Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына
5-қосымша
Toggle Dropdown
«Кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 18.08.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
Toggle Dropdown
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);
Toggle Dropdown
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
Toggle Dropdown
кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру – 7 (жеті) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Toggle Dropdown
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлік, кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің телнұсқасы.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен орнын көрсете отырып, хабарлама жіберіледі.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді. Алым мөлшерлемесі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және мыналарды:
Toggle Dropdown
1) кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін:
Toggle Dropdown
жеке тұлғалардан – 1 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);
Toggle Dropdown
заңды тұлғалардан – 5 АЕК;
Toggle Dropdown
2) кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін – 0,5 АЕК құрайды.
Toggle Dropdown
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-анасының бірі, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар) кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеуден босатылады.
Toggle Dropdown
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, немесе «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. ХҚО-ның жұмыс кестесi:
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
Toggle Dropdown
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік корпорацияға:
Toggle Dropdown
кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi алу үшін:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес кепiл берушiнiң өтініші;
Toggle Dropdown
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
Toggle Dropdown
осы шартта көрсетілген құжаттармен қоса кеменiң ипотекасы туралы шарт;
Toggle Dropdown
кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
Toggle Dropdown
кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес кепіл берушiнiң өтініші;
Toggle Dropdown
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
Toggle Dropdown
кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Toggle Dropdown
2) порталға:
Toggle Dropdown
кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi алу үшін:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Toggle Dropdown
өкіл арқылы өтініш берілген жағдайда нотариат куәландырған сенімхаттың электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
осы шартта көрсетілген құжаттармен қоса кеменiң ипотекасы туралы шарттың электронды көшірмесі;
Toggle Dropdown
ЭУТШ арқылы төлемді қоспағанда, кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Toggle Dropdown
өкіл арқылы өтініш берілген жағдайда нотариат куәландырған сенімхаттың электронды құжат көшірмесі;
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың, көрсетілетін қызметті алушы кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру үшін алым сомасының бюджетке төлегенін (алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) куәландыратын құжаттың мәліметін көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
Toggle Dropdown
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға осы тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілген қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының барлық қажетті құжаттарды беру кезінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш қабылдау туралы мәртебесі көрсетіледі.
Toggle Dropdown
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану; шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Toggle Dropdown
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Toggle Dropdown
ХҚО қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ХҚО басшысына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағы мен 14-тармағы 2-тармақшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік корпорация филиалының басшысына Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
Toggle Dropdown
Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа койылады).
Toggle Dropdown
Портал арқылы шағымданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
1) Жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
Toggle Dropdown
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар
Toggle Dropdown
13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп тұру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдау Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.
Toggle Dropdown
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Toggle Dropdown
1) Министрліктің интернет-ресурсында www.mid.gov.kz («Көлік комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» кіші бөлімінде);
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында;
Toggle Dropdown
3) порталда орналастырылған.
Toggle Dropdown
15. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электронды нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі болады.
Toggle Dropdown
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.
Toggle Dropdown
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.
Toggle Dropdown
"Кеменің ипотекасын мемлекеттік
тіркеу және кеме ипотекасының
мемлекеттік тіркелгенін растайтын
құжаттың телнұсқасын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрлігі Көлі комитетінің
_________________ облысы (қаласы)
бойынша аумақтық органының басшысы
________________________________
(Т.А.Ә.А)
________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
жеке тұлғаның бизнес-сәйкестендіру
нөмірі немесе Т.А.Ә.А. мен ЖСН, тел.)
Toggle Dropdown
Сізден ________________________________________________________
Toggle Dropdown
тиесілі кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті/кеменің
Toggle Dropdown
ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын (керек
Toggle Dropdown
емесін сызып тастау) беруді сұраймын.
Toggle Dropdown
Кемені сәйкестендіретін деректер (кеменің атауы, тіркеу нөмірі,
Toggle Dropdown
тіркеу орны, тіркелу нөмірі, кеменің үлгісі мен класы, тоннажы)
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Ипотеканың кепіл берушісінің аты мен мекенжайы_________________
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Ипотеканың кепіл ұстаушысының аты мен мекенжайын немесе оның
Toggle Dropdown
ұсынушыға белгiленгенi туралы мәліметтер ____________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Екі немесе одан да көп кемеге ипотека белгілеген кезде
Toggle Dropdown
ипотекамен қамтамасыз етілген мiндеттемелердiң ең жоғары мөлшері;
Toggle Dropdown
тараптардың бұл туралы келiсiмi болған кезде, міндеттемемен жеке-жеке
Toggle Dropdown
әрбір кеме қамтамасыз етілетін мөлшер _______________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Кеме ипотекасының аяқталу күні ________________________________
Toggle Dropdown
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен
Toggle Dropdown
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Toggle Dropdown
____________________ _______________ ______________________
Toggle Dropdown
Лауазымы (қолы) Т.А.Ә.А.
Toggle Dropdown
20__ жылғы «____» __________
Toggle Dropdown
«Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу
және кеме ипотекасының мемлекеттік
тіркелгенін растайтын құжаттың
телнұсқасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Toggle Dropdown
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
болса әкесінің аты не ұйымының атауы)
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету керек) «Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Toggle Dropdown
Жоқ құжаттардың атауы:
Toggle Dropdown
1) _______________________________;
Toggle Dropdown
2) _______________________________;
Toggle Dropdown
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Т.А.Ә. («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері) (қолы)
Toggle Dropdown
Орындаушы: Т.А.Ә.______________
Toggle Dropdown
Телефон_______________
Toggle Dropdown
Алды: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
Toggle Dropdown
20__жылғы «__» _________