• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 27.07.2020 г

Отправить по почте

55

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 шілдеде № 11696 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 27 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрінің м.а. 10.07.2020 жылғы № 665 Бұйрығына сәйкес 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 04.10.2017 жылғы № 595 Бұйрығымен (16.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 04.10.2017 жылғы № 595 Бұйрығымен (16.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 16.05.2017 жылғы № 312 Бұйрығымен (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 20.01.2016 жылғы № 21 Бұйрығына сәйкес (04.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының резинденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өніміне (шарап материалдарын, сыра мен сыра сусындарын қоспағанда) есепке алу-бақылау таңбаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
18-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес «Темекі бұйымдарына акциздік таңбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес «Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
20-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес «Салықтық есептілікті қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
23-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес «Салықтық есептілікті керi қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
24-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
25-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес «Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес «Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті;
28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес «Салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
28-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
29) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз);
29-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығымен (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес «Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салықтық нысандарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
30-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес «Бақылау-касса машиналарын (БМК) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес «Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес «Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары обьектілерін және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік обьектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес «Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
34-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес «Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
37) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз);
37-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығымен (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес «Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
38-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес «Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
39-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
40) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
40-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 16.05.2017 жылғы № 312 Бұйрығымен (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
41) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз);
41-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығымен (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
42) осы бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес «Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
42-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
43) осы бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес «Тауарларды кедендік тазарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
44) осы бұйрыққа 44-қосымшаға сәйкес «Халықаралық тасымалдау көлiк құралын кедендiк пломбалар мен мөрлер салынған тауарларды тасымалдауға жiберу туралы куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
44-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 16.05.2017 жылғы № 312 Бұйрығына сәйкес (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
44-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
45) осы бұйрыққа 45-қосымшаға сәйкес «Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
46) осы бұйрыққа 46-қосымшаға сәйкес «Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
47) осы бұйрыққа 47-қосымшаға сәйкес «Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
48) осы бұйрыққа 48-қосымшаға сәйкес «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
49) осы бұйрыққа 49-қосымшаға сәйкес «Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
50) осы бұйрыққа 50-қосымшаға сәйкес «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы демпингке қарсы өтемақы баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындауын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
50-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
51) осы бұйрыққа 51-қосымшаға сәйкес «Кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
51-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
52) осы бұйрыққа 52-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
53) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз);
1-тармақ 53-тармақшамен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 20.01.2016 жылғы № 21 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
53-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығымен (04.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
54) осы бұйрыққа 54-қосымшаға сәйкес «Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
1-тармақ 54-тармақшамен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Қазақстан Республикасының кеден органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 292 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9659 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 6 тамызда жарияланған).
2) «Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 298 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9654 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 29 тамызда жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д. Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 4 маусымдағы
№ 348 бұйрығына
54-қосымша
Осы Бұйрық 54-қосымшамен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 12.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме алу үшін өтініштерді қабылдауды және көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші) қызмет көрсету орталығы (одан әрі – ҚКО) немесе мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық жүйелерінің «Салық төлеушілер кабинеті» веб-қосымшасы (одан әрі – Салық төлеушілер кабинеті) арқылы;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының салықтық өтінішті, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар):
көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен құжаттарды қабылдауға жауапты қызметкер:
жеке басын куәландыратын құжатпен салықтық өтініште көрсетілген деректерді салыстырып тексереді (жеке тұлғаның мүддесін білдіру кезінде нотариат куәландырған сенімхаттың болуын тексереді, онда қызмет алушының уәкілетті өкілінің өкілеттігінің нақты тізбесі көрсетілуі тиіс немесе заңды тұлғаның мүддесін білдіруде сенімхат ұсыну кезінде басшының қолының және заңды тұлғаның мөрінің болуын тексереді) – 2 (екі) минут;
салық төлеушінің салықтық өтініштегі көрсетілген деректерін «Интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесіндегі (бұдан әрі – ИСАЖ АЖ) тіркеу деректеріндегі бар мәліметтермен салыстырып тексереді – 5 (бес) минут;
салықтық өтініштің екінші данасында ОБДШ АЖ-де берілген құжаттың кіріс нөмірі, өзінің тегі, аты-жөні көрсетіледі және оған қолын қояды – 3 (үш) минут;
2) құжатты өңдеуге жауапты бюджетпен есеп айырысу жағдайы туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша дербес шоттан көшірмені өңдейді (бұдан әрі – көшірме) – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
3) құжаттарды беруге жауапты қызметкер, көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінген кезде шығыс құжаттарын, осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2-қосымшасына сәйкес шығыс құжаттарын беру журналына (бұдан әрі – Журнал) тіркейді және оларды Журналға қол қойғызып қолма-қол береді – 10 (он) минут.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің ҚКО қызметкерлері қатысады.
7. Құжаттарды қабылдауға жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінішті қабылдайды, тексереді, тіркейді.
8. Құжаттарды қабылдауға жауапты қызметкер құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкерге өтінішті береді.
9. Құжаттарды беруге жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінген кезде шығыс құжаттарын Журналда тіркейді және оларды Журналға қол қойғызып қолма-қол береді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды қағаз жеткізгіште келу тәртібімен Мемлекеттік корпорацияға табыс ету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары):
1) Мемлекеттік корпорациясы қыметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды, тексереді, тіркейді және оларды қабылдау туралы қолхат береді – 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік корпорация қызметкері ақпараттық жүйе арқылы, электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған, электронды көшірме нысанында көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды береді;
2) көрсетілетін қызметті беруші келіп түскен құжаттарды өңдейді және ақпараттық жүйе арқылы, ЭЦҚ куәландырылған, электронды нысандағы шығыс құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері қолхатпен шығыс құжаттарын береді – 15 (он бес) минут.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну және рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілік тәртібі көрсетілетін функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы, осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген:
1) көрсетілетін қызметті алушы электрондық-цифрлі қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігі арқылы порталда тіркеледі, ол көрсетілетін қызмет алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады, бұл ретте жүйе жеке тұлғалар мемлекеттік деректер базасынан/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер базасынан (бұдан әрі – ЖК МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер автоматты түрде алады және сақтайды (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін/бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН/БСН), паролді (авторландыру процесі) енгізу не мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен авторландыру үдерісі;
3) 1-шарт – логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын, сондай-ақ көрсетілетін қызмет алушы туралы мәліметтерді порталда тексеру;
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны порталда қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдап алуы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен форматты талаптарын есепке ала отырып нысандарды (деректерді енгізу) толтыру, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының деректерi туралы электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы ЖТ МДБ/ЗТ МДБ автоматты сұрау салулар жіберу;
6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-ғы деректерiн тексеру;
7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да деректері расталмағандығына байланысты сұрау салған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыруы, қол қоюы үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
9) 3-шарт - ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және тізімде қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестендіру деректеріне сәйкес келуін порталда тексеру;
10) 6-үдеріс –көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағандығына байланысты сұратып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін ОБДШ АЖ-ге жіберу;
13) 4-шарт - көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуын тексеру (өңдеу);
14) 9-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ОБДШ АЖ-де қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
12. Көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының СТК арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну және рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілік тәртібі көрсетілетін функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы, осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшада келтірілген:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзiнiң ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегiмен СТК тiркеудi жүзеге асырады;
2) 1-үдеріс - мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен көрсетілетін қызметті алушының СТК-да авторландыруы;
3) 1-шарт – логин, ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердiң, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердің түпнұсқалығын СТК тексеру;
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны СТК қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдап алуы;
6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының тіркеу деректерiн тексеру;
7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректері расталмағандығына байланысты сұратып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыруы, қол қоюы үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
9) 3-шарт – СТК-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және тізімде қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректеріне (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкес келуін тексеру;
10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағандығына байланысты сұратып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуі үшін сұрау салуды куәландыруы;
12) 8-үдеріс – мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылым мен форматты талаптарды есепке ала отырып нысандарды толтыру (деректерді енгізу);
15) 4-шарт – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын тексеру (өңдеу);
16) 11-үдеріс – бұзышылықтардың болуына байланысты сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
17) 12-үдеріс – ОБДШ АЖ салықтық өтінішті қабылдау туралы ақпаратты СТК-ға жіберу;
18) 13-үдеріс – парталда және СТК-де көрсетілетін қызметті алушының ОБДШ АЖ-де қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
13. «Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалықтары осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4, 5, 6 және 7-қосымшаларында келтірілген.
«Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі 
туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер 
туралы жеке шоттынан үзінді көшірме» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
регламентіне
1-қосымша

№№ р/с

Салық төлеуші

Шығыс құжаты туралы мәліметтер

Шығыс құжатын алушының Т.А.Ә

Шығыс құжатын алу үшін табыс етілген құжаттың атауы (сенімхат, жеке басының куәлігі және т.б.)

Қолы

Шығыс құжатын беру күні

Атауы, Т.А.Ә.

ЖСН/БСН

Атауы

Нөмірі

Сериясы


 


 


 


 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, 
сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы 
жеке шоттынан үзінді көшірме»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы
«Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі 
туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер 
туралы жеке шоттынан үзінді көшірме»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
СТК арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде өзара іс-қимылдың функционалдық диаграммасы  
«Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, 
сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке 
шоттынан үзінді көшірме» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша
«Бюджетпен Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
«Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, 
сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке 
шоттынан үзінді көшірме» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет регламентіне
5- қосымша
Мемлекеттік корпорация арқылы «Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме» Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
«Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, 
сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке 
шоттынан үзінді көшірме» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет регламентіне
6-қосымша
Портал арқылы «Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме» Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
«Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, 
сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы 
жеке шоттынан үзінді көшірме» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет регламентіне
7-қосымша
СТК арқылы «Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме» Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы