Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 20 сәуірдегі
№ 274 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидалары
Toggle Dropdown
Редакция 15.09.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді (бұдан әрі – бас қамтамасыз ету) қолдану тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
Осы Қағидаларда уәкілетті лауазымды тұлға деп кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ қамтамасыз ету сомасының есебін жүргізетін аумақтық мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің, кеденнің, кеден бекетінің (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі) лауазымды тұлғасы түсініледі.
Toggle Dropdown
2. Бас қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасының аумағында сол бір тұлға белгілі бір мерзімде бірнеше кедендік операциялар жасаған кезде қабылдайды.
Toggle Dropdown
Бұл ретте, тауарлардың бір партиясына қатысты бас қамтамасыз ету бойынша бірнеше кедендік операцияларды жасауға жол беріледі.
Toggle Dropdown
Кедендік баждарды, салықтарды төлеушінің (бұдан әрі – төлеуші) өтінішінде айқындалған мерзімге мемлекеттік кірістер органдары Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қабылдайды. Бұл ретте, кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану мерзімі төлеушінің өтінішінде көрсетілген кезең ішінде туындайтын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету міндеттемелерді төлеушінің орындау мерзімінен асуы тиіс.
Toggle Dropdown
3. Кедендік операциялар жасалатын не басталатын мемлекеттік кірістер органына бас қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжат осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылған Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растау (бұдан әрі – БҚР) болып табылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Кедендік операцияларды жасаған кезде бас қамтамасыз етуді қолдану тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік кірістер органдары төлеушінің жазбаша өтініші бойынша бас қамтамасыз етуді осы өтініште айқындалған мерзімге қабылдайды.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік кірістер органның бөлімшесінде, немесе уәкілетті лауазымды тұлға мемлекеттік кірістер органында өтініш тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей әрбір кедендік операцияға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасы (бұдан әрі – Карточка) ресімделеді.
Toggle Dropdown
6. Карточка мынадай даналарда ресімделеді:
Toggle Dropdown
Карточканың бірінші данасы, оны тіркелген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесінде қалады;
Toggle Dropdown
қалған даналары, тиісті кедендік операциялардың санына қарай, Карточка тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне және (немесе) кедендік операциялар жасалатын мемлекеттік кірістер органына немесе кедендік операцияны жасауды жүзеге асырушы лауазымды тұлғаға беріледі және (немесе) жолданады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте, уәкілетті экономикалық оператор ретінде қызметті жүзеге асыру үшін кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, Карточканың екінші данасы ол тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне беріледі және (немесе) жолданады.
Toggle Dropdown
Уәкілетті экономикалық оператор ретінде қызметті жүзеге асыру үшін кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету аумақтық мемлекеттік кірістер органының бөлімшесіне немесе кеденге ұсынылады.
Toggle Dropdown
7. Ресімделген Карточкалардың негізінде Карточканы тіркелген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға 1-6, 11-бағаналарын толтыру арқылы БҚР ресімдеуді жүргізеді.
Toggle Dropdown
Бұл ретте БҚР-ды рәсімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға БҚР-ның есебін, БҚР-да көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің енгізілген сомасының жеткіліктілігіне бақылау жүргізеді.
Toggle Dropdown
8. БҚР тіркеу нөмірінің мынадай құрылымы бар:
Toggle Dropdown
ООООО/ККААЖЖ/ННННН, мұнда:
Toggle Dropdown
ООООО – БҚР-ны тіркеген мемлекеттік кірістер органының коды;
Toggle Dropdown
КК – тіркелген күні;
Toggle Dropdown
АА – тіркелген айы;
Toggle Dropdown
ЖЖ – тіркелген жылдың соңғы цифры;
Toggle Dropdown
ННННН – БҚР-дың реттік нөмірі.
Toggle Dropdown
БҚР-дың реттік нөмірлерін нөмірлеу бір санынан басталады. Әрбір келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап Карточканың реттік нөмірлерін нөмілеу бір санынан басталады.
Toggle Dropdown
9. БҚР мынадай даналарда ресімделеді:
Toggle Dropdown
БҚР-дың бірінші данасы БҚР-ды тіркелген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесінде қалады;
Toggle Dropdown
БҚР-дың басқа даналары тиісті кедендік операциялардың санына қарай, мемлекеттік кірістер органының бөлімшесіндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйеге және (немесе) кедендік операциялар жасалатын мемлекеттік кірістер органына не кедендік операциялар жасауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға беріледі және (немесе) жолданады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік кірістер органдарында төлеушінің бас қамтамасыз етуді қабылдау туралы өтініші тіркелген күннен кейінгі он күннен кешіктірмей төлеушіге бас қамтамасыз етуді тіркеу немесе бастарту себебін көрсетіп, тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жолданады.
Toggle Dropdown
10. Төлеушінің өтініші бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растауға толықтыру қалыптастырылады, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растау тізілімінде (бұдан әрі – БҚР Тізілімі), мынадай:
Toggle Dropdown
кедендік операцияларды жасау мерзімін ұзартуға байланысты, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолдану мерзімі ұзартылған;
Toggle Dropdown
банк кепілдігін, мүлік кепілі шартын, кепілгерлік шартын, сақтандыру шартын қолдану мерзімі ұзартылған;
Toggle Dropdown
кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынған заңды тұлға немесе кепілгер болып табылатын заңды тұлға қайта ұйымдастырылған;
Toggle Dropdown
бір тауар партиясында әкелінген тауарлардың бөлігін кедендік тазарту нәтежиесі бойынша кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы азайған жағдайларда тиісті өзгертулер көрсетіледі.
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік кірістер орган бөлімшесі, БҚР тіркеген, немесе уәкілетті лауазымды тұлға тізілімінде ресімделген БҚР есебін жүргізуді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
12. Төлеуші кедендік операциялар жасаған кезде мемлекеттік кірістер органының бөлімшелері және (немесе) осы кедендік операциялар жасалатын лауазымды тұлға немесе кедендік операциялар жүзеге асырылатын мемлекеттік кірістер органы төлеуші ұсынған БҚР-да көрсетілген ақпараттарды БҚР-ды рәсімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға ұсынған (жолданған) Карточкамен салыстыруды жүргізеді.
Toggle Dropdown
13. Төлеуші кедендік операцияларды аяқтағаннан кейін, мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі және (немесе) кедендік операция жүзеге асырылған мемлекеттік кірістер органы не кедендік операцияларды жасауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға БҚР 7-10-бағанын толтыруды жүргізеді.
Toggle Dropdown
14. Төлеуші кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жүргізілген кедендік операцияларды аяқтағаннан кейін, мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі және (немесе) кедендік операция жүргізілген мемлекеттік кірістер органы не кедендік операцияларды жасауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, расттайтын құжаттарды ұсына отырып БҚР-ды рәсімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға бұл туралы ақпаратты жолдайды.
Toggle Dropdown
15. Төлеуші кедендік операцияларды жасаған кезде міндеттемелердің уақтылы және тиісінше орындалғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын қайтару туралы БҚР ресімдеген мемлекеттік кірістер органына жазбаша нысанда жүгінеді.
Toggle Dropdown
16. БҚР көрсетілген кедендік операциялар бойынша міндеттемелер уақтылы және тиісінше орындалғаннан кейін БҚР-ды рәсімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға бақылаудан алады.
Toggle Dropdown
17. БҚР-ды ресімдеген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз ету сомасын қайтару үшін мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі және (немесе) кедендік операциялар жүргізілген мемлекеттік кірістер органы не кедендік операцияларды жасауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға ұсынған құжаттарды, кедендік операцияларды жасау кезінде міндеттемелердің уақтылы және тиісінше орындалуына тексеруді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
18. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын кайтару Кодекске сәйкес жүргізіледі.
Toggle Dropdown
19. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету берілген, оның ішінде белгіленген мерзімде міндеттемелерді төлеуші орындамаған немесе тисінше орындамаған кезде, аталған кедендік операция жүргізілген немесе жүргізілуі тиіс мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшесі немесе осындай мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы міндеттеменің орындалу мерзімі келген немесе міндеттемені орындамау немесе тисінше орындамау фактісі анықталған келесі жұмыс күнінен кешіктірмей растайтын құжаттарды ұсына отырып, БҚР-ды ресімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесіне, немесе уәкілетті лауазымды тұлға бұл туралы ақпараттарды жолдайды.
Toggle Dropdown
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету бойынша берілген, оның ішінде белгіленген мерзімде төлеушінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тисінше орындамағаны туралы ақпараттарды алғаннан кейін БҚР-ды ресімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға төлеушінің өз міндеттемелерін орындамаумен немесе тисінше орындамаумен байланысты шараларды қабылдайды.
Toggle Dropdown
20. Төлеушінің өтініші бойынша, егер кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді енгізу бойынша кедендік операция жасалмаған жағдайда, БҚР Тізілімінің ескертпесіне күшін жою туралы мәліметтерді енгізе отырып, БҚР күшiн жоюға жатады.
Toggle Dropdown
БҚР күшін жойған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, БҚР-ды рәсімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға БҚР даналары жолданған мемлекеттік кірістер органының бөлімшесін және (немесе) мемлекеттік кірістер органын БҚР күшін жоюы туралы ақпараттандырады.
Toggle Dropdown
21. Кедендік операция жасалмаған жағдайда, төлеуші кедендік операция жасау жоспарланған мемлекеттік кірістер органының бөлімшесіне және (немесе) мемлекеттік кірістер органына кедендік операцияның жасалмайтыны туралы өтінішпен жүгінеді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі және (немесе) мемлекеттік кірістер органы не олардың лауазымды тұлғалары төлеушінің өтініші негізінде тиісті ақпаратты БҚР-ды ресімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесіне, немесе уәкілетті лауазымды тұлға жолдайды.
Toggle Dropdown
БҚР-ды ресімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға осы тармақта көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін аталған ақпаратты БҚО ескертпесінде және БҚО Тізілімінде көрсетеді.
Toggle Dropdown
22. Төлеуші кедендік операциялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тисінше орындамаған жағдайда, БҚР ресімдеген мемлекеттік кірістер органы тиісінше мына әрекеттердің бірін немесе бірнешеуін орындайды:
Toggle Dropdown
ақшаны уақытша орналастыру шотынан кедендік баждардың, салықтардың төлеуге жататын сомасын бюджетке аударады;
Toggle Dropdown
кедендік баждардың, салықтардың төлеуге жататын сомасын төлеу туралы банк-кепілгерге талабын жібереді;
Toggle Dropdown
кепіл берушіге кедендік баждардың, салықтардың төлеуге жататын сомасын төлеу туралы талабын жолдайды;
Toggle Dropdown
кепілгерге кедендік баждардың, салықтардың төлеуге жататын сомасын төлеу туралы талабын жолдайды;
Toggle Dropdown
сақтандыру ұйымына кедендік баждардың, салықтардың төлеуге жататын сомасын төлеу туралы талабын жолдайды.
Toggle Dropdown
23. Алдыңғы кедендік операциялар бойынша міндеттемелер (талаптар, шарттар, шектеулер) орындалмаған немесе тисінше орындалмаған жағдайда, кедендік баждар, салықтар сомасын төлеу бойынша міндеттемелер орындалмаған кезде кедендік операцияларды жасауға арналған БҚР көрсетілген міндеттемелер тиісінше орындалғанға дейін ресімделмейді.
Toggle Dropdown
3-тарау. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің есебі
Toggle Dropdown
24. БҚР-ды ресімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету бойынша төлеушінің міндеттемелерді орындауын есепке алу және бақылау мақсатында, осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің есебі бойынша жеке карточканы (бұдан әрі – Бас қамтамасыз етудің есебі бойынша жеке карточка) жүргізеді.
Toggle Dropdown
25. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша қабылданған міндеттемелердің негізінде, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын есепке алу мақсатында Бас қамтамасыз етудің есебі бойынша жеке карточка әрбір төлеуші үшін дербес ашылады.
Toggle Dropdown
26. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің есебі қағаз тасымалдағышында және (немесе) автоматтандырылған жүйеде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
27. Бас қамтамасыз етудің есебіс бойынша жеке карточка әрбір күнтізбелік жылға ашылады.
Toggle Dropdown
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы бойынша түпкілікті сальдо, алдағы қаржылық жыл үшін бас қамтамасыз етудің есебі бойынша жеке карточкадан келесі жылы ашылатын бас қамтамасыз етудің есебі бойынша жеке карточкаға аударылады.
Toggle Dropdown
28. Заңды тұлғалардың бас қамтамасыз етудің есебі бойынша жеке карточкасын ашқан кезде міндетті түрде мынадай деректемелер:
Toggle Dropdown
заңды тұлғаның толық атауы;
Toggle Dropdown
бизнес сәйкестендіру нөмірі;
Toggle Dropdown
заңды мекенжайы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
29. Жеке тұлғаның (дара кәсіпкерлерді қоса алғанда) бас қамтамасыз етудің есебі бойынша жеке карточкасында:
Toggle Dropdown
жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
Toggle Dropdown
жеке сәйкестендіру нөмірі;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.
Toggle Dropdown
30. Ресімделген БҚР негізінде, БҚР-ды ресімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға және (немесе) кедендік операцияларды жасауды жүзеге асырған лауазымды тұлға 1-10, 15-бағандарын толтыру арқылы Бас қамтамасыз етудің есебі бойынша жеке карточканы ресімдейді.
Toggle Dropdown
Төлеуші кедендік операцияны жасаған кезде, кедендік операция жүзеге асырылатын мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі және (немесе) мемлекеттік кірістер органы БҚР-ның 11-14-бағаналарын толтырады.
Toggle Dropdown
1
1-қосымша
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас
қамтамасыз етуді қолдану қағидаларына
Toggle Dropdown
Кедендік баждарды, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растау
Toggle Dropdown
№ ______________________ ___________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты,) ___________________________________________________________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнесті-сәйкестендіру нөмірі )
Toggle Dropdown
|
Р/с №
|
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасының тіркеу нөмірі
|
Кедендік операцияның түрі
|
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілі
|
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтама сыз ету сомасы
|
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтама сыз етуді қолдану дың мерзімі
|
Кедендік операциялар бойын ша міндет темелерді орындау мерзімі
|
Кедендік опера ция басталған күн
|
Міндеттемені іс жүзінде орындау мерзімі
|
Кедендік операцияның аяқталуын белгілейтін, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасының жеке нөмірлі мөрі және Т.А.Ә.
|
Кедендік операциялар жасалатын аумақтық мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі және (немесе) мемлекеттік кірістер органының
|
Ескертпе
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________________ (бас қамтамасыз етуді растауын берген мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә.) ________________________ (қолы және жеке нөмірлік мөрі)
Toggle Dropdown
1
2-қосымша
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас
қамтамасыз етуді қолдану қағидаларына
Toggle Dropdown
Кедендік баждарды, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растауға қосымша
Toggle Dropdown
№ ______________________ ________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты,) ________________________________________________________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнесті-сәйкестендіру нөмірі )
Toggle Dropdown
|
Р/с №
|
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасының тіркеу нөмірі
|
Кедендік операцияның түрі
|
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілі
|
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтама сыз ету сомасы
|
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану мерзімі
|
Кедендік операциялар бойынша міндет темелерді орындау мерзімі
|
Кедендік операция басталған күні
|
Міндеттемені іс жүзінде орындау мерзімі
|
Кедендік операцияның аяқталуын белгілейтін, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасының жеке нөмірлік мөрі және Т.А.Ә.
|
Кедендік операциялар жасалатын аумақтық мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі және (немесе) мемлекеттік кірістер органының
|
Ескертпе
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________________ (бас қамтамасыз етуді растауын берген мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә.) ________________________ (қолы және жеке нөмірлік мөрі)
Toggle Dropdown
1
3-қосымша
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас
қамтамасыз етуді қолдану қағидаларына
Toggle Dropdown
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растаулар тізілімі
Toggle Dropdown
|
Р/с №
|
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растау
дың тіркеу нөмірі
|
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасының тіркеу нөмірі
|
Төлеушінің деректемелер
|
К е д е н д і к о п е р а ц и я т ү р і
|
Кеден дік баждар дың, салық тардың төленуін қамтамасыз етудің тәсілі
|
Кеден дік баждар дың, салық тардың төленуін қамтамасыз ету сомасы
|
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету кепілі (банк, кепілгер, кепіл беруші, сақтандыру ұйымы)
|
Кепіл беруші тандаған Кедендік баждарды, салықтар ды төлеуді қамтама сыз ету тәсілі
|
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудін қолданылу мерзімі
|
Е с к е р т п е
|
|
Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның
аты-жөні
|
Жеке сәйкестендiру нөмiрі/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
1
4-қосымша
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас
қамтамасыз етуді қолдану қағидаларына
Toggle Dropdown
Кедендік баждарды, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді есепке алу жөніндегі жеке карточка
Toggle Dropdown
Төлеушінің атауы _______________________________________________________________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі __________________________________ Қазақстан Республикасының резиденті емес төлқұжатының нөмірі мен берілген күні _________ ________________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
|
№ п/п
|
О п е р а ц и я а л д ы н д а ғ ы с а л ь д о
|
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растау ды тіркеу нөмірі
|
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасын тіркеу нөмірі
|
К е д е н д і к о п е р а ц и я н ы ң т ү р і
|
Кедендік баждар дың, салықтар дың төленуін қамтама сыз ету тәсілі
|
Кедендік баждар дың, салықтардың төленуін қамтама сыз етуді енгізуді растайтын құжат
|
Кедендік операциялар бойынша кедендік баждар дың, салықтар дың төленуін қамтама сыз ету сомасы
|
Кедендік операцияларды жасау кезеңінде жабылған қамтама сыз ету сомасы
|
Кедендік операциялар бойынша міндеттемені орындау мерзімі
|
Ашылған қамтамас ету сомасы
|
Міндеттеменің орындалуын растайтын құжат
|
О п е р а ц и я с о ң ы н д а ғ ы с а л ь д о
|
Е с к е р т п е
|
|
Қ ұ ж а т н ө м і р і
|
Қ ұ ж а т т ы ң к ү н і
|
С о м м а с ы
|
Т ө л е у ш і г е қ а й т а р у ү ш і н
|
Б ю д ж е т к е а у д а р у ү ш і н
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|