• Мое избранное
«Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі м. а. 2015 жылғы 23 мамырдағы № 475 бұйрығына 2-қосымша

2-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 31 наурыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес   
«Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 04.07.2017 жылғы № 472 Бұйрығына сәйкес (23.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Регламент күшін жойды 2019 жылғы 5 ақпаннан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2019 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.07.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. «Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілген «Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стардартының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 болып тіркелген) негізінде көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша өтініштерді қабылдау және нәтижелерін ұсыну «Азаматтар үшін Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілеті қызмет регламентіне №1-қосымшада келтірілген нысан бойынша авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына берілетін куәлік.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілген қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін мемлекеттік қөрсетілетін қызмет нәтижесін алуға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
1) Мемлекеттік корпорация қызметкері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген қызмет алушы тапсырған құжаттар топтамасын қабылдап, дұрыстығын тексереді және өтінішті тіркейді – 20 (жиырма) минут;
құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді –15 (он бес) минут;
2) құжаттарды топтастырады және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды –1 (бір) күн;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті Бірыңғай электронды құжатайналым жүйесіне тіркеп, Стандарттың 4-тармағында бекітілген мерзімге сәйкес бақылауға қойып, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды, орындау ұзақтығы – келіп түскеннен кейін 15 (он бес) минут;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды, жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) белгілейді және құжаттарды орындаушыға жолдайды, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
5) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу құқығына өтініш пен құжаттар топтамасын қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі комиссия) отырысының күнін белгілейді және комиссия мүшелеріне комиссия отырысының күні туралы хабарлайды, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
6) комиссия мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу құқығына өтінішті және құжаттар топтамасын қарайды, олардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10261 болып тіркелген), авариялық – құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындайды, қарау нәтижесі комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді, орындау ұзақтығы - күнтізбелік – 13 (он үш) күн.
7) орындаушы комиссия шешімін және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді, орындау уақыты – 2 (екі ) сағат;
8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
9) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне береді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
10) кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
11) мемлекеттік корпорация қызметкерлері көрсетілетін қызмет алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді.
Алғашқы аттестаттаудан өткен азаматтарға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14749 болып тіркелген) 4, 5 және 6 - нысандар бойынша құтқарушы куәлігі, құтқарушы кітапшасы, құтқарушы жетоны беріледі.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1 - іс-қимыл - мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттарды қабылдау және тексеру;
2 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды жолдау;
3 - іс-қимыл - Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесіне тіркеу және кіріс нөмірін беру;
4 - іс-қимыл - жауапты орындаушыны белгілеу;
5 - іс-қимыл - комиссия отырысының күнін белгілеу және комиссия мүшелеріне комиссия отырысының күні туралы хабарлау;
6 - іс-қимыл - аттестаттау туралы шешім;
7 - іс-қимыл - комиссия шешімін ресімдеу;
8 - іс-қимыл - қол қойылған мемлекетік қызмет көрсету нәтижесі;
9 - іс-қимыл - кеңсе қызметкеріне мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру;
10 - іс-қимыл - мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдау;
11 - іс-қимыл - мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлер) жұмылдырылады:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) жауапты қызметкер (орындаушы);
4) мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты мемлекеттік органның бұйрығымен тағайындалған комиссия мүшелері.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) тәртібінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысына қарауға жібереді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және құжаттарды жауапты орындаушыға қарауға береді;
3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжатын тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді;
4) құжаттар толық болмаған жағдайда жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге құжаттарды одан әрі қарауда дәлелді бас тарту дайындайды, оның ішінде:
жауапты орындаушы көрсетілетін мемлекеттік қызметті 10 (он) минут ішінде ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
жауапты орындаушы дәлелді бас тартуды 10 (он) минут ішінде жауапты құрылымдық бөлімше басшысымен келіседі;
жауапты құрылымдық бөлімше басшысы 10 (он) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен дәлелді бас тартуды келіседі;
дәлелді бас тарту кеңсе маманы беріледі және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 10 (он) минуттан кешіктірмей көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
5) құжаттар толық болған жағдайда жауапты орындаушы құжаттарды мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кіретін 13 (он үш) жұмыс күні ішінде қарайды;
6) жауапты орындаушы мемлекеттік қызмет көрсетудің оң немесе теріс нәтижесін 10 (он) минут ішінде жауапты құрылымдық бөлімше басшысымен келіседі;
7) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу құқығына өтініші мен құжаттар топтамасын қарау бойынша комиссия отырысының (бұдан әрі – комиссия) күнін белгілейді және комиссия мүшелерін комиссия отырысының күні, орындау ұзақтығы -2 (екі) сағат туралы құлақтандырады;
8) комиссия мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу құқығына өтініші мен құжаттар топтамасын қарайды, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындайды (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10261 болып тіркелген), қарау нәтижесі комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді, орындау ұзақтығы - 13 (он үш) күнтізбелік күн;
9) орындаушы комиссия шешімін, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді. Көрестілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;
10) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды, орындау ұзақтығы – 2(екі) сағат;
11) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне береді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;
12) кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай–ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады.
1) Мемлекеттік корпорация жұмысшысының өтініштегі мәліметтердің дұрыстығын, сондай-ақ құжаттардың Стандарттың 9 - тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестілігін тексеру – 15 (он бес) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыны тапсырылған жеке басын куәландыратын құжат бойынша сәйкестендіру - 5 (бес) минут ішінде;
3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
4) қабылданған құжаттар 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметті берушіге қарау үшін жолданады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсету Стандартында көзделген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталуынан бір күн бұрын көрсетілген қызметті берушінің қызметкері Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
11. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді Мемлекеттік корпорация қызметкері «терезе» арқылы күн сайын түрде қолхатта көрсетілген мерзімде беріледі.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімдерінің (іс-қимылдарының), көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимылдарының, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимылының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес–процестері анықтамасында көрсетіледі.
  • 1
«Төтенше жағдайларды жою
кезіндегі құтқару жұмыстарын
жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын субъектілерді аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Нысан
Бақылау талоны
 Авариялық-құтқару қызметінің (құралымының) куәлігі № _________
 ______________________________________________________ берілді (заңды тұлғаның, өкілдіктің толық атауы, жеке тұлғалар үшін – аты-жөні толық)
 куәлікті берген орган _______________________________________ (куәлікті берген органның толық атауы)
 Куәлік берілген күн _________________________________________
 Басшы (уәкілетті тұлға) ______________________ ____________ (аты-жөні) (қолы)
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
 
Авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәлік
 _________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның, өкілдіктің толық атауы)
 _________________________________________________________________ берілді.
 _______________________________________________________________ жүргізуге (авариялық-құтқару жұмыстарының түрлері, объект атауы)
 _________________________________________________________________________
 Куәлік берген орган _____________________________________________________ (куәлік берген органның толық атауы)
 ________________________________________________________________________
 Басшы (уәкілетті тұлға) _________________________________________________ (куәлік берген орган басшысының (уәкілетті тұлғаның) тегі және аты-жөні)
 _________________________________________________________________________
 Куәлік берілген күн «____» ____________ 20___ жыл Мөр орны № __________ Авариялық-құтқару қызметінің (құралымының) куәлігі _______________________ қаласы
  • 1
«Төтенше жағдайларды жою кезіндегі
құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын субъектілерді
аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
 «Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау»
 (мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы)
 
 
*ҚФБ - құрылымдық – функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасауы;