Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 22 сәуірдегі
№ 146 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
1
«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 20.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Министрлiкпен (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталдары (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) порталға жүгiнген сәттен бастап:
Toggle Dropdown
тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру (бұдан әрi – лицензия) – 11 (он бір) жұмыс күнi;
Toggle Dropdown
қайта ресiмделген лицензияны беру – 3 (үш) жұмыс күнi.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Toggle Dropdown
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi – лицензия, (лицензияны қайта рәсiмдеу) не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық нысан.
Toggle Dropdown
Порталда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi уәкілетті органның мемлекеттік қызмет берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетiне» жолданып, сақталады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет ақылы негізде көрсетiледi.
Toggle Dropdown
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн лицензиялық алым мөлшерлемелері:
Toggle Dropdown
1) тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызмет түрiмен айналысу құқығы үшiн – 10 (он) айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi – АЕК);
Toggle Dropdown
2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн – лицензия беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10%-ын құрайды.
Toggle Dropdown
Лицензиялық алымды төлеу екiншi деңгейдегi банктер немесе ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысу түрінде банктік жүйелердің жекеленген түрлері арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
8. Порталдың жұмыс кестесі – тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда.
Toggle Dropdown
Қызмет көрсетуді алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген жағдайда, өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерi келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) порталға жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшін қажеттi құжаттар тiзбесi:
Toggle Dropdown
1) лицензияны алу үшін:
Toggle Dropdown
көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш беру;
Toggle Dropdown
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке лицензияны алу үшiн лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2, 3-қосымшаларына сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4, 5-қосымшаларына сәйкес мамандандырылған жабдық туралы мәліметтер нысаны;
Toggle Dropdown
Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны алуға көрсетiлетiн қызметті алушылар үшін қосымша көрсетiлетiн қызметті алушының тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығы, археология саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациясы бар ғылыми ұйымның ұсыным хаттың электрондық көшірмесі.
Toggle Dropdown
2) лицензияны қайта рәсімдеу үшін:
Toggle Dropdown
көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш беру;
Toggle Dropdown
«электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке лицензияны алу үшiн лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
Toggle Dropdown
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттың электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны қайта рәсімдеуге көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн қосымша көрсетiлетiн қызметтi алушының тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығы, археология саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациясы бар ғылыми ұйымның ұсынымхаттың электрондық көшірмесі.
Toggle Dropdown
Көрсетiлетiн қызметті беруші жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Toggle Dropdown
Қызмет алушының «жеке кабинетіне» өтініш қабылдау туралы мәлімет хабарлама жіберіледі.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін:
Toggle Dropdown
1) осы субъектiлердiң санаттары үшiн қызмет түрiмен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынуы;
Toggle Dropdown
2) тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі;
Toggle Dropdown
3) көрсетiлетiн қызметтi алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;
Toggle Dropdown
4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты оған тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметпен айналысуға тыйым салатын соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң болуы;
Toggle Dropdown
5) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 40-бабына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушыға лицензия беру облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органмен келiсiлмеуi;
Toggle Dropdown
6) сот орындаушысының ұсынуы негiзiнде соттың көрсетiлетiн қызметтi алушыға лицензия алуға тыйым салуы негiз болып табылады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.mks.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, № 15 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.
Toggle Dropdown
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған шағымда:
Toggle Dropdown
1) жеке тұлға үшін - тегі, аты, жөні (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы;
Toggle Dropdown
2) заңды тұлға үшін – атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс номері және мерзімі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Шағымның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде құжаттың тіркелуі (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi), шағымды қабылдаған қызметкердің аты, жөнi мен тегi (бар болған жағдайда), берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiлуі оның қабылдағанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің шағымы оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Toggle Dropdown
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауабы көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы, немесе порталда алуға болады.
Toggle Dropdown
Шағым портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудiң, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшелiктерiн ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
Toggle Dropdown
13. Мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: порталда нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.
Toggle Dropdown
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
Toggle Dropdown
1) Министрліктің – www.mks.gov.kz интернет-ресурсында;
Toggle Dropdown
2) порталда.
Toggle Dropdown
15. Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Toggle Dropdown
«Тарих және мәдениет
ескерткiштерiндегі археологиялық
және (немесе) ғылыми-реставрациялық
жұмыстарды жүзеге асыру
жөнiндегi қызметке лицензия беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
стандартына
1-қосымша
Toggle Dropdown
________________________
Toggle Dropdown
(қызмет берушідің толық атауы)
Toggle Dropdown
кiмнен ___________________
Toggle Dropdown
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендiру нөмiрi/жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрi)
Toggle Dropdown
жүзеге асыруға лицензияны берудi сұраймын _______________________ ___________________________________________________________________ (қызметтiң түрiн көрсету) Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________ (пошталық индекс, облыс, қала, аудан, ___________________________________________________________________ елдi мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмiрi)
Toggle Dropdown
Электрондық поштасы ___________________________________________ Телефондары/Факс ______________________________________________ Банктiң есеп-шоты ______________________________________________ (шот нөмiрi, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметтi жүзеге асыру мекенжайы(лары) ___________________________ (пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елдi мекен, ____________________________________________________________________ көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмiрi)
Toggle Dropdown
Қосымша__________парақта
Toggle Dropdown
Мыналары:
Toggle Dropdown
көрсетiлген барлық деректердiң ресми деректер болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелерi бойынша кез келген ақпаратты жiберуге болатыны;
Toggle Dropdown
көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызметтiң лицензияланатын түрiмен және (немесе) кiшi түрiмен айналысуға сот тыйым салмағаны;
Toggle Dropdown
қоса берiлiп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетiнi және жарамды болып табылатындығы расталады.
Toggle Dropdown
Заңды тұлға басшысы/ жеке тұлға ______________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Toggle Dropdown
«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандартында көзделген, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Toggle Dropdown
Толтыру күні:
Toggle Dropdown
20 __ жылғы «__» __________ ______________
Toggle Dropdown
«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі
археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық
жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi
қызметке лицензия беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандартына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер
Toggle Dropdown
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі жұмыстарын жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестікті растайтын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер __________________________________________________________________ (археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау)
Toggle Dropdown
Ғылыми жетекшілер туралы деректер: 1) ___________________________________________________________; (тегі, аты, әкесінің аты) _____________________________________________________________; (ғылыми дәрежесі, мамандығы және біліктілігі) _____________________________________________________________; (жоғарғы білімі туралы дипломының нөмірі, берілген уақыты, мамандығының және біліктілігінің атауы, дипломды берген оқу орнының атауы) 2) тарих және мәдениет ескерткіштерін ____________________________ (археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау) саласындағы еңбек өтілі: ______________________________________________________________; (жұмыс орны, атқаратын лауазымы, жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың немесе жеке еңбек шартының нөмiрi және күнi, жұмыстан босату туралы бұйрықтың немесе бұзу туралы шарттың нөмірі және күні) 3) __________________________ саласындағы жобалар туралы ақпарат: (археологиялық және (немесе) ғылыми-реставарациялау жұмыстары) ______________________________________________________________ (жобаның атауы, жылы, объектінің аты және орналасқан жері, орындалған жұмыс туралы қысқаша ақпарат)
Toggle Dropdown
Жетекші _____________________________ (қолы) (заңды тұлғаның атауы, тегі, атауы, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Toggle Dropdown
Толтырылған күні: « » __________ 20 __ жыл
Toggle Dropdown
«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі
археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық
жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi
қызметке лицензия беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандартына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер
Toggle Dropdown
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі жұмыстарын жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде жеке тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестікті растайтын мәліметтер ________________________ ________________________________________________________________ (археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау)
Toggle Dropdown
Жеке тұлғаның жеке деректері: 1) __________________________________________________________; (тегі, аты, әкесінің аты) ____________________________________________________________; (ғылыми дәрежесі, мамандығы және біліктілігі) ____________________________________________________________; (жоғарғы білімі туралы дипломының нөмірі, берілген уақыты, мамандығының және біліктілігінің атауы, дипломды берген оқу орнының атауы) 2) тарих және мәдениет ескерткіштерін ___________________________ (археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау) саласындағы еңбек өтілі: _____________________________________________________________; (жұмыс орны, атқаратын лауазымы, жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың немесе жеке еңбек шартының нөмiрi және күнi, жұмыстан босату туралы бұйрықтың немесе бұзу туралы шарттың нөмірі және күні) 3) __________________________ саласындағы жобалар туралы ақпарат: (археологиялық және (немесе) ғылыми-реставарациялау жұмыстары) _____________________________________________________________ (жобаның атауы, жылы, объектінің аты және орналасқан жері, орындалған жұмыс туралы қысқаша ақпарат)
Toggle Dropdown
Жеке тұлға тегі, атауы, әкесінің аты (бар болған жағдайда) __________________________ (жеке тұлғаның атауы, (бар болған жағдайда) (қолы)
Toggle Dropdown
Толтырылған күні: « » __________ 20 __ жыл
Toggle Dropdown
«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі
археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық
жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке
лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
4-қосымша
Toggle Dropdown
Мамандандырылған жабдықтар бойынша мәліметтер
Toggle Dropdown
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі жұмыстарын жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестікті растайтын мамандандырылған жабдықтар туралы мәліметтер: ________________________________________________________________ (археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау) 1) _____________________________________________________________; (мамандандырылған жабдықтардың атауы және моделі, мамандандырылған жабдықтарды сатып алу/сату/жалдау шартының нөмірі және жасалған күні, шарт жасалған заңды және (немесе) жеке тұлғаның атауы) 2) ______________________________________________________________
Toggle Dropdown
Жетекші _______________________________________________ (қолы) (жеке тұлғаның атауы, (бар болған жағдайда) тегі, атауы, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Toggle Dropdown
Толтырылған күні: « » __________ 20 __ жыл
Toggle Dropdown
«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі
археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық
жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi
қызметке лицензия беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандартына
5-қосымша
Toggle Dropdown
Мамандандырылған жабдықтар бойынша мәліметтер
Toggle Dropdown
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі жұмыстарын жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестікті растайтын мамандандырылған жабдықтар туралы мәліметтер: _______________________________________________________________ (археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау) 1) _____________________________________________________________; (мамандандырылған жабдықтардың атауы және моделі, мамандандырылған жабдықтарды сатып алу/сату/жалдау шартының нөмірі және жасалған күні, шарт жасалған заңды және (немесе) жеке тұлғаның атауы) 2) _____________________________________________________________
Toggle Dropdown
Жеке тұлға _______________________________________________ (қолы) (жеке тұлғаның атауы, (бар болған жағдайда) тегі, атауы, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Toggle Dropdown
Толтырылған күні: « » __________ 20 __ жыл