• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 23.09.2015 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 239 бұйрығына 8-қосымша

«Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 23 қыркүйектен бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.05.2015 жылғы № 673 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден алып тастау және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет), «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 26–бабы негізінде, сондай – ақ «Ішкі су мен теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көрсететін мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсететін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
1) шағын көлемді кемені тіркеу (қайта тіркеу) кезінде қағаз түріндегі кеме билетін беру, немесе қағаз түріндегі не электронды құжат нысанындағы қызметті беруші уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат түрінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты беру;
2) қағаз түріндегі кеме билетінің телнұсқасын беру;
3) қағаз түріндегі «Жойылды» деген мөртаңба қойылған кеме билетін беру болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкердің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметі үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және құжаттарын алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан (бұдан әрi – ХҚО) құжаттар келіп түскен сәттен бастап бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішін және құжаттарын кіріс хат-хабарларды тіркеу журналында тіркеуді жүргізеді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары үш сағат ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішті және құжаттарды қарап, қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің басшысына (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысына) береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің басшысы (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы) екі сағат ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішті және құжаттарды қарап, қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің маманына (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына) береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің маманы (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы) бес күн ішінде талап етілген ұсынысқа сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішті және құжаттарды қарап, қағаз түріндегі кеме билеті немесе көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты, немесе қағаз түріндегі кеме билетінің телнұсқасын, немесе қағаз түріндегі «Жойылды» деген мөртаңба қойылған кеме билетін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары үш сағаттың ішінде кеме билетіне немесе көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелге, кеме билетінің телнұсқасына немесе қағаз түріндегі «Жойылды» деген мөртаңба қойылған кеме билетіне қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бір жұмыс күні ішінде куәлікті немесе куәліктің телқұжатын курьер арқылы ХҚО береді.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және басқа да құжаттарды қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына беру;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарының көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөліміне (теміржол және су көлігін бақылау бөліміне) қарау үшін берген бұрыштамасы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімі басшысының (теміржол және су көлігін бақылау бөлімі басшысының) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманына (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің маманына) берген қарау үшін бұрыштамасы;
4) қағаз түріндегі кеме билеті немесе көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты, немесе кеме билетінің телнұсқасын, немесе «Жойылды» деген мөртаңба қойылған кеме билетін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға беру;
5) қол қойылған қағаз түріндегі кеме билетін немесе көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты, немесе кеме билетінің телнұсқасын, немесе «Жойылды» деген мөртаңба қойылған кеме билетін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру;
6) қағаз түріндегі кеме билеті немесе көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты, немесе кеме билетінің телнұсқасын, немесе «Жойылды» деген мөртаңба қойылған кеме билетін курьер арқылы ХҚО-ға беру.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі өзара іс-қимылдар тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процессіне қатысатын қызметті берушінің (қызметкерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе орынбасары;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің басшысы (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің басшысы);
4) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігін бақылау бөлімінің маманы (теміржол және су көлігін бақылау бөлімінің маманы).
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігінің сипаттамасы мен ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері ХҚО-дан құжаттар келіп түскен сәттен бастап бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішті және құжаттарды қабылдау және кіріс хат-хабарлар журналында тіркеуді жүргізеді де, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары үш сағат ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішті және құжаттарды қарап, қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің басшысына (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысына) береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің басшысы (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы) екі сағат ішінде талап етілген ұсынысқа сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішті және құжаттарды қарап, қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің маманына (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына) береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің су көлігінде бақылау бөлімінің маманы (теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы) бес күн ішінде талап етілген ұсынысқа сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішті және құжаттарды қарап, қағаз түріндегі кеме билеті немесе көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты, немесе кеме билетінің телнұсқасын, немесе «Жойылды» деген мөртаңба қойылған кеме билетін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасары үш сағаттың ішінде қағаз түріндегі кеме билетіне немесе көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты, кеме билетінің телнұсқасына немесе «Жойылды» деген мөртаңба қойылған кеме билетіне қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;
6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері төрт сағаттың ішінде көрсетілген қызметтің қорытындысын курьер арқылы ХҚО береді.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің сипаттамасы осы «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден алып тастау және оларды мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының блок-схемасында келтірілген.
4. ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін алушы ХҚО-ға мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті және құжаттарды ұсынады.
11. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу кезінде кеме билетін алу үшін:
ХҚО-ға:
өтiнiш;
сататын ұйымның анықтама-есебі, сататын ұйымның тауар чегі; сатып алу-сату немесе сыйға тарту шарты, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, немесе Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі «Ішкі су көлігі туралы» Заңының 27 тармағына сәйкес өзге де құжаттар (бұдан әрі - кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін құжат);
бұрын мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген болса, кеменің есептен шығарылғаны туралы белгісі бар кеме билеті немесе басқа құжат;
егер кеме бұрын шет мемлекеттің кеме тізілімінде тіркелген жағдайда шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінен (кітаптарынан) шығарылған туралы куәландыратын құжат;
бюджетке шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының төленгенін растайтын құжат;
Порталға:
қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;
кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік қызмет нәтижелерін берген кезде ХҚО-ға түпнұсқасы ұсынылады);
бұрын мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген болса, кеменің есептен шығарылғаны туралы белгісі бар кеме билетінің немесе басқа құжаттың электрондық көшірмесі;
егер кеме бұрын шет мемлекеттің кеме тізілімінде тіркелген жағдайда шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінен (кітаптарынан) шығарылған туралы куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда бюджетке шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының төленгенін растайтын құжаты (мемлекеттік қызмет нәтижелерін берген кезде ХҚО-ға түпнұсқасы ұсынылады);
2) шағын көлемді кемені қайта тіркеу кезінде кеме билетін алу үшін:
ХҚО-ға:
өтiнiш;
кеме билетінің түпнұсқасы;
оқиға нәтижесінде немесе басқа себеппен шағын көлемді кеменің кеме кітабына бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін негізді растайтын құжаты;
бюджетке шағын көлемді кемені мемлекеттік қайта тіркеу үшін алым сомасының төленгенін растайтын құжаты;
Порталға:
қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;
кеме билетінің электрондық көшірмесі (мемлекеттік қызмет нәтижелерін берген кезде ХҚО-ға түпнұсқасы ұсынылады);
оқиға нәтижесінде немесе басқа себеппен шағын көлемді кеменің кеме кітабына бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін негізді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда бюджетке шағын көлемді кемені мемлекеттік қайта тіркеу үшін алым сомасының төленгенін растайтын құжаты (мемлекеттік қызмет нәтижелерін берген кезде ХҚО-на түпнұсқасы ұсынылады).
3) кеме билетінің телнұсқасын алу үшін: 
ХҚО-ға:
өтiнiш;
кеменің жүзуге жарамдылығын кезектен тыс техникалық куәландырудан өткенін растайтын құжаты;
бюджетке кеме билетінің телнұсқасын беру үшін алым сомасының төленгенін растайтын құжаты;
Порталға:
қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;
кеменің жүзуге жарамдылығына кезектен тыс техникалық куәландырудан өткенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда бюджетке кеме билетінің телнұсқасын беру үшін алым сомасының төленгенін растайтын құжаты (мемлекеттік қызмет нәтижелерін берген кезде ХҚО-на түпнұсқасы ұсынылады);
4) шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеуден алып тастау кезінде «Жойылды» деген мөртаңба қойылған кеме билетін алу үшін: 
ХҚО-ға:
өтiнiш;
кеме билетінің түпнұсқасы;
Порталға:
қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;
кеме билетінің түпнұсқасы (мемлекеттік қызмет нәтижелерін берген кезде ХҚО-ға түпнұсқасы ұсынылады).
12. ХҚО-ға құжаттарды тапсыру кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:
өтініштің нөмірін және қабылдау күнін;
сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;
қоса берілген құжаттардың санын және атауларын;
құжаттарды беру күнін (уақытын) және орнын;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің тегі, аты және әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ХҚО рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезеңділігі және ұзақтығы: 
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін ХҚО немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) өтінішті және құжаттарды ұсынады;
2) ХҚО қызметкері 20 минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажет өтініш пен құжаттарды тіркейді, сонымен қатар ХҚО қызметкерінің электронды цифрлы қолымен куәландырылған ақпараттық жүйе арқылы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде жіберіледі;
3) мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдау және келіп түскен құжаттарды тіркеу ХҚО Сканер штрих-код көмегімен жүзеге асырады;
4) ХҚО қызметкері көрсетілген қызмет аушының өтініші жүгінген уақыттан бастап 20 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін береді.
14. ХҚО арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды өзара әрекеттесу диаграммасы осы «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден алып тастау және оларды мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2 қосымшасында көрсетілген.
15. ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға ХҚО-да қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут.
16. ХҚО-да құжаттарды қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз операциялық залда жүзеге асырылады, электрондық кезекті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы броньдалуы мүмкін.
17. Қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру ХҚО қызметкері «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы қолхат негізінде, онда көрсетілген мерзімде жеке өзі келген кезде, қол қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты және сенімхатты (қызмет алушының өкілі үшін) ұсынуымен жүзеге асырылады.
18. Портал арқылы электронды сұрау салған кезінде қызмет алушының Порталдағы «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні жөнінде мәліметі бар қабылданған мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау туралы статусы көрсетіледі. 
19. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде функционалды өзара әрекеттесу диаграммасы осы «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден алып тастау және оларды мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 3 қосымшасында келтірілген.
«Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу,
 қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден алып
тастау және оларды мемлекеттік тіркелгенін растайтын
 құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет регламентіне
 1-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының блок-схемасы.
 
«Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу,
 қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден алып
тастау және оларды мемлекеттік тіркелгенін растайтын
 құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет регламентіне
 2-қосымша
ХҚО арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсетуде функционалды іс-қимылдардың диаграммасы
 
Шартты белгілер:    
 
«Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу,
 қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден алып
тастау және оларды мемлекеттік тіркелгенін растайтын
 құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет регламентіне
 3-қосымша
Портал арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсетуде функционалды іс-қимылдың диаграммасы