«Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2015 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2015 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
«Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы және«Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 786 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2015 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар:
1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімде және тәртіппен Іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы ақпарат берсін.
3. «Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 457 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы "____" _____________
№ ___________
Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2015 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
«Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2015 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
2015 жылғы «______» ___________________