Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 4 мамырдағы
№ 374 бұйрығына
7-қосымша
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 24.08.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11040 болып тіркелген) бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – стандарттқа 1-қосымшаға сәйкес біліктілік санатын беру туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Куәлік кәсіптік даярлықты бағалаудың және әңгімелесудің оң нәтижесі болғанда беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттары қоса берілген өтінішін алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, тіркеу жүргізеді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді, орындалу уақыты – 2 (екі) сағат;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасының/бөлімінің басшысына береді, орындалу уақыты – 4 (төрт) сағат;
3) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының/бөлімінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды, орындалу уақыты – 2 (екі) сағат;
4) жауапты орындаушы ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен сәйкестігін тексереді. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға әңгімелесу өткізілетін орын және күні туралы хабарлайды. Мамандандырылған комиссияның отырысына құжаттар (тізімдер мен хаттамалар) дайындайды, ұсынылған құжаттардың толықтығы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында дәлелді бас тарту жіберіледі, орындалу мерзімі – 6 (алты) жұмыс күні;
5) әңгімелесу өткізіледі. Әңгімелесуге көрсетілетін қызметті алушы кәсіби даярлықты бағалаудың оң нәтижесі болғанда жіберіледі. Әңгімелесу нәтижелерінің қорытындылары бойынша мамандандырылған комиссия куәлікті беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
6) жауапты орындаушы шешімнің негізінде бұйрықтың жобасын ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасына береді, орындалу мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні;
7) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы бұйрыққа қол қояды және жауапты орындаушыға береді, орындалу мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні;
8) жауапты орындаушы әңгімелесу нәтижесін порталға енгізеді және куәлік ресімдейді, орындалу мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні;
9) уәкілетті тұлға куәлікке қол қояды, орындалу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
10) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға куәлікті береді – 15 (он бес) минут.
6. Мынадай рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнің (iс-қимылдың) нәтижелерi:
1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының тіркелген өтініші мен құжаттары;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының көрсетілетін қызметті беруші басқармасының/бөлімінің басшысына қарары;
3) басқарма/бөлім басшысының жауапты орындаушыға қарары;
4) мамандандырылған комиссия отырысына дайындалған құжаттар (тізімдер мен хаттамалар), көрсетілетін қызметті алушыға әңгімелесу өткізілетін орын және күні туралы хабарлау не электрондық құжат нысанында бас тарту;
5) әңгімелесуді өткізу, куәлікті беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау;
6) бұйрықтың жобасын ресімдеу;