Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 355 бұйрығына
5-қосымша
Toggle Dropdown
«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
Редакция 05.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелді) бекітілген «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жер учаскесіне жеке меншік құқығына акт не Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
4. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тиісті құжаттармен (бұдан әрі – құжаттар) қоса Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Процесс құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (оператор) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды құжаттар түскен күні 15 минут ішінде қабылдауды және тексеруді, оларды тіркеуді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы қолхат береді;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері көрсетілетін қызмет алушыдан қабылдаған құжаттарды түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) тапсырады;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы) оларды дайындап, 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағатқа) тапсырады.
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
Toggle Dropdown
4) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінің (техникалық мұрағаттың) жұмыскері 1 жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттарды тіркейді, мұрағаттан мүкаммалдық жер-кадастрлық істерді көтереді, оларға материалдарды қоса тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік жер кадастры (бұдан әрі – МЖК) бөліміне тапсырады;
Toggle Dropdown
5) МЖК бөлімінің жұмыскері 1 жұмыс күні ішінде тапсырыс бланкілерін толтырады, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып, тігеді, кадастрлық нөмірін береді және көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) бөліміне тапсырады.
Toggle Dropdown
Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер бар болған жағдайда, МЖК бөлімінің жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты әзірлейді және жібереді;
Toggle Dropdown
6) МЖК ААЖ бөлімінің жұмыскері 2 жұмыс күні ішінде атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ деректер базасына енгізеді, сәйкестендіру құжатын басып шығарады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсынады;
Toggle Dropdown
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 сағат ішінде сәйкестендіру құжатына қол қояды және оны құжаттарды қабылдау және беру бөліміне береді;
Toggle Dropdown
8) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің жұмыскері 2 сағат ішінде сәйкестендіру құжатын елтаңбалық мөрмен куәландырады және тіркейді;
Toggle Dropdown
9) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің жұмыскері 2 сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) тапсырады;
Toggle Dropdown
10) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдайды және 1 сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскеріне (маманына) жолдайды;
Toggle Dropdown
11) талон негізінде және жеке куәлігін және (немесе) сенімхат ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
Toggle Dropdown
Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижесін алуға көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оның беру секторында бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағатқа) тапсырады.
Toggle Dropdown
«Электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды.
Toggle Dropdown
6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдарының) нәтижесі:
Toggle Dropdown
1) нәтижесі кіріс нөмірі бар тіркелген құжат болып табылатын құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің 15 минут ішінде құжаттарды қабылдауы және тексеруі;
Toggle Dropdown
2) қабылданған құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) курьер арқылы 30 минут ішінде тапсыру;
Toggle Dropdown
3) қабылданған құжаттарды 1 жұмыс күні ішінде жүйелендіру және сақтау бөлімінде (техникалық мұрағатта) тіркеу, мұрағаттан мүкаммалдық жер-кадастрлық істерді көтеру, оларға материалдарды қосып тіркеу және оны МЖК бөліміне тапсыру;
Toggle Dropdown
4) 1 жұмыс күні ішінде МЖК бөлімінде тапсырыс бланкілерін толтыру, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып, тігу, кадастрлық нөмір беру және материалдарды көрсетілетін қызметті берушінің МЖК ААЖ бөліміне тапсыру.
Toggle Dropdown
Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап әзірленеді және жіберіледі;
Toggle Dropdown
5) 2 жұмыс күні ішінде МЖК ААЖ бөлімінде атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ деректер базасына енгізу, сәйкестендіру құжатын басып шығару және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру;
Toggle Dropdown
6) көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2 сағат ішінде сәйкестендіру құжатына қол қойып және құжаттарды қабылдау және беру бөліміне тапсыруы;
Toggle Dropdown
7) сәйкестендіру құжатын 2 сағат ішінде құжаттарды қабылдау және беру бөлімінде тіркеу;
Toggle Dropdown
8) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру.
Toggle Dropdown
Электрондық сұраным жасалған кезде көрсетілетін қызметті берушінің маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды.
Toggle Dropdown
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (оператор);
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы);
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінің (техникалық мұрағаттың) жұмыскері;
Toggle Dropdown
4) көрсетілетін қызметті берушінің МЖК бөлімінің жұмыскері;
Toggle Dropdown
5) көрсетілетін қызметті берушінің МЖК ААЖ бөлімінің жұмыскері;
Toggle Dropdown
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
Toggle Dropdown
7) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің жұмыскері;
Toggle Dropdown
8) көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскері.
Toggle Dropdown
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (жұмыскерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдарының) бірізділігінің сипаттамасы:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (оператор) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды құжаттар түскен күні 15 минут ішінде қабылдауды және тексеруді, оларды тіркеуді жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері көрсетілетін қызмет алушыдан қабылдаған құжаттарды құжаттар түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) тапсырады (15 минут);
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы) оларды дайындап, 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағатқа) тапсырады;
Toggle Dropdown
4) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінің (техникалық мұрағаттың) жұмыскері 1 жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттарды тіркейді, мұрағаттан мүкаммалдық жер-кадастрлық істерді көтереді, оларға материалдарды қоса тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің МЖК бөліміне тапсырады;
Toggle Dropdown
5) МЖК бөлімінің жұмыскері 1 жұмыс күні ішінде тапсырыс бланкілерін толтырады, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып, тігеді, кадастрлық нөмірін береді және көрсетілетін қызметті берушінің МЖК ААЖ бөліміне тапсырады.
Toggle Dropdown
Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер бар болған жағдайда, МЖК бөлімінің жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты әзірлейді және жібереді;
Toggle Dropdown
6) МЖК ААЖ бөлімінің жұмыскері 2 жұмыс күні ішінде атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ деректер базасына енгізеді, сәйкестендіру құжатын басып шығарады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсынады;
Toggle Dropdown
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 сағат ішінде сәйкестендіру құжатына қол қояды және оны құжаттарды қабылдау және беру бөліміне береді;
Toggle Dropdown
8) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің жұмыскері 2 сағат ішінде сәйкестендіру құжатын елтаңбалық мөрмен куәландырады және тіркейді;
Toggle Dropdown
9) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің жұмыскері 2 сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) тапсырады;
Toggle Dropdown
10) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдайды және 1 сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскеріне (маманына) жолдайды;
Toggle Dropdown
11) талон негізінде және жеке куәлігін және (немесе) сенімхат ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
Toggle Dropdown
ЭҮП арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды.
Toggle Dropdown
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өту рәсімдерінің (іс-қимылдың) бірізділігі сипаттамасының блок-схемасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен» және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП арқылы жүгіну тәртібінің сипаттамасы және мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі:
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда көрсетіледі.
Toggle Dropdown
1) көрсетілдетін қызметті алушы ЭҮП-де өзін тіркеуді жеке сәйкестендіру немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН (БСН) арқылы жүзеге асырады (ЭҮП-де тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
Toggle Dropdown
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті алу үшін ЭҮП-ге ЖСН (БСН) және парольді енгізуі (авторландыру процесі);
Toggle Dropdown
3) 1-шарт – ЭҮП-де ЖСН (БСН) және пароль арқылы көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
Toggle Dropdown
4) 2-процесс – ЭҮП-де көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
Toggle Dropdown
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы үшін өтініш нысанын экранға шығару, өтінішті куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігін таңдау;
Toggle Dropdown
6) 2-шарт – ЭҮП-де ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұранымда көрсетілген ЖСН (БСН) және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН (БСН) арасындағы) тексеру;
Toggle Dropdown
7) 4-процесс – ЭҮП электрондық құжатты (өтінішті) МЖК ААЖ-да тексеру үшін «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жібереді;
Toggle Dropdown
8) 3-шарт – көрсетілетін қызметті беруші 2 жұмыс күні ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесінің толықтығын тексереді.
Toggle Dropdown
Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, МЖК бөлімінің жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап дайындайды және жібереді;
Toggle Dropdown
9) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған мемлекеттік қызметті көрсетудің төлем шотын қалыптастырады;
Toggle Dropdown
10) 4-шарт – көрсетілетін қызметті алушы 2 жұмыс күні өткеннен кейін өтінішті тексерудің нәтижесін алады;
Toggle Dropdown
11) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушы қызметті көрсетудің төлем шотын алғаннан кейін «электрондық үкімет» төлем шлюзі ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭҮТШ АЖ) арқылы төлем жүргізу нысанына өтеді, төлем картасының (есеп шотының) қажетті деректерін толтырады;
Toggle Dropdown
12) 7-процесс – көрсетілетін қызметті беруші ЭҮТШ АЖ-дан жүргізілген төлем туралы растауды алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін дайындайды;
Toggle Dropdown
13) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижесін (сәйкестендіру құжатын) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функциялық өзара іс-қимылының диаграммасы графикалық нысанда осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылдарының егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке нысан бойынша 3-қосымшаға сәйкес «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
Toggle Dropdown
«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына
актілерді ресімдеу және беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Toggle Dropdown
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өту рәсімдерінің (іс-қимылдың) бірізділігі сипаттамасының блок-схемасы
Toggle Dropdown
|
Құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің құжаттарды қабылдауы және тексеруі, оның нәтижесі кіріс нөмірі бар тіркелген құжат болып табылады (15 минут)
|
|
Қабылданған құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағатқа) құжаттарды қабылдау күні тапсыру
|
|
Қабылданған құжаттарды 1 жұмыс күні ішінде жүйелендіру және сақтау бөлімінде (техникалық мұрағатта) тіркеу, мұрағаттан мүкаммалдық жер-кадастрлық істерді көтеру, оларға материалдарды қосып тіркеу және оны МЖК бөліміне тапсыру
|
|
Қабылданған құжаттарды МЖК бөлімінде тексеру және материалдарды МЖК ААЖ бөліміне тапсыру (1 жұмыс күні). Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, 1 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжд жауап дайындалады және жіберіледі
|
|
2 жұмыс күні ішінде МЖК ААЖ бөлімінде тапсырыс бланкілерін толтыру және жер-кадастрлық істерді қалыптастырып, тігу, атрибутивтік және графикалық деректерді МЖК ААЖ деректер базасына енгізу, кадастрлық нөмір беру, сәйкестендіру құжатын басып шығару және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру
|
|
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының 4 сағат ішінде сәйкестендіру құжатына қол қоюы және оны құжаттарды қабылдау және беру бөліміне тапсыруы
|
|
Сәйкестендіру құжатын 4 сағат ішінде құжаттарды қабылдау және беру бөлімінде тіркеу
|
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға 15 минут ішінде беру
Toggle Dropdown
Жер учаскесіне жеке меншік
құқығына актілерді ресімдеу және беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функциялық өзара іс-қимылының графикалық нысандағы диаграммасы
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
«Жер учаскесіне жеке меншік
құқығына актілерді ресімдеу және беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша
Toggle Dropdown
«Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Toggle Dropdown