Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 20 сәуірдегі
№ 274 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау қағидалары
Редакция 15.09.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау қағидасы«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы»Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және мемлекеттік кірістер органдарына тауарлар туралы нақты мәліметтер берілмеген кезде мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын анықтау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар Қазақстан Республикасы және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасымен белгіленген мағынада қолданылады.
Осы Қағидаларда уәкілетті лауазымды тұлға деп кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ қамтамасыз ету сомаларының есебін жүргізетін аумақтық мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің, кеденнің, кеден бекетінің лауазымды тұлғасы түсініледі.
2. Мелекттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу тәртібі
3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мынадай тәсілдермен қамтамасыз етіледі:
Кодекстің 143-бабының 1-тармағында көрсетілген кедендік операцияларды жасау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де жағдайларда кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету қолданылады.
Кедендiк тасымалдаушы және (немесе) кеден өкiлi ретiнде қызметтi жүзеге асыру үшін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшесіне немесе кеденге ұсынылады.
4. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасын (бұдан әрі – Карточка) ресімдеу арқылы жүргізіледі.
5. Карточка мемлекеттік кірістер органдарының кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуін есепке алу мақсатында ресімделеді және мемлекетік кірістер органдары үшін, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қабылдауды, оның ішінде тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау кезінде растайтын құжат болып табылады.
6. Карточка екі данада ресімделеді:
Карточканның бірінші данасы, оны тіркеген мемлекетік кірістер органының бөлімшесінде қалады;
екінші данасы, Карточка тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік операциялар жасалатын мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне немесе кедендік операцияны жасауды жүзеге асырушы лауазымды тұлғаға беріледі және (немесе) жолданады.
Кедендік тасымалдаушы ретінде қызметін жүзеге асыру үшін кедендік өкілге кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда, Карточканың екінші данасы оны тіркеген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай тұлғалардың тиісті тізілімін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекетік кірістер органдарындағы автоматандырылған ақпаратық жүйеге беріледі және (немесе) жолданады.
Мемлекетік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету туралы өтініші тіркелген күнінен кейінгі 10 күннен кешіктірмей, төлеушіге Карточканы тіркеу немесе себебін көрсетіп, тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жолданады.
7. Карточканың тіркеу нөмірі мынадай құрылымнан тұрады:
ООООО/ККААЖЖ/ННННН, мұнда:
ООООО – Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органының коды;
ЖЖ – тіркелген жылдың соңғы екі цифры;
ННННН – Карточканның реттік нөмірі.
Карточканың реттік нөмірлерін нөмірлеу бір санынан басталады. Әрбір келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап Карточканың реттік нөмірлерін нөмілеу бір санынан басталады.
8. Төлеушінің өтініші бойынша Карточкаға қосымша құрылады, сондай-ақ мынадай:
кедендік операцияларды жасау мерзімінің ұзартылуына байланысты, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолдану мерзімі ұзартылған;
банк кепілдігін, мүлік кепілі шартын, кепілгерлік шартын, сақтандыру шартын қолдану мерзімі ұзартылған;
кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынған заңды тұлға немесе кепілгер болып табылатын заңды тұлға қайта ұйымдастырылған;
бір тауар партиясында әкелінген тауарлардың бөлігін кедендік тазарту нәтежиесі бойынша кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы азайған жағдайларда тізілімде тиісті өзгертулер көрсетіледі.
Карточкаға қосымша осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
9. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қабылдаған мемлекеттік кірістер органдарында тіркелген және берілген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сертификаты (бұдан әрі – Сертификат) тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің қабылдануын растайтын құжат болып табылады.
Сертификаттың нысаны және оны толтыру тәртібі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен айқындалады.
10. Кодекістің 298-бабына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығарған жағдайда, шығару оны уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне қосу үшін енгізілген, уәкілетті экономикалық операторда бар кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы шегінде жүзеге асырылады.
Уәкілетті экономикалық оператор декларант болып әрекет ететін тауарларды кедендік декларацияны бергенге дейін шығару кезінде, мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі немесе тауарларды шығаруды жүзеге асырушы лауазымды тұлға, тауарларды шығарумен байланысты міндеттемелер орындалғанға дейін қамтамасыз ету сомасын есепке алу мақсатында Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің автоматандырылған ақпараттық жүйесіне немесе уәкілетті лауазымды тұлғаға бұл туралы ақпаратты жолдайды және (немесе) хабардар етеді.
Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға, уәкілетті экономикалық оператор декларант болып әрекет ететін кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы ұсынылған ақпаратты ескереді, сондай-ақ уәкілетті экономикалық оператор тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне аталған ақпаратты жолдайды және (немесе) хабардар етеді.
11. Төлеуші, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету жүргізілген кедендік операцияларды аяқтағаннан кейін, кедендік операция жүргізілген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей растайтын құжатардың көшірмелерін бере отырып, Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесіне, немесе уәкілетті лауазымды тұлғаға бұл туралы ақпаратты жолдайды.
12. Төлеуші кедендік операцияларды жасаған кезде міндеттемелердің уақтылы және тиісінше орындалғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын қайтару туралы Карточканы ресімдеген мемлекеттік кірістер органына жазбаша нысанда жүгінеді.
13. Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз ету сомасын қайтару үшін кедендік операциялар жүргізілген мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшелеріне немесе кедендік операцияны жүзеге асырған лауазымды тұлға ұсынған құжаттарды, кедендік операцияларды жасаған кездегі міндеттемелердің уақтылы және тиісінше орындалуына тексеруді жүзеге асырады.
14. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын кайтару Кодекске сәйкес жүргізіледі.
15. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету берілген, оның ішінде белгіленген мерзімде міндеттемелерді төлеуші орындамаған немесе тисінше орындамаған кезде, аталған кедендік операция жүргізілген немесе жүргізілуі тиіс мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшесі немесе кедендік операцияны жүзеге асырған лауазымды тұлға міндеттеменің орындалу мерзімі келген немесе міндеттемені орындамау немесе тисінше орындамау фактісі анықталған келесі жұмыс күнінен кешіктірмей растайтын құжаттарды ұсына отырып, Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесіне, немесе уәкілетті лауазымды тұлға бұл туралы ақпараттарды жолдайды.
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету бойынша берілген, оның ішінде белгіленген мерзімде төлеушінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тисінше орындамағаны туралы ақпараттарды алғаннан кейін Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға төлеушінің өз міндеттемелерін орындамаумен немесе тисінше орындамаумен байланысты шараларды қабылдайды.
16. Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкалары тізілімінде ресімделген Карточкалардың есебін жүргізуді жүзеге асырады.
17. Төлеушінің өтініші бойынша, егер кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді енгізу бойынша кедендік операция жасалмаған жағдайда, Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету карточкасы тізілімінің ескертпесіне күшін жою туралы мәліметтерді енгізе отырып, Карточка күшiн жоюға жатады.