• Мое избранное
Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру
Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына 2-қосымша

«Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 515 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 21.06.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлiктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
кәсіби дипломды беру – 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей;
1-тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.06.2017 жылғы № 368 Бұйрығына сәйкес (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
кәсіби дипломның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
2) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – кәсіби диплом, кәсіби дипломның телнұсқасы немесе осы мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап.
6-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.06.2017 жылғы № 368 Бұйрығына сәйкес (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін берудің нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен орнын көрсете отырып, хабарлама жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз негізде жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
1-тармақшаның бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
мемлекеттік қызмет (көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша) жылдамдатылған қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкін;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
1-тармақшаның бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
кәсіби дипломды алу үшін:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттардың (дипломның) көшірмелері;
жүзу өтiлiн растайтын құжат;
кемедегi жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/е нысанды медициналық анықтама, Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 6697 болып тіркелді);
мөлшері 3,5х4,5 сантиметр екі фотосурет;
кәсіби дипломның телнұсқасын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға нысан өтiнiш;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
мөлшері 3,5х4,5 сантиметр бір фотосурет;
2) порталға:
Жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім туралы құжатты (дипломды) алу үшін:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттардың (дипломның) электрондық көшірмелері;
жүзу өтiлiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысының электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/е нысанды медициналық анықтама нормативтік құқықтық актілер тізімінде № 6697 болып тіркелген);
мөлшері 3,5х4,5 сантиметр екі фотосурет (қызметті берушіге емтихан тапсырған күнде ұсынылады);
кәсіби дипломның телнұсқасын алу үшін:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
мөлшері 3,5х4,5 сантиметр бір фотосурет электрондық құжат түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
9-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірме жасайды, одан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
9-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызмет алушы келісім береді.
Мемлекеттік корпорация құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушы тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
9-тармақтың бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (не оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат ұсынған кезде) осы тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
9-тармақтың алтыншы бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті алушы бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібіреді.
9-тармақтың жетінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет атқарудан мынадай негіздер бойынша бас тартады:
10-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.06.2017 жылғы № 368 Бұйрығына сәйкес (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетің атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларында белгіленген талаптарға және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеу.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Портал арқылы ұсынылған құжаттардың толық болмау жағдайы анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні мерзімде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электронды түрдегі нысанда өтінішті одан әрі қарастырудан уәждемелі бас тартуды жібереді.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-бөлімнің атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану, шағым мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта, не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғаның растау нөмірі, күні,оны қабылдаған тұлғаның тегі,байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік корпорация басшысына Мемлекеттік корпорация www.gov4c.kz. интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
11-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
11-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.06.2017 жылғы № 368 Бұйрығына сәйкес (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымдардың Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
11-тармақтың бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11-тармақтың сегізінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетте» мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар
4-бөлімнің атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп туру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
14-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығымен (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.06.2017 жылғы № 368 Бұйрығына сәйкес (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) Министрліктің – www.mid.gov.kz интернет-ресурсында («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілген қызметтер» кіші бөлімінде);
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz.интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦК болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі болады.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.
«Кемелердің командалық құрамының
адамдарына диплом беру» стандартына
1-қосымша
Нысан
Кемелердің командалық құрамының
адамдарына диплом беру және оларды
аттестаттау жөніндегі комиссияның
төрағасына ______________________
 облысы (қаласы)
_________________________________
_________________________________
(Т.А.Ә.А, ЖСН)
Өтініш
Сізден мені [Лауазымы] [Тобы] мамандығы бойынша кемелердің
командалық құрамының адамдарына диплом беруді өткізуге жіберуді
сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1. __________________________________________________________;
      2. __________________________________________________________;
      3. __________________________________________________________;
      4. __________________________________________________________;
      5. __________________________________________________________;
6. ...
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,
мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
        20___ж. «____» __________            ________________________
                                            (өтініш берушінің қолы)
«Кемелердің командалық құрамының
адамдарына диплом беру» стандартына
2-қосымша
Нысан
Кемелердің командалық құрамының
адамдарына диплом беру және оларды
аттестаттау жөніндегі комиссияның
төрағасына _______________________
 облысы (қаласы)
__________________________________
__________________________________
 (Т.А.Ә.А, ЖСН)
Өтініш
Сізден [Лауазым] лауазымына [Топ] № [Дипломның нөмірі]
[Дипломның берілген күні] дипломның телнұсқасын мынаған байланысты
беруіңізді сұраймын:_________________________________________________
                                 (себебін көрсету) 
_____________________________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттар ұсынылады:
      1. __________________________________________________________;
      2. __________________________________________________________;
3. ...
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,
мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
        20___ж. «____» __________          ________________________
                                         (өтініш берушінің қолы)
«Кемелердің командалық құрамының
 адамдарына диплом беру»
 мемлекеттiк көрсетілетін
 қызмет стандартына
 3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 45 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Нысан
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі,
 аты, болса әкесінің аты не ұйымының
 атауы)
 _____________________________________
 (көрсетілетін қызметті
 алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайы көрсетілсін) «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
       1) _______________________________;
       2) _______________________________;
3) …
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
_______________________________________
 Т.А.Ә. («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері)         (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә.______________
 Телефон:__________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
      20__ жылғы«__» _________