Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 4 мамырдағы
№ 374 бұйрығына
6-қосымша
«Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 24.08.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 мамырда № 11040 болып тіркелген) бекітілген «Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы кеңсе немесе www.elicense.kz веб-порталы www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру не стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып көрсетілетін қызметті алушының өтінішін алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркеуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді, орындалу уақыты– 2 (екі) сағат;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қарарын қояды және құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші басқармасы/бөлімінің басшысына береді, орындалу уақыты – 4 (төрт) сағат;
3) көрсетілетін қызметті беруші басқармасы/бөлімінің басшысы жауапты орындаушыны айқындайды, орындалу уақыты – 2 (екі) сағат;
4) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді және басқарма/бөлім басшысына бұрыштама қоюға енгізеді, орындалу мерзімі – 11 (он бір) жұмыс күні;
5) басқарма/бөлім басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасына қол қоюға береді, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
6) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және кеңсеге береді, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді, орындалу мерзімі – көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне жүгінген кезден бастап – 15 (он бес) минут.
6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнің (iс-қимылдың) нәтижесi:
1) көрстілетін қызметті алушының өтінішін және құжаттарын тіркеу;
2) қарау үшін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарары;
3) басқарма/бөлім басшысының жауапты орындаушыға қарары;
4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу;