Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 4 мамырдағы
№ 374 бұйрығына
1-қосымша
«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 24.08.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11040 болып тіркелген) бекітілген "Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
Тіркеу үшін құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы, қайта тіркеу үшін – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: қатаң есептілік бланкісі болып табылатын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, тіркеуді жүргізеді және басшылыққа қарауға береді, орындалу уақыты – 2 (екі) сағат;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызмет берушінің басқарма/бөлім басшысына қарар береді, орындалу уақыты – 4 (төрт) сағат;
3) басқарма/бөлім басшысы жауапты орындаушыны айқындайды, орындалу уақыты – 2 (екі) сағат;
4) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды, мәлімделген өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жұмыс көшірмесін басып шығарады. Құжаттар пакеті толық болғанда және мәлімделген өнім санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жұмыс көшірмесін басқарма/бөлім басшысына бұрыштама қоюға береді, орындалу мерзімі – күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн;
5) басқарма/бөлім басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жұмыс көшірмесіне бұрыштама қояды және жауапты орындаушыға береді, орындалу уақыты – 2 (екі) сағат;
6) жауапты орындаушы нөмір беруді жүргізеді, мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін қатаң есептіліктің ресми бланкісінде басып шығарады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасына қол қоюға береді, орындалу уақыты – 15 (он бес) минут;
7) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және жауапты орындаушыға береді, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;