«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 шілдеде № 11729 тіркелді
Редакция 10.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Энергия аудитін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Е. Досаев 2015 жылғы 13 маусым
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығымен бекітілген
Энергия аудитін жүргізу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 жылғы № 1132 Бұйрығымен (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.07.2017 жылғы № 472 Бұйрығымен (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 жылғы № 718 Бұйрығына сәйкес (14.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Энергия аудитін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 6-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия аудитін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аспаптық тексеру – стационарлық және портативті аспаптардың көмегімен энергия тұтыну сипаттамаларын өлшеу және тіркеу;
2) нысаналы энергия аудиті – ерікті негізде жүргізілетін, нысаналы сипаты және жүргізу көлемі бойынша шектеуі бар энергия аудиті;
3) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы – үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тұтыну үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі;
4) экспресс-энергия аудиті – қысқартылған бағдарлама бойынша және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент жүйесі шеңберінде жүзеге асырылатын энергетикалық талдаудың және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі алдыңғы қорытындының нәтижелерін растау мақсатында жүргізілетін энергия аудиті;
5) энергетикалық аудит (бұдан әрі – энергия аудиті) энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
5-1) энергетикалық аудитор (бұдан әрі – энергия аудиторы) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сәйкестік сертификаты бар жеке тұлға;
2-тармақ 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 29.11.2023 жылғы № 94 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 10.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) энергия-аудиторлық ұйым – энергия аудитін жүзеге асыратын заңды тұлға;
7) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;
8) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі – энергия тиімділігі) – ұсынылған көрсетілетін қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнімдер (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы;
9) энергетикалық ресурстар – запастағы энергиясы қазіргі уақытта шаруашылық және өзге де қызмет түрлеріне пайдаланылатын немесе перспективада пайдаланылуы мүмкін табиғи және өндірілген энергия көздерінің жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлері (атом, электр, химия, электрлі-магнитті, жылу және энергияның басқа түрлері);
10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент (бұдан әрі – энергия менеджменті) – объектінің энергетикалық ресурстарын ұтымды тұтынуды қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік іс-қимылдар кешені.
11) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сәйкестік сертификаты – сәйкестікті растау жөніндегі орган беретін, энергия аудиторының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін куәландыратын құжат.
2-тармақ 11-тармақшамен толықтырылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 29.11.2023 жылғы № 94 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 10.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Энергия аудиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде, өтініш білдірген тұлғаның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Энергия аудиті энергия үнемдеу мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау, энергия тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін айқындау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға арналған шығындарды бағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны немесе энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі техникалық есепті дайындау мақсатында жүргізіледі.
Энергия аудиті келесі түрлерге бөлінеді: міндетті энергия аудиті, жедел энергия аудиті және мақсатты энергия аудиті.
5. Міндетті энергия аудитін жүргізудің жалпы мерзімі кемінде екі айды құрайды, бірақ шарт жасалған күннен бастап он екі айдан көп емес, экспресс-энергия аудитін жүргізу мерзімі кемінде екі айды құрайды, бірақ шарт жасалған күннен бастап алты айдан көп емес, нысаналы энергия аудитін жүргізу мерзімін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес жасалған шарт негізінде энергия аудиторлық ұйым және өтініш білдірген тұлға айқындайды.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 29.11.2023 жылғы № 94 Бұйрығына сәйкес (15.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Энергия аудиті тексерілетін объектінің (объектілердің) маусымдық сипаттамалары ескеріліп жүргізіледі. Бұл ретте осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген өлшеу (сынау) кезеңі үйлер, құрылыстар және ғимараттары бар өнеркәсіптік кәсіпорындарға қатысты қыс және жаз кезеңдерінде жүргізіледі.
2-тарау. Энергия аудиттерін жүргізу тәртібі
1-параграф. Энергия аудиті
7. Энергия аудиті мынадай кезеңдер бойынша жүргізіледі:
1) дайындық;
2) өлшеу (сынау);
3) талдамалық;
4) қорытынды.
8. Дайындық кезеңінде энергия-аудиторлық ұйым энергия аудитін өткізу бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) жұмысты орындау мерзімдері мен жауапты тұлғаларды көрсете отырып жасайды. Бағдарламаға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 455 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13902 болып тіркелген) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тиісті аспаптық өлшеулердің регламенті, ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың тізбесі, олардың тексерілуін растайтын құжаттар қоса беріледі. Энергия-аудиторлық ұйым осы кезеңді орындау шеңберінде жүгінген тұлға ұсынатын, қажетті мәліметтер мен құжаттардың (бастапқы деректердің) (олар бар болған жағдайда) тізбесін, оның ішінде:
1) бұрынғы энергия аудитінің қорытындысы бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын және оның орындалу нәтижелерін (энергия аудитін қайта өткізген жағдайда);
2) энергия аудитінің алдындағы кезекті бес жыл ішінде энергетикалық ресурстарды және суды өндіру, шығару, тұтыну, беру көлемдерін;
3) негізгі үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың құрамы және олардың сипаттамаларын (объектінің мақсаты және оның құрамдас бөлігі (қосымша құрылыс), инженерлік жүйелер, энергия тиімділігі сыныбы, салыну күні, үйдің қабаттылығы, қабырғалар және шатырлар материалы, әйнектеу ауданы және әйнектеу түрі, текше метрлігі, жалпы аумағы);
4) энергиямен жабдықтау көздері және энергия тасығыштардың параметрлері туралы мәліметтерді;
5) өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтыну және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар ауданының бірлігіне немесе жылынатын көлеміне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық ресурстар шығысын;
6) энергетикалық және технологиялық жабдықтар туралы мәліметтерді;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |