• Мое избранное
Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау
Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына 1-қосымша

«Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығымен (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.06.2017 жылғы № 368 Бұйрығымен (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.12.2017 жылғы № 901 Бұйрығына сәйкес (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 515 Бұйрығына сәйкес
Редакция 30.11.2019 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлiктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы www.elicense.kz, (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі:
кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы беру – 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей;
кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама, кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасы немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық түрде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушыға) көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі мен жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
  • 1
9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
кәсіби дипломының электрондық көшірмесі;
кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысының электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы№ 907 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде№ 6697 болып тіркелген, 086/е нысанды медициналық анықтама);
2) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.  
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті беруші барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинетіне» аттестаттаудан өту орны мен уақыты туралы хабарлама жібереді.
  • 1
10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оның құрамындағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларында белгіленген талаптарға, және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің2015 жылғы 19 қазандағы № 995 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі.
Портал арқылы ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электронды құжат түрдегі нысанда өтінішті одан әрі қараудан уәждемелі бас тартуды жібереді.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:  
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13 және 13-1-тармақтарында көрсетілген мекенжайлар бойынша қызметті беруші басшысының атына немесе Министрліктің басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымдар портал арқылы жөнелтілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты және почта мекенжайы көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: Министрліктің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында, «Көлік комитеті» бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» кіші бөлімінде орналастырылған.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.11.2019 жылғы № 825 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-1. Министрліктің мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы: miid@miid.gov.kz, (8-7172) 98-33-11 телефоны немесе Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогына (www.miid.gov.kz мекенжайы бойынша Министрліктің интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогы» парағы).
13-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.11.2019 жылғы № 825 Бұйрығына сәйкес (27.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алады.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
«Кемелердің командалық
құрамының адамдарын аттестаттау»
стандартына 1-қосымша
Нысан
Кемелердің командалық құрамының
адамдарына диплом беру
және оларды аттестаттау
жөніндегі комиссияның
төрағасына_____________________
облысы (қаласы)
______________________________
_______________________________
 (Т.А.Ә., ЖСН)
Өтініш
Сізден мені [Лауазым] [Топтар] лауазымына кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізуге жіберуіңізді сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
 1. __________________________________________________________;
 2. __________________________________________________________;
 3. __________________________________________________________;
4. ...
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
 20___жылғы «____» __________        ________________________                                     (өтініш берушінің қолы)
«Кемелердің командалық
құрамының адамдарын аттестаттау»
стандартына 2-қосымша
Нысан
Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау жөніндегі комиссияның төрағасына_____________________
облысы (қаласы)
_______________________________ _______________________________
 (Т.А.Ә., ЖСН)
Өтініш
  _______________________________________________________________                      (себебін көрсету)  _______________________________________________________________ байланысты Сізден [Лауазым] лауазымына [Топтар] кемелердің командалық  құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы № [Анықтаманың нөмірі] [Анықтама берілген күн] анықтаманың телнұсқасын беруіңізді сұраймын. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1. __________________________________________________________; 2. ... Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде  қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. 20___жылғы «____» __________                     ________________________                                                  (өтініш берушінің қолы)