1. «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен алып тастау»
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 239 бұйрығына 12-қосымша
«Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен алып тастау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Қызмет стандарты күшін жойды 2015 жылғы 21 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.05.2015 жылғы № 669 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен алып тастау»
мемлекеттiк көрсетілетін қызметті (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі ішкі су және теміржол көлігі саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «12» наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен алып тастау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) орган) көрсетеді.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті (бұдан әрі-куәлік) беру және қағаз тасушыда немесе электрондық құжат нысанында жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен алып тастау болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімдерін (іс-қимылдарын) бастау үшін негіз қажетті көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен алып тастауға өтініштері мен өзге де құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процедурасының құрамына кіретін әр процедураның мазмұны (іс-әрекеті), оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің теміржол көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы екі сағат ішінде ақпараттық жүйе арқылы берілген көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын қарайды және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің теміржол көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына қарауды тапсырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің теміржол көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы ХҚО арқылы түскен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын екі жұмыс күні ішінде және портал арқылы түскендерін бір жұмыс күні ішінде қарайды;
көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын төрт сағат ішінде ақпараттық жүйеге электрондық куәлікті немесе көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған бас тарту туралы дәлелді жауапты ХКО-на немесе портал арқылы қағаз түрінде не электрондық құжат түрінде өтініш берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жібереді.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің теміржол көлігіндегі бақылау бөлімі басшысының қарары;
2) куәлікті ресімдеу;
3) куәлікті ақпараттық жүйеге беру рәсімдерін (іс-қимылдарын) бастау үшін негіз болады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлерінің) тартылған:
1) көрсетілетін қызметті берушінің теміржол көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің теміржол көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің теміржол көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы екі сағат ішінде ақпараттық жүйе арқылы берілген көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын қарайды және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің теміржол көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына қарауды тапсырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің теміржол көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы ХҚО арқылы түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын екі жұмыс күні ішінде және портал арқылы түскендерін бір жұмыс күні ішінде қарайды;
көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын төрт сағат ішінде ақпараттық жүйеге электрондық куәлікті немесе көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған бас тарту туралы дәлелді жауапты ХКО-на немесе портал арқылы қағаз түрінде не электрондық құжат түрінде өтініш берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жібереді.
9) рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттамасы осы «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен алып тастау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемада келтірілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО-мен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
10. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын ХКО-на және (немесе) порталға ұсынады.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
белгіленген үлгідегі өтініш;
көрсетілетін қызметті берушінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
белгіленген нысан бойынша жеке адамның қолымен расталған, тіркеуге не қайта тіркеуге жататын, соның ішінде сенімгерлік басқарудағы не мүліктік жалдағы, лизингтегі теміржол жылжымалы құрамының мүкәммал паркінің тізбесі;
меншік құқығын растайтын құжаттың не мүліктік жалға алу (жалдау) не мүлікті сенімгерлік басқару шартының көшірмелері;
теміржол жылжымалы құрамының әрбір бірлігіне жасаушы зауыттың техникалық паспортының (формулярының) көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының өкілінің өкілеттігін растайтын құжат.
Жылжымалы құрамды Мемлекеттік тізілімнен алып тастау үшін:
белгіленген үлгідегі өтініш;
Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына, сондай-ақ теміржол жылжымалы құрамының шетелдік адамына есептен шығару туралы акті не зақымдану, сату, иеліктен алу туралы құжат.
12. ХҚО-ға құжаттарды тапсырған кезде ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға:
өтініш нөмiрi және қабылдау күнi;
сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң түрi;
қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттар берiлген күні (уақыт) мен орны;
құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегi, аты, әкесiнiң атын көрсетумен, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
13. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі заңды тұлғаның жеке басын куәландыру құжаты туралы, мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі ақпараттық жүйелері арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ХҚО рәсімдерінің (іс-қимылдарының) дәйектілігі мен ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының өтініштері мен өзге де құжаттарын ХҚО-ға не ЕДБ арқылы береді;
2) ХҚО қызметкері 20 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының өтініштері мен өзге де құжаттарын тіркеуді жүргізеді және ХҚО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
3) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті беруші жүгінген сәттен бастап 20 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді.
15. Мемлекеттік қызметті көрсетуге жұмылдырылған, ХҚО арқылы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен алып тастау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.
16. ХҚО құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
17. ХКО-да құжаттарды қабылдау операциялық залда жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкін болады.
18. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының өтініштері мен өзге де құжаттарын берген кезде ЕДБ арқылы құжаттарды қабылдау мен электрондық өтінішті жіберуді ЕДБ қызметкері жүзеге асырады.
19. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.
20. Мемлекеттік қызметті көрсетуге жұмылдырылған, ЕДБ арқылы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен алып тастау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшада келтірілген.
«Жылжымалы составын мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) және жылжымалы составын Мемлекеттік тізілімнен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылдарының блок-схемасы
«Жылжымалы составын мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) және жылжымалы составын Мемлекеттік тізілімнен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 2-қосымша
ХҚО арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды өзара әрекеттесу диаграммасы
«Жылжымалы составын мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) және жылжымалы составын Мемлекеттік тізілімнен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 3-қосымша
Портал арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды өзара әрекеттесу диаграммасы