1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығына 3-қосымша
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.06.2020 жылғы № 188 Бұйрығына сәйкес 4-қосымша өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 жылғы № 53 Бұйрығымен (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес (02.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк қызмет облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарынымен (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижеcін беру www.elicense.kz, www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталдары (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) порталға жүгiнген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күнi.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап бір жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 24 ақпандағы № 10320 болып тіркелген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген нысан бойынша 2 қосымшасына сәйкес мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк, не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi уәкілетті органның мемлекеттік қызмет берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетiне» жолданып, сақталады.
7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тегiн көрсетiледi.
8. Порталдың жұмыс кестесi – тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкiлi) порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы мемлекеттік қызмет стандартының қосымшасына сәйкес қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттың немесе мәдени құндылықтың (бұдан әрі - зат) меншiк құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшiрмесi;
заттардың орналасу мақсаты мен шарттары туралы келісімшарттың электрондық көшірмесі (шет тіліндегі келісімшартқа қазақ және (немесе) орыс тіліндегі аудармалары қоса беріледі);
сараптамаға жататын заттың беттiк және сыртқы жақтары көрсетілген электрондық түрлі-түсті фотосуреттері (2 дана);
заңды тұлғалар үшiн – сұрау салуға қоса тiркелетiн, уақытша әкету кезеңiне мәдени құндылықтардың сақталуы үшiн белгiлi бiр адамға жауапкершiлiк жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығының электрондық көшiрмесiн ұсынады.
Арыз иесі өтінішінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одақ кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі №54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиясының бірыңғай кедендік тарифі 21 бөлімінің 97 тобына сәйкес сыртқа шығарылатын тауар туралы ақпаратты көрсетеді.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкiмет» шлюзі арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Қызмет алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда – «жеке кабинетінде» қызмет алушының өтініштері тарихында мемлекеттiк қызметтi көрсетуге өтініш қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші толық екендігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» затты «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6-тармағына сәйкес құралған сараптама комиссиясына ұсынуы туралы тиісті хабарламаны жолдайды (бұдан әрі - комиссия).
Ереженің 7 және 8 тармақтарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы тиісті хабарламадан соң бір жұмыс күн ішінде көрсетiлетiн қызметтi берушiге затты ұсынады.
10. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін:
1) куәлік алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) комиссияның теріс сараптама қорытындысы;
3) әкетілетін мәдени құндылықтардың, оларды қалпына келтіру мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, қанағаттанарлықсыз физикалық жай-күйі;
4) мәдени құндылықтардың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы;
5) Заңның 35-бабының 1-тармағында көрсетілген мәдени құндылықтарды уақытша әкету мақсаттарына сәйкес келмеуі негіз бола алады.
3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.mks.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, № 15 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол тапсырылады.
Көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), почталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) немесе тиісті жергілікті атқарушы органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап (5) бес жұмыс күн iшiнде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауабы көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы, немесе порталда алуға болады.
Шағым портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен шағым тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.
12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар
13. Мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: порталда нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.
14. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн орындардың мекенжайлары:
1) Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында;
2) порталда.
15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi ЭЦҚ болған жағдайда, электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкiндiгi бар.
16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi жөнiндегi ақпаратты порталдың «жеке кабинетi» арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлген қызмет стандартына қосымша
Нысан
________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы)
_________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)
Өтініш
Келесі мәдени құндылықтарды 1) _____________________________________________________________ 2) _____________________________________________________________ (атауы, сипаттама, саны) уақытша әкету құқығына куәлік беруді сұраймыз.
Әкету мақсаты: __________________________________________________ (орналасқан жері және елдің атауы) 3) ______________________________________________________________ (сипаты, тауар коды ЕАЭС СЭҚ ТН *21 бөлімінің 97 тобы) 4) ______________________________________________________________ (ЕАЭС СЭҚ ТН *қолданылатын өлшем бірліктері) 5) ______________________________________________________________ (саны) Өтініш берушінің деректері: ________________________________________ (туылған күні, азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №, ________________________________________________________________ берілген күні, тұратын жері, байланыс телефондары, жеке немесе заңды тұлға туралы деректемелер) _______________________________________
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартымен көзделген ақпараттық жүйелердегi мемлекет қорғайтын құпия болып табылатын ақпараттарды пайдалануға келiсiм беремiн.
Өтініш берушінің қолы _________ Күні ___________
* Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |