Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 сәуірдегі
№ 315 бұйрығына 2-қосымша
Toggle Dropdown
1
«Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 26.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Дайын құжаттарды қабылдау және беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 17 (он жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша ресімделген күнінен бастап жеті жұмыс күніне дейін жеделдетілген тәртіппен қызмет көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі – азаматтығы жоқ адамның куәлiгін немесе шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын беру көрсетілетін қызметті алушының жеке өзі немесе оның заңды өкілі не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сеніп тапсырылған адамы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз түрінде не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдемелі жауап.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға: шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк қызмет көрсету кезінде «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 615-бабына сәйкес мемлекеттiк баж салығы алынады, ол:
Toggle Dropdown
- азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ресiмдеу кезiнде - мемлекеттiк бажды төлеу күніне белгiленген - 8 АЕК-ты.
Toggle Dropdown
- шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ресiмдеу кезiнде - мемлекеттiк бажды төлеу күніне белгiленген - 0,2 АЕК-ты құрайды.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияда төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады, олар төлем мөлшері мен күнiн растайтын құжат (түбіртек) береді.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік корпорацияның – дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi.
Toggle Dropdown
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша жылдам қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
Toggle Dropdown
2) Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 9.00-ден 18.30-ге дейiн, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхатты ресімдеу үшін:
Toggle Dropdown
1) жарамды ұлттық паспорт;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттiк бажды төлегенi туралы түбіртек (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда);
Toggle Dropdown
3) өлшемi 3,5 х 4,5 см. екі фотосурет (қағаз түрінде);
Toggle Dropdown
азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу үшін:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттiк бажды төлегенi туралы түбіртек (ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда);
Toggle Dropdown
2) өлшемi 3,5 х 4,5 см. үш фотосурет;
Toggle Dropdown
3) мына құжаттардың бірі:
Toggle Dropdown
жарамдылық мерзiмi аяқталған шетелдік паспорт;
Toggle Dropdown
азаматтығы жоқ адамның куәлiгi;
Toggle Dropdown
1974 жылғы үлгідегі паспорт (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы);
Toggle Dropdown
әскери билет;
Toggle Dropdown
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу және азаматтығын өзгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтықты өзгерту туралы анықтама;
Toggle Dropdown
туу туралы куәлік (он алты жасқа дейінгі адамдарға ресімдеу кезінде);
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері беретін оралу куәлігі (шетелде уақытша жүрген азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоғалған кезде).
Toggle Dropdown
«Азаматтығы жоқ адамдарды және шетелдіктерді тіркеу және құжаттандыру» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыны фотосуретке түсіруді көрсетілетін қызметті беруші халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес және ақы төлеусіз жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының фото бейнесі суретке түсіру арқылы электрондық формулярға, көрсетілетін қызметті алушының қолы – қол қою сканері арқылы енгізіледі.
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға беру күнін көрсете отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдерді тіркеу талоны беріледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен күзетілетін құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жазбаша келісімді ұсынады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беруді жеке куәлігін ұсынған кезде (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға келмесе, Мемлекеттік корпорация дайындалған күнінен бастап бір жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге жою үшін береді.
Toggle Dropdown
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетудетін мынадай негіздер бойынша бас тартады:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған дереткердің (мәліметтің) дұрыс еместігін анықтау;
Toggle Dropdown
2) осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың сәйкес келмеуі.
Toggle Dropdown
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік, 1 даңғылы беріледі.
Toggle Dropdown
11. Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), почталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Toggle Dropdown
Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жолданады.
Toggle Dropdown
Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияда қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
Toggle Dropdown
13. Дене функциясының қатаң ауытқушылығы бар, өз-өзіне қызмет көрсетуден қабілетінен немесе мүмкіндігінен, өздігінен қозғалуынан толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға құжаттарды қабылдауға бағыттауға, мемлекеттік қызмет көрсетуді 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
Toggle Dropdown
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Toggle Dropdown
1) Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік корпорацияның – www.gov4с.kz интернет-ресурсында.
Toggle Dropdown
15. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинет» арқылы алыстатылған кіру режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығында алу мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары. Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800080 7777.
Toggle Dropdown
«Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын
шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Өтінімдерді тіркеу талоны
Toggle Dropdown
1. __________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(ХҚТ ТП пунктінің коды мен орналасқан орны)
Toggle Dropdown
2. __________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(анықтама үшін төлефон нөмірі)
Toggle Dropdown
3. __________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(өтінімді тіркеу талонының нөмірі)
Toggle Dropdown
4. __________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі және тіркеу күні)
Toggle Dropdown
5. __________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің
Toggle Dropdown
аты (бар болса) және туған күні)
Toggle Dropdown
6. __________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(беру үшін құжат-негіз: түрі, нөмірі, берген күні, беру органы)
Toggle Dropdown
7. __________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушы тапсыратын мемлекеттік қызмет)
Toggle Dropdown
8. __________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(тапсыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметті
Toggle Dropdown
алушының құжаттары)
Toggle Dropdown
9. __________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(мемлекеттік қызметті алған күні)
Toggle Dropdown
«Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын
шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Toggle Dropdown
__________________________ бастығына
(ішкі істер органының атауы)
____________________________ тұратын
(тұрақты тіркелген мекенжайы)
азамат ______________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Toggle Dropdown
Мен, __________________________________________________________
Toggle Dropdown
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні
Toggle Dropdown
атқапараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Toggle Dropdown
20___жылғы «____»________________.
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(азаматтың қолы) азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Toggle Dropdown
(мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған күні)