерзімде жеке өзі келген кезде, қол қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты және сенімхатты (қызмет алушының өкілі үшін) ұсынуымен жүзеге асырылады.
19. Портал арқылы электронды сұрау салған кезінде қызмет алушының Порталдағы «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні жөнінде мәліметі бар қабылданған мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау туралы статусы көрсетіледі.
20. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде функционалды өзара әрекеттесу диаграммасы осы «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік және куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 3 қосымшасында келтірілген.
«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді
 жүргізу құқығына куәлік және куәліктің
 телнұсқасын беру» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет регламентіне
 1-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының блок-схемасы.
  
«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді
 жүргізу құқығына куәлік және куәліктің
 телнұсқасын беру» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет регламентіне
 2-қосымша
ХҚО арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды өзара әрекеттесу диаграммасы