1. «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуір № 514 бұйрығына 1-қосымша
«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.08.2019 жылғы № 606 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 946 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 946 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаты не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 946 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған, электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификаты үшін алым төлемі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеру бөлімшесінің штат санына байланысты:
1) 251 адам және одан көп – алым төленетін күні қолданыстағы 235 айлық есептік көрсеткішті;
2) 201 адамнан 250 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 224 айлық есептік көрсеткішті;
3) 151 адамнан 200 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 213 айлық есептік көрсеткішті;
4) 101 адамнан 150 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 202 айлық есептік көрсеткішті;
5) 51 адамнан 100 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 191 айлық есептік көрсеткішті;
6) 50 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 180 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі: көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 946 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметімен жете тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификатты алуға өтінім (бұдан әрі – өтінім);
2) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттау үшін бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын құжат;
3) иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес әуежайдың АҚҚ басшылық құрамы, мамандары, техникалық құралдары бойынша, өндірістік базасы бойынша деректер;
5) көрсетілетін қызметті алушының АҚҚ туралы ережесі;
6) көрсетілетін қызметті алушының ААҚ бақылайтын аймақтар (рұқсаты шектеулі аймақтар) көрсетілген аумағы жоспарының схемасы және жете тексеру пункттері орналасқан аэровокзал ғимаратының егжей-тегжейлі схемасы (жоспары);
7) ААҚ персоналын оқыту бағдарламалары;
8) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
9) көрсетілетін қызметті алушының авиациялық қауіпсіздік сапасын ішкі бақылау бағдарламасы.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз:
2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 946 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11588 болып тіркелген) бекітілген әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттық талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілген келісімі туралы сұрау салуға берген теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@miid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-48-02.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.08.2019 жылғы № 606 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Заңды тұлғаның шағымында – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
11. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.miid.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.08.2019 жылғы № 606 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 75 47 81, Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 946 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексерудi ұйымдастыруы жөнiнде сертификатын алуға өтінім
_________________________________________________________ мақсатында
(қарап тексерудi ұйымдастыру жөнiндегi сертификатты алу, қолданылу
мерзiмiн ұзарту)
___________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң толық атауы) сертификаттау жүргiзудi сұраймын.
Қарап тексерудi жүзеге асырудың жоспарланған күнi ___________________
(ұзартылған/өзгерiстер
____________________________________________________________________
енгiзiлген кезде тиiсiнше қолданыстағы сертификаттың аяқталу мерзiмi
Өтiнiш берушi:
1) сертификаттау рәсiмдерiн орындауға;
2) сертификаттық талаптарға сай болуға;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға қарап тексерудi
ұйымдастыруды және қамтамасыз етудi бақылауды жүзеге асыру
мүмкiндiгiн беруге мiндеттенедi.
Басшы _________________________________________________________
(лауазымы/қолы/күнi)
М.О.
«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Қарап тексеру бөлiмшесiнiң персоналы, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылық құрамы, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің өндiрiстiк базасы, техникалық құралдардың тізбесі бойынша жиынтық деректер
1. Әуежайдың қарап тексеру бөлiмшесiнiң персоналы мен авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылық құрамының жасақталуы жөнiндегi деректер (әуежай атауы)
Штаттық лауазымдар |
Санаты |
Штат бойынша саны |
Нақты саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
ААҚ басшылық құрамының штаттық лауазымдары |
|
|
|
1. |
|
|
|
2. |
|
|
|
Қарап тексеру бөлiмшесiнiң штаттық лауазымдары |
|
|
|
1. |
|
|
|
2. |
|
|
|
2. Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң өндiрiстiк базасы жөнiндегi деректер
ААҚ үшiн өндiрiстiк үй-жайлар мен құрылыстар |
Саны және жалпы ауданы - (шаршы м) |
|
Жеке меншiк |
Жалданатын |
|
1 |
2 |
3 |
1. ААҚ қызметтiк үй-жайлары |
|
|
2. ААҚ тұрмыстық үй-жайлары |
|
|
3. ААҚ оқу сыныбы |
|
|
4. Өту/шығу БӨП |
|
|
5. Жолаушыларды, ӘК экипаж мүшелерiн, авиаперсоналды қарап текcеpу пункттерi |
|
|
6. Багажды, жүктi, поштаны, борттық қорларды қарап тексеру пункттерi |
|
|
7. Қосымша ақпарат |
|
|
3. Авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң техникалық құралдарының тiзбесi
Қарап тексеру пункттерiнiң саны |
1. Халықаралық желiлерде__________________ |
||
Авиациялық қауiпсiздiктiң техникалық құралдарының мақсаты және атауы |
Типі, моделi |
Саны |
|
1 |
2 |
3 |
|
1. Жолаушыларды, экипаж мүшелерiн, авиаперсоналды және олардың қол жүгiн қарап тексерудiң техникалық құралдары: |
|
|
|
2. Рентгендiк-теледидар қондырғылары, стационарлық металл iздегiштер, тасымалданатын (қол) металл iздегiштер |
|
|
|
3. Багажды, жүктi, поштаны және борттық қорларды қарап тексерудiң техникалық құралдары: рентгендiк-теледидар құрылғылары, тасымалданатын (қол) металл iздегiштер |
|
|
|
4. Жарылғыш заттарды (жарылғыш заттар буының детекторлары) анықтауға арналған жабдық |
|
|
Әуежай басшысы _____________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.А)
Күнi ___________________М.О.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚҚ – авиациялық қауіпсіздік қызметі;
БӨП – бақылау-өткізу пункті.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |