Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі м.а.
2015 жылғы 23 мамырдағы
№ 475 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
Редакция 05.02.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) 010000, Астана қаласы Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 2-кіреберіс мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 болып тіркелген) бекітілген «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) негізінде көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – электронды (толық автоматтандырылған).
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі – аттестат) немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттардың тізбесі қоса бере отырып мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға электронды сұрау салуы негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
Toggle Dropdown
1) кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды порталда тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (хабарлама) алады – орындау уақыты 30 минут;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтініштің орындаушысын анықтайды – орындау уақыты 30 минут;
Toggle Dropdown
3) жауапты қызметкер ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жіберіледі – орындау мерзімі екі жұмыс күні;
Toggle Dropdown
4) құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде орындаушы ұсынылған құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексереді – орындау мерзімі төрт жұмыс күні;
Toggle Dropdown
5) орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті тексеру жүргізгеннен кейін қағаз форматта көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына аттестат беру құқығына арналған құжаттарды не аттестат беруден дәлелді бас тартуды қоса бере отырып баянат (анықтама) жасайды және «Е-лицензиялау «Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау «МДБ АЖ») мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық нәтижеге қол қояды және оны портал арқылы беруді жүзеге асырады – орындау мерзімі бір жұмыс күні.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
Toggle Dropdown
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
Toggle Dropdown
1-іс-қимыл – порталда тіркеу және кіріс нөмірін беру;
Toggle Dropdown
2-іс-қимыл – орындаушыны анықтау;
Toggle Dropdown
3-іс-қимыл – ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру;
Toggle Dropdown
4-іс-қимыл – толық емес топтама және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауап;
Toggle Dropdown
5-іс-қимыл – құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
Toggle Dropdown
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
Toggle Dropdown
3) жауапты қызметкер (орындаушы).
Toggle Dropdown
8. Әр іс-қимылды (рәсімді) өтудің блок-схемасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сипаттама осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының және Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталда және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпарат пен консультацияны көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 60-21-33, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда,
елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру,
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын
жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
Әрбір іс-қимылды (рәсімді) өтудің блок-схемасы
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда,
елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру,
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын
жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сипаттама порталы арқылы
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда,
елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру,
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын
жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау (мемлекеттік қызметтің атауы)
Toggle Dropdown