Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
537 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
1
Ішкі су жолдарымен жүзу қағидалары
Toggle Dropdown
Редакция 21.08.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Ішкі су жолдарымен жүзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-23) тармақшасына сәйкес әзірленді, ішкі су жолдары бойынша жүзу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Кемелерге және салдарға жазулар (литерлері мен тіркеу нөмірлері) Қазақстан Республикасының «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) сәйкес жазылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Кемелердің қозғалысы және маневр жасау тәртібі
Toggle Dropdown
1-параграф. Жалпы шарттар
Toggle Dropdown
3. Кемелер навигациялық жабдықтаудың латералды жүйесіндегі су жолдарымен жүзген кезде навигациялық жағдайдың белгілері бойынша бағдарлай отырып, кеме жүрісі шегінде қозғалады. Навигациялық жағдай су көлігіндегі уәкілетті бақылау органының аумақтық бөлімшесі бекітетін, кемелер немесе құрамдар габариттері мен су жолының белгіленген арақатынасын сақтай отырып, кеме жүргізуші кеменің немесе құрамның белгіден белгіге қозғалысын қамтамасыз ете алатындай етіп жасалады.
Toggle Dropdown
Белгіленген кеме жүрісінен тыс, сондай-ақ кеме жүрісі жабдықталмаған су жолдарында (олар кеме қатынасы үшін жарамды болған жағдайда) жол жұмыстарын атқаратын немесе бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың кемелері жүзе алады.
Toggle Dropdown
4. Кеме екіжақты қозғалыс учаскелерінде қозғалыс бағыты бойынша оң белдеумен, ал бұл қиын болған жерде (жол, гидрометеорологиялық немесе өзге де жағдайлар бойынша) кеме жүрісі өзегін ұстана және бұл ретте қарсы келе жатқан кемелермен сол жақ борттары арқылы қауіпсіз айырылысуға дайындықты қамтамасыз ете отырып жылжиды.
Toggle Dropdown
5. Осы Қағидалардың 4-тармағының талаптары салды тіркеп сүйрейтін кемеге қолданылмайды.
Toggle Dropdown
6. Кемелер бір жақты қозғалыс кезінде, олар бірін-бірі басып озуға ниеттенбесе, берілген жылдамдық кезіндегі өзінің тежеуіштік жолын ескере отырып, берілген жағдайлар үшін өзара қауіпсіз арақашықтықты сақтайды.
Toggle Dropdown
7. Кеме айналымды өтетін кемелердің артқы жағы өткеннен кейін ғана орындайды. Жақындап келе жатқан кемелердің алдында мұндай маневр өзара іс-қимылдарды келіскеннен кейін ғана орындалады.
Toggle Dropdown
8. Жағадан, айлақтан және басқалардан келе жатқан кеме және басқа да айлақтық құрылыстар кеме жолымен жылжып келе жатқан кемелерді кедергісіз өткізеді, ал қосымша кеме жолынан келе жатқан кеме негізгі кеме жолында жүзіп келе жатқан кемені өткізеді. Тең мәнде қиылысатын кеме жолдарындағы кемелер жақындаған кезде өзінің оң жағында басқа кеме жоқ кеменің артықшылығы бар.
Toggle Dropdown
9. Кемелер айлақтарда және рейдтерде маневр жасаған кезде оң борты арқылы бірін-бірі өткізуді өзара келісу бойынша жүзеге асырады; бұл ретте жүрдек кемелер суығыстырым жағдайында болады.
Toggle Dropdown
10. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес көлдер мен су қоймаларында жүзетін және кеме жолынан тыс жүзетін кемелер, бұл ретте осы Қағидалардың 8-тарауында белгіленген, навигациялық жабдықтаудың түбегейлі жүйесіндегі учаскелер үшін тиісті қағидаларды басшылыққа алады.
Toggle Dropdown
11. Ұзындығы 20 метрден кемірек жеке кеме ұзындығы 20 метрден артығырақ кемелер мен құрамдардың қозғалысы мен маневр жасауына қиындық келтірмеуі қажет.
Toggle Dropdown
12. Сусиымдылығынсыз жағдайда жүрдек кемелердің қозғалысына жүзбелі навигациялық белгілер шамсыз кемінде 1 километрден көрінетін және айқын танылатын, тәуліктің жарық уақытында ғана рұқсат етіледі.
Toggle Dropdown
13. Жүрдек кемелер қозғалыс кезінде басқа кемелерге кильватер жасап жүрмейді.
Toggle Dropdown
14. Кемелер мен құрамдар мұзды жағдайларда дербес жүзген кезде осы Қағидаларды басшылыққа алады, керуен құрамында мұздан өткізу кезінде жүзу арнайы ережелермен қосымша регламенттеледі.
Toggle Dropdown
15. Мыналарға рұқсат етілмейді:
Toggle Dropdown
1) кемелердің және басқа да жүзбелі құралдардың ішкі кеме қатынасы жолдарындағы сал ағызу қозғалысына;
Toggle Dropdown
2) авариялық жағдайларды және кешенді қызмет көрсету жағдайларын қоспағанда, борттары байланып қойылған, өздігінен жүретін үш және одан артық кемелердің қозғалысы, бұл ретте қозғалысты және маневр жасауды басқарады, сигнал беруді сол жақ борты бос кеме қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
3) егер жоғары және төмен қозғалыс сол бір аралық арқылы жүзеге асырылатын болса, арналардың, арқанды өтпелердің (кеме жолының кеңдігі 200 метрден кемірек болған кезде) авариялық-жөндеу бөгеуші қақпалары аймағында, сондай-ақ көпірлерден жоғары және төмен 500 метр шегінде кемелердің айырылысуы және бірін-бірі басып озуы.
Toggle Dropdown
Көпірден жоғары және төмен 500 метр шегінде кемелердің айырылысуын және бірін-бірі басып озуын болдырмау олардың арақашықтығы 1 км және одан кемірек көпірлерге қатысты емес және жүрдек кемелер мен ұзындығы 20 метрден кемірек суығыстырымды кемелерге таралмайды;
Toggle Dropdown
4) кеме жолының кеңдігі 200 метрден кемірек болған кезде үш кеме траверзде бір мезгілде болғанда басып озу және айырылысу;
Toggle Dropdown
5) өзара іс-қимылдарды келісусіз жақындап келе жатқан кемелерден 1 километрден кемірек аралықта кеменің қозғалыс белдеуін немесе бүкіл кеме жолын қиып өтуі, бұл ретте барлық жағдайларда қиып өту тік бұрышқа жақын бұрышпен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
15-1. Қысқы мезгілде су бетінде мұз қатпаған акваторияларда кеме қатынасын жүзеге асыру, сол аумақты навигациялық белгілермен жабдықтаған және Қағидалардың барлық талаптарын орындаған жағдайда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
15-2. Жағалаудан жағалауға жүргізілетін паромдық тасымалдар кеме жолын навигациялық белгілермен жабдықталуына қарамастан жүзеге асырылады, паромның жүру кезеңі климаттық жағдайына, яғни нақты навигация әрекеті кезеңінде (су бетінің мұздан арылуы кезінен бастап және тұрақты әрекеті мұздың қатуына дейін) бағдарланады.
Toggle Dropdown
2-параграф. Суығыстырым кемелерінің айырылысуы
Toggle Dropdown
16. Кемелер қарсы бағытталған қозғалыс кезінде жылдамдықтың осы жағдайлары үшін қауіпсіз сол жақ борттарымен айырылысады. Бұл ретте әрбір кеме бұл қаншалықты қажет және қауіпсіз екендігіне қарай, оң жаққа уақтылы ауытқу бойынша шаралар қабылдайды және қарсы келе жатқан кеме артта қалғанға дейін осылай жылжи береді.
Toggle Dropdown
17. Жол жағдайлары немесе қандай да бір себептер бойынша айырылысу қиындағанда, жоғары қарай келе жатқан кеме төмен қарай келе жатқан кемені байқаған сәттен бастап, өзінің қозғалысын кездесу неғұрлым қолайлы жерде өтетіндей етіп реттейді. Бұл ретте ол мұның қаншалықты қажет және қауіпсіз екендігіне қарай алдын ала оңға ауытқу бойынша шаралар қабылдайды және қарсы келе жатқан кемені сол жақ борты бойынша өткізуді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
18. Қарсы келе жатқан кемені сол жақ борты бойынша өткізу мүмкін болмаған жағдайда жоғары қарай келе жатқан кеме алдын ала бағыт бойынша сол жаққа неғұрлым қолайлы орынға өту жөнінде шаралар қабылдайды және солға ауытқиды, мұның қаншалықты қажет және қауіпсіз екендігіне қарай, қарсы келе жатқан кемені оң жақ борты бойынша өткізуді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
19. Төмен қарай келе жатқан кеме өткізуші кемеге жақындаған кезде жылдамдықты алдын ала азайту (ең аз шамасына дейін) шараларын қабылдайды, мұның қаншалықты қажет және қауіпсіз екендігіне қарай тиісті жағына ауытқиды және өткізуші кеме артта қалғанға дейін осылай жылжи береді.
Toggle Dropdown
20. Жоғары қарай келе жатқан кеме алдын ала бірінші болып, ал жол жағдайлары бойынша шектеулі шолу жағдайында - қарсы келе жатқан кемені көзбен шолып анықтаған кезде:
Toggle Dropdown
1) сол жақ борты бойынша айырылысқан (өткізген) кезде – сол жақ борттан бұлғау;
Toggle Dropdown
2) оң жақ борты бойынша өткізген кезде – оң жақ борттан бұлғау жасайды.
Toggle Dropdown
21. Төмен қарай келе жатқан кеме тиісті борттан бұлғау арқылы айырылысудың (өткізудің) көрсетілген жағын қабылдайды және дереу растайды.
Toggle Dropdown
22. Кеме артқы жүрісінде кеме жолымен келе жатқан кемені оның осіне қаратылған борты жағынан өткізеді, ол үшін ол бірінші болып үш қысқа дыбыс береді және тиісті борттан бұлғау жасайды.
Toggle Dropdown
23. Жүрдектерін алғанда, кемелер кеме жолына көлденең біріне-бірі қарсы қозғалыс кезінде кез келген борттарымен айырылысады, айырылысу жағын оң жағалаудан келе жатқан кеме анықтайды және оны алдын ала бұлғау арқылы көрсетеді.
Toggle Dropdown
3-параграф. Сал құрамдары бар кемелердің айырылысуы
Toggle Dropdown
24. Салды тіркеп сүйреуге алған кеме алдын ала бірінші болып, ал жол жағдайлары бойынша шектеулі шолу кезінде - қарсы келе жатқан кемені көзбен шолып анықтау кезінде бұлғау арқылы айырылысу немесе өткізу жағын көрсетеді.
Toggle Dropdown
25. Қарсы келе жатқан кеме дереу тиісті бортынан бұлғау жасайды және сал сүйрейтін кеме көрсеткен бортпен айырылысуды немесе өткізуді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4-параграф. Кемелерді, құрамдарды және сал құрамдарын басып озу
Toggle Dropdown
26. Басып озу қуып жетілетін кеменің (құрамның) сол жақ борты бойынша жүзеге асырылады. Оң жақ борты бойынша басып озуға ерекшелік ретінде, жол, метеорологиялық немесе басқа жағдайлар себебінен сол жақ борты бойынша басып озу қиын болғанда рұқсат етіледі.
Toggle Dropdown
27. Басқа кемені (құрамды) басып озуға ниеттенген кеме қуып жетілетінге 0,5 километрден жақын емес қашықтықтан екі ұзақ және екі қысқа дыбыстардан тұратын сигналмен сұрау береді.
Toggle Dropdown
28. Қуып жетілетін кеме сұрауды алып, қуып жету мүмкін болған кезде өзі басып озуға рұқсат ететін борттан бұлғау жасайды, одан кейін мұның қаншалықты қажет және қауіпсіздігіне қарай жүрісін ақырындатады, қарама-қарсы жаққа ауытқиды және басып озу аяқталғанға дейін осылай жылжи береді.
Toggle Dropdown
29. Қуып жетуші кеме басып озуға рұқсат ала отырып, тиісті борттан бұлғау жасайды және одан ақыр аяғына дейін өтіп, артта қалғанға дейін қуып жетілетін кемеден қауіпсіз қашықтықты ұстай отырып, басып озуды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
30. Басып озу мүмкін болмаған кезде қуып жетілетін кеме «Ескерту» сигналын береді. Бұл жағдайда басып озатын кемеден қайталама сұраусыз берілетін рұқсат алғанға дейін басып озуға рұқсат етілмейді.