Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 сәуірдегі
№ 315 бұйрығына
3-қосымша
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 26.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөлiністері (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 6 (алты) ай, жеңілдетілген тәртіппен – 3 (үш) ай;
Toggle Dropdown
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
Toggle Dropdown
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi:
Toggle Dropdown
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, қалпына келтіру туралы анықтама беру;
Toggle Dropdown
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтама беру;
Toggle Dropdown
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк қызметті көрсету кезінде «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 499-бабына сәйкес мемлекеттiк баж алынады, ол мемлекеттiк баж төлеу күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінiң 100 пайызын құрайды.
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк бажды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, олар төлем мөлшерi мен күнiн растайтын құжат (түбіртек) бередi.
Toggle Dropdown
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау үшін:
Toggle Dropdown
ерікті нысандағы азаматтыққа қабылдау туралы өтініш;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
Toggle Dropdown
өмірбаян;
Toggle Dropdown
өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме;
Toggle Dropdown
жеке басты куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері;
Toggle Dropdown
тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы немесе оны тоқтатқандығы туралы анықтама (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №85 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 4 наурызда № 13391 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларының 15-тармағының 1) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген адамдардан басқа);
Toggle Dropdown
мемлекеттік баж салығын төлеу немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат:
Toggle Dropdown
Санамаланған құжаттармен қатар:
Toggle Dropdown
мамандықтар тізбесінің талаптарына жауап беретін адамдар және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі белгіленетін адамдар үшін талаптар - бейінді мемлекеттік органның қолдаухатын;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасына тарихи Отаны ретінде тұрақты тұруға қайтып келген адамдар - оралманның куәлігін және келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды адамының атына бұрынғы азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған өтініш;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхат (өтініш) білдірген адам өтініш берген сәтте Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрса, онда неке қию туралы куәліктің нотариалды куәландырған көшірмесін;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген және жақын туыстарының біреуі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары олардың Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық деңгейін куәландыратын құжаттарды (туу туралы куәлік, неке туралы куәлік және т.б.) ұсынады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген (тіркеу) тәртіпте қабылдау тәртібі:
Toggle Dropdown
1999 жылғы 26 ақпандағы келісімге (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған) (бұдан әрі - Келісім) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібіне Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының азаматтары жатады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу және басқа Тараптың азаматтығын тоқтату үшін облыстардың ПД бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді.
Toggle Dropdown
Өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
Toggle Dropdown
өмірбаян (ерікті нысанда);
Toggle Dropdown
бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш;
Toggle Dropdown
өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме;
Toggle Dropdown
жеке басын куәландыратын және Келісімге қатысушы елдердің біреуінің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі;
Toggle Dropdown
туу туралы және неке туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;