Bestprofi Logo

Стандарт № 146 от 2015-04-22г./Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

Фильмге прокаттау куәлiгiн беру

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2020 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 cәуірдегі № 146 бұйрығына 1-қосымша

Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.06.2020 жылғы № 188 Бұйрығына сәйкес 1-қосымша өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 жылғы № 53 Бұйрығымен (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес (02.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

«Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Министрлiкпен (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталдары (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi порталға жүгінген сәттен бастап – 7 (жетi) жұмыс күнi.

Көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) порталға жүгінген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 82 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18473 болып тіркелген) нысан бойынша фильмге прокаттау куәлігі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру нысаны: электрондық нысан.

Порталда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық (бұдан әрi - ЭЦҚ) қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында, қызмет алушының «жеке кабинетiне» жолданып, сақталады.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тегiн көрсетiледi.

8. Порталдың жұмыс кестесi - тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда.

Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не уәкілетті өкіл) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі);

3) жас санатын анықтау үшін бар барлық көріністерді сипаттай отырып, фильмнің мазмұны туралы ақпаратты қамтитын фильмнің аннотациясы;

4) Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдерде пайдаланылатын туындылар туралы мәліметтер.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден – «электрондық үкiмет» шлюзы арқылы алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде – көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетiледi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының анық емес (және) немесе бұрмаланған ақпарат беруі;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдарды ұсынбауы;

3) фильмнің мазмұны Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды, сондай-ақ порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталуы;

4) прокатталуы шектеулі фильмдерді қоспағанда, қазақ тілінде жасалмаған фильмге дубляж жасалмаған не субтитрленбеген не қазақ тіліне кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілмеуі;

5) прокатталуы шектеулі фильмдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында шығарылған фильмде қазақ тілімен қатар басқа да тілдер қолданылған жағдайда, оны прокаттауды және көрсетуді жүзеге асыру кезінде басқа тілдердегі мәтін қазақ тілінде субтитрмен не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілмеуі негiз болып табылады.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметті көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.mks.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, № 15 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.

Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған шағымда:

1) жеке тұлға үшін - тегі, аты, жөні (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы;

2) заңды тұлға үшін – атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс номері және мерзімі көрсетіледі.

Шағымның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Сондай-ақ, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777 немесе портал арқылы алуға болады.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен шағым тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң ерекшелiктерiн ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

13. Мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: порталда нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi жөнiндегi ақпаратты порталдың «жеке кабинетi» арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген.Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

«Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартына қосымша

заңды тұлға басшысының тегі, аты, жөні

Сізден ____________________ фильміне прокаттау куәлігін беруді сұраймын. (фильмнің атауы)

БСН/ЖСН: (автоматты түрде) ________________________________________

Пошталық индексі: ________________________________________________

Ел/облыс/аудан/елді мекен: ________________________________________

Көше атауы: ______________________________________________________

Үй/ғимарат нөмірі: ________________________________________________

Үй индексі: _______________________________________________________

Пәтердің/кеңсенің нөмірі: __________________________________________

Телефон нөмірлері: ________________________________________________

Электрондық мекен-жайы (e-mail): ___________________________________

Фильмнің атауы: ___________________________________________________

Өндіруші ел: _______________________________________________________

Өндіруші студия: ___________________________________________________

Шығарылған жылы: ________________________________________________

Фильм пішімі: _____________________________________________________

Фильмнің хронометражы: ___________________________________________

Сценарий авторы (лар): _____________________________________________

Қоюшы режиссер (лар): _____________________________________________

Қоюшы оператор(лар): ______________________________________________

Қоюшы суретші (лар): _______________________________________________

Музыкалық шығарманың авторы: _____________________________________

Продюсер(лар): ____________________________________________________

Фильм серияларының саны: _________________________________________

Фильмнің жанры: __________________________________________________

Фильм тілі: ________________________________________________________

Дубляж немесе субтитр, не кадр сыртындағы аударманың болуы (прокатталуы шектеулі фильмдерді, прокатталуы және көрсетілуі телеарналарда жүзеге асырылатын фильмдерді қоспағанда): ___________

Фильмнің түрі: _____________________________________________________

Фильмді пайдалану құқығы _____________ аумағында ______________ тиесілі

Фильмді пайдалану құқығының санаты: _______________________________

Фильмді пайдалану құқықтарының қолданылу мерзімі: __________ дейін: ________

Жас санаты белгісі: _________________________________________________

(заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; жеке тұлға үшін-жеке сәйкестендіру нөмірі)

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание