• Мое избранное
АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу
Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына 4-қосымша

«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-180/2020 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 13.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 жылғы № 464 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-86 Бұйрығына сәйкес (27.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-128 Бұйрығына сәйкес (24.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 жылғы № 464 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-128 Бұйрығына сәйкес (24.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) зерттеп-қараудың теріс нәтижесі жағдайында – 3 (үш) жұмыс күні, ауылдық жерлер үшін 5 (бес) жұмыс күні;
зерттеп-қараудың оң нәтижесінде - 15 (он бес) жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз түрінде:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-128 Бұйрығына сәйкес (24.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерге (АИТВ 1, 2) және р24 антиденелерге зерттеп-қарау нәтижесі;
2) АИТВ инфекциясының антиденесін зерттеп-қарау туралы анықтама -сертификат (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу мақсатында талап ету бойынша) «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11145 болып тіркелген) және «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 508 бұйрығына сәйкес (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11803 болып тіркелген) жүргізіледі.
Анықтама оны берген сәтінен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды.
«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін медициналық ұйымдар «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 201/е нысан бойынша жолдама береді.
18 жасқа дейінгі тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетілген жағдайда нәтижесі оның ата-анасына немесе заңды өкіліне беріледі.
7. Мемлекеттік қызмет мына адамдарға тегін көрсетіледі:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-128 Бұйрығына сәйкес (24.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы азаматтары мен оралмандарына;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға;
«Медициналық қызметтер көрсету тәртібі бөлігінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы келісімді іске асыру тетігі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы Хаттамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттары үшін.
Осы тармақта көрсетілмеген адамдарға, мемлекеттік қызметті ақылы шартта көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету құнын көрсетілетін қызметті беруші «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес айқындайды және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында не көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналастырылады.
Төлем қолма-қол төлеу, банктік карта немесе көрсетілетін қызметті беруші ұйымының шотына аудару арқылы жүргізіледі.
8. Көрсетілген қызметті берушінің жұмыс кестесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармақшасында көрсетілген.
Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу және тездетіп қызмет көрсету көзделмеген.
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.09.2019 жылғы № ҚР ДСМ-128 Бұйрығына сәйкес (24.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті құпия медициналық зерттеп-қарау, АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қызметін алған кезде-жеке басын куәландыратын құжат.
2) АИТВ-инфекциясының бар-жоғына анонимді медициналық зерттеп-қарау қызметін алған кезде құжаттар талап етілмейді, тұтынушыға жеке код беріледі.
9-1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 жылғы № 464 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 жылғы № 464 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне): мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына шағым беру арқылы шағымданады.
10-тармақтың бірініш бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-86 Бұйрығына сәйкес (27.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
010000, Астана қ., Орынбор к-сі, 8, Министрлер үйі, кіреберіс № 5
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңесінде шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымымен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 жылғы № 464 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде немесе көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналастырылған.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-86 Бұйрығына сәйкес (27.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы қашықтықтағы қолжетімділік режімінде бірыңғай байланыс-орталығы арқылы ақпараттарды алуға мүмкіндігі бар.
Порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы ала алады.
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-86 Бұйрығына сәйкес (27.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)