Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 сәуірдегі
№ 315 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
1
«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 26.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші;
Toggle Dropdown
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
Нәтижесін беру:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші;
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіге қажеттi құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтiзбелiк 60 (алпыс) күн;
Toggle Dropdown
2) құжаттарды тапсыру үшін рұқсат етiлетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
Toggle Dropdown
3) ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неосы мемлекетік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелдемелі жауап.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасында тұрақты тұру визасымен уақытша келетін не Қазақстан Республикасымен келу мен болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, этникалық қазақтарға ақысыз негізде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында санамаланған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жүгіне алмайды.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) қөрсетілетін қызметті беруші - дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, сенбі күні 9-00-ден 13-00-ге дейін жұмыс істейді, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ге дейiн жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскі асқа үзіліссіз белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді.
Toggle Dropdown
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша жылдам қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы келу орны бойынша ішкі істер органдарына мынадай құжаттар ұсынады:
Toggle Dropdown
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беру туралы өтініш-сауалнама;
Toggle Dropdown
2) өтініш берушінің ұлттық паспортының көшірмесі және түпнұсқасы, азаматтығы жоқ адамның құжаты, жарамдылық мерзімі өтініш берген күнге күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс;
Toggle Dropdown
бірлесіп өтініш берген кезде он алты жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
Toggle Dropdown
3) шет елде тұрақты тұруға рұқсатты растайтын мемлекеттің жазбаша келісімі немесе кету парағы не басқа құжат (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);
Toggle Dropdown
4) өтінішхат берушінің қолымен мемлекеттік не орыс тіліндегі өмірбаян;
Toggle Dropdown
5) этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат;
Toggle Dropdown
6) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);
Toggle Dropdown
7) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;
Toggle Dropdown
8) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім;
Toggle Dropdown
9) «Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қазанда № 7274 болып тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы;
Toggle Dropdown
10) мөлшері 35х45 мм бір фотосурет;
Toggle Dropdown
11) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы және тоқтатылуы туралы анықтама (азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоқ азаматтығы жоқ адам өтініш берген кезде).
Toggle Dropdown
Осы тармақтың 5), 6) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың жарамдылық мерзімі 180 күннен аспауы тиіс.
Toggle Dropdown
Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылуы тиіс. Аудармашы қолының түпнұсқалылығы нотариалды куәландырылуы тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы аумағына ата-анасынан бөлеккелген, көрсетілетін қызметті алушы,жасы он сегізге дейін не егер ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған жағдайда осы тармақтың 1), 2), 7) -10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ішкі істер органдарына ұсынады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды ресімдеген Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі бар не Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушышетелдік не азаматтығы жоқ адам ретінде қайта тіркелуі үшін ішкі істер органдарына осы тармақтың 1), 2), 4), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы, 1974 жылғы үлгідегі паспорты бар Қазақстан Республикасының аумағында тұратын не азаматтығы Қазақстан Республикасынына азаматтығына не қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілілігін ішкі істер органдары анықтамаған адамдар тұруын не Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын қосымша құжат ұсынады.
Toggle Dropdown
Адамдардың жеке басын анықтау үшін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары тұрғылықты жері бойынша жауап алудың толық хаттамасын жасайды, онда тексерілетін адам қашан және қайда туылғаны, олардың туу сәтінде ата-аналарының азаматтығы, Қазақстан Республикасына қашан және қандай құжат бойынша келгені, туыстарының қайсысы және қайда тұрғаны, қазіргі уақытта қайда тұратыны, олардың азаматтығы және мән-жайларға және т.б. қарамастан басқа мәселелер көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беру күнін көрсете отырып, тұрақты тұруға рұқсат беруге құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында көзделген, сондай-ақ;
Toggle Dropdown
1) заңсыз келген, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған;
Toggle Dropdown
2) сотталғанға дейiн тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;