Toggle Dropdown
«Пайдаланушы авиациалық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы «___»________
№ ____ бұйрығымен
бекітілген
Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары
1. Осы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-32) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдаланушыларды авиациялық жұмыстарға рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік – Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларының талаптарына және сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) берген құжат;
2) өтінім – өтініш берушінің сертификаттау рәсімінен өту үшін уәкілетті органға жазбаша өтініші;
3) өтініш беруші – авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік алу үшін уәкілетті органға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
4) сертификаттық талаптар – Заңының 14-бабының 1-тармағының 41-56) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен әуе тасымалдау, авиациялық жұмыстары жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын талаптар;
5) сертификаттық тексеру – уәкілетті орган жүзеге асыратын өтінім берушінің құралдарын, жабдықтарын, пайдалану рәсімдерін, технологиялық процестерін, құжаттамасын, ұйымдық құрылымын, әкімшілік, ұшу және жер бетіндегі персоналының құзыретін сертификаттық талаптарға сәйкестігі тұрғысынан және уәкілетті орган бекіткен түзету іс-қимылдарының жоспарын (бұдан әрі - түзету іс-қимылдарының жоспар) орындауға (қолдануға) тексеру.
5) сертификационные требования – требования к эксплуатантам гражданских воздушных судов, осуществляющим воздушные перевозки, авиационные работы, утвержденные приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 153 «Об утверждении сертификационных требований к эксплуатантам гражданских воздушных судов», (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11459);
3. Бастапқы және кезекті сертификаттау кезінде жеңіл және аса жеңіл авиация пайдаланушыларын қоспағанда, олар үшін куәлік мерзімсіз болып табылатын авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік (бұдан әрі - куәлік) үш жыл мерзімге беріледі.
Куәлік басқа тұлғаға берілуге жатпайды.
4. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттағаны үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексінде айқындалған тәртіпте және мөлшерде алым алынады. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
5. Пайдаланушы куәлікте белгіленген пайдалану талаптары мен шектеулерді сақтайды.
2. Сертификаттауды жүргізу тәртібі
6. Сертификаттау мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
1) өтініш берушінің уәкілетті органға ресми өтінімді құжаттармен қоса беруі;
2) құжаттаманы бағалау мен шешім қабылдау;
3) уәкілетті органның сертификаттық тексеру жүргізуі;
4) шешім қабылдау және куәлік беру (беруден бас тарту).
7. Жалпы сертификаттау мен куәлікті беру мерзімі өтініш берушінің өтінімді құжаттармен бірге берген сәтінен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспауы тиіс.
3. Өтінім мен құжаттар беру
8. Куәлік алу үшін өтінім беруші ұшуларды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін күнтізбелік алпыс күн бұрын Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес құжаттардың талап етілген топтамасымен қоса өтінішті уәкілетті органға береді.
9. Кезекті куәлік алу үшін өтінім беруші Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларына сәйкес өзгерістер мен жаңартулар орын алған құжаттармен бірге өтінімді береді.
4. Құжаттаманы бағалау және шешім қабылдау
10. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды және олар бойынша күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тиісті шешім қабылдайды, ол туралы өтінім берушіге хабарлайды.
11. Өтінім мен қоса берілген құжаттар Қағидалардың 8 және 9 тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Қағидалардың 10-тармағына сәйкес көрсетілген мерзім ішінде қайтару себептері көрсетіліп, өтінім мен құжаттар қайтаруға жатады.
12. Өтінім мен құжаттар сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган сертификаттық тексеруді өткізу үшін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрып, оның құрамына функцияларына ұшуды пайдалану, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы және авиациялық қауіпсіздігі мәселелері жататын мемлекеттік авиация инспекторларын қосады.
13. Сертификаттық тексеру мемлекеттік авиация инспекторлары үшін уәкілетті орган әзірлеген нұсқаушы материалды пайдалана отырып, сертификаттық талаптарға сәйкестігін тексеру үшін жүзеге асырылады.
14. Комиссия ұшуды қамтамасыз етудің барлық түрлері бойынша сертификаттық тексеру жүргізеді:
2) қаржылық-экономикалық;
3) ұшуды пайдалану және оны ұйымдастыру;
4) ұшу жарамдылығын қолдау;
9) авиация персоналын дайындау және қайта даярлау;
10) авиациялық қауіпсіздік;
11) авариялық және іздестіру-құтқару.
15. Ұшуды және жердегі қызметтерді тексеру қойылған міндеттерді шешу үшін авиация персоналының, жердегі құралдардың және жабдықтардың әзірлік дәрежесін айқындау мақсатында жүргізіледі.
Бұл ретте ғимараттар мен құрылыстардың тиісінше жабдықталғаны және олардың тікелей мақсаты бойынша пайдаланылуы тексеріліп, расталады.
16. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сертификаттық тексеру актісі екі данада өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйі, ұсынымдары және авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік беру мүмкіндігі туралы қорытындылары көрсетіле отырып жасалады. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және танысу үшін өтініш берушіге беріледі.
17. Сертификаттық тексеруді жүргізу кезінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, өтініш беруші актіге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға бекіту үшін оларды жою бойынша түзету әрекеттерінің жоспарын ұсынады.
Сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін өтінім беруші уәкілетті органға тексеру үшін растаушы құжаттаманы қоса бере отырып, жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету әрекеттерінің орындалуы туралы анықтаманы ұсынады.