• Мое избранное
"Өнімділік 2020" бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Внимание! Документ утратил силу с 05.01.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

"Өнімділік 2020" бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 шілдедегі № 789 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 тамызда № 11872 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 5 қаңтардан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.08.2017 жылғы № 579 Бұйрығына сәйкес
«Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесі;
2) осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Өнімділік 2020» бағдарламасының және құралдардың іске асырылуын мониторингтеу нысандары мен мерзімдері;
3) осы Бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну» құралы шеңберінде жоба паспортының нысаны;
4) осы Бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну» құралы шеңберінде «Өнімділік 2020» бағдарламасы операторының жазбаша растауының нысаны;
5) осы Бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның мониторингі туралы келісімінің үлгілік нысаны;
6) осы Бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Өнімділік 2020» бағдарламасының құралын алуға арналған өтінімнің нысаны;
7) осы Бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімнің үлгілік нысаны;
8) осы Бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес тартылатын компанияның біліктілігі мен қызметкерлерінің тәжірибесін растайтын мәліметтер нысаны;
9) осы Бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер нысаны бекітілсін.
2. «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 235 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде 9640-нөмірмен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Бюджеттік бағдарлама әкімшісіне «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде өтінім берушілердің кейбір шығындарын өтеу үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға көзделген қаржылар Бағдарлама операторының ағымдағы шотына тиісті қаржы жылындағы төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісі бекітетін төлемдер кестесіне сәйкес аударылсын.
4. Бағдарлама операторы – «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы:
1) бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен Бағдарлама операторы арасында жасалған шарт негізінде еңбек өнімділігін арттыруда және аумақтық кластерлерді дамытуда мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін екінші деңгейлі банкте – Қазақстан Республикасының резидентінде ағымдағы есепшотты ашсын;
2) кезеңдік негізде немесе сұрату бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісіне бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы жөніндегі есепті ұсынсын;
3) ағымдағы есепшотта мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға қажетті ақша қаражаты жетіспейтін жағдайда қаражат түскенге дейін шығындарды өтеуді тоқтата тұрсын;
4) Бағдарламаның бір мемлекеттік қолдау шарасы шеңберінде көрсетілетін қызметтің бірнеше түрі бойынша мәлімделген кезде өтініш берушіге аталған мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарымен көзделген шығындарды төлеу көлемдеріне сәйкес әрбір қызмет түрі бойынша шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетсін;
5) қажет болатын жағдайда ағымдағы есепшоттағы қаражатты пайдаланған кезде, бюджеттік бағдарлама әкімшісі бөлген жалпы сома шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары түрлері арасында соманы қайта бөлсін;
6) Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейлі банк ағымдағы есепшот бойынша есептейтін барлық сыйақыларды ағымдағы шоттағы мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін бөлінген қаражат сомасына қоссын;
7) Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда өтінім берушілерден түсетін ақшалай қаражатты бюджеттік заңнамаға сәйкес қайтаруды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы Бұйрықтың 3-тармағының 1 ), 2 ) және 3)-тармақшаларымен көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушы А.Рау
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің міндетін атқарушы 
_______________ Р. Бекетаев 
2015 жылғы 23 шілде
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің 
міндетін атқарушы 
_______________ Т. Жақсылықов 
2015 жылғы 24 шілде
  • 1
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму Министрінің
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 23 шілдедегі
 № 789 бұйрығына
 1-қосымша
Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесі
1. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) 5-бөлімі 4-бөлімшесінің 2-тармағына сәйкес әзірленіп, инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу тетігін айқындайды.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) кәсіпорынды жаңғырту – пайдаланылатын техника мен технологиялардың өнімділігін арттырудың, сондай-ақ объектінің қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің және өндіру нәтижелерінің сапалы жаңаруына әкелетін кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдірудің үздіксіз және серпінді процесі;
2) инвестициялық жобаның кешенді жоспары – қажетті экономикалық, техникалық, басқарушылық және өзгеде құжаттамалар пакеті;
3) еңбек өнімділігі - өндіру көлемін (жалпы қосылған құн) және еңбек шығындарын (жұмыспен қамтылғандар саны) сипаттайтын көрсеткіштер негізінде есептелінетін экономикалық көрсеткіш.
3. Инвестициялық жобаның кешенді жоспары мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуді көздейді:
1) инвестициялық жобаның қаржылық өтемділігі;
2) еңбек өнімділігін екі есе, бірақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту жобалары бойынша орташа салалық деңгейден кемінде жарты есеге немесе жаңа инвестициялық жобалар бойынша орташа салалық деңгейден үш есеге артуы;
3) өнімнің бәсекеге қабілеттілігі (өнімнің ішкі және сыртқы нарықтардағы сұранысы).
4. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу кезінде өтініш беруші ұсынылған негізгі деректер мен есептеулердің толықтығы мен анықтылығына толық жауапкершілікті өзіне алады. Барлық негізгі деректер мен есептеу көлемдері үшін оларды алу көздері көрсетіледі. Өтініш беруші ұсынылатын деректерді қасақана бұрмаланғаны сараптаманы тоқтату және жобадан бас тарту үшін негіз болып табылады.
5. Өтініш беруші ұсынылатын құжаттардың, негізгі деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді. Өтініш беруші ұсынған ақпаратта есептерде қолданылған деректер көздері және есептерді жүргізу күні, бағалардың салыстырмалы талдауын көрсетеді.
6. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын Өтініш беруші қағаз және электрондық тасығышта: Word-форматындағы файлдарда есептері бар кестелер, Excel-форматындағы файлда мәтінді құжаттар ұсынады.
7. Инвестициялық жобаның кешенді жоспары нөмірленеді, мұқабасы түптеледі, тігіледі, қағаз пломбамен бекітіледі, онда тігілген және нөмірленген парақтар саны туралы жазба жазылады, сондай-ақ өтінім берушінің бірінші басшысы, (бар болған жағдайда) бас есепші қол қояды және ықтимал Өтінім берушінің мөрі (бар болған жағдайда) басылады. Қол мен мөр бедерлері қағаз пломбаға, ішінара құжат парағына, ішінара қағаз пломбаға басылып жазылады. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарына орындаушының бірінші басшысы титулдық параққа мөр бедерлерімен қолын қояды. Өтініш беруші инвестициялық жобаның кешенді жоспарының түпнұсқасымен бірге оның бірінші басшысының қолымен және өтініш берушінің мөр бедерлерімен таңбасымен куәландырылған оның көшірмесін ұсынады.
8. Инвестициялық жобаның кешенді жоспары осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Инвестициялық жобаның кешенді
 жоспарын әзірлеу әдістемесіне
 қосымша
нысан