• Мое избранное
Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 4-1/546 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 шілдеде № 11804 тіркелді

Редакция 25.04.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 2 шілде
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 19 маусымдағы
 № 4-1/546 бұйрығымен
 бекітілген
Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2019 жылғы № 219 Бұйрығына сәйкес (12.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрленді және астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.04.2020 жылғы № 116 Бұйрығына сәйкес (30.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) астық иесi – астығын астық қабылдау кәсiпорнына сақтауға берген жеке немесе заңды тұлға;
2) астық партиясы – астық сапасы туралы мәлiметтерi бар құжаттармен ресiмделген, бiр жылғы егiннiң сапасы бойынша бiртекті оқшауланған астық мөлшері;
3) астықтың сандық-сапалық есебi – астық қабылдау кәсiпорнында астықты қабылдау, тазалау, кептiру, сақтау, орнын ауыстыру және тиеп жөнелту процесiнде онымен жасалатын барлық операцияларды есепке алу және тiркеу жүйесi;
4) есеп актісі – астық иесiне жiберуге жататын астық және (немесе) астық қалдықтарының мөлшерін айқындау үшiн астық қабылдау кәсiпорны жасайтын құжат;
5) есептелген нақты салмағы – ылғалдылығы, арамшөп және дән қоспасы бойынша астық иесi мен астық қабылдау кәсiпорны арасындағы шартта айқындалған және астықтың сақталуын қамтамасыз ететiн нормаларға келтірілген астықтың нақты салмағы;
6) дербес шот – астық қабылдау кәсiпорны әрбiр астық иесi, сыныбы және сорты бойынша жеке жүргiзетiн астықтың сандық-сапалық есебi кітабының құрамдас бөлігі;
7) жергілікті атқарушы орган маманы – астық нарығы саласында өз өкілеттігін жүзеге асыратын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
8) материалды жауапты тұлға – сақтауға қабылданған астықтың сандық-сапалық сақталуына жауап беретін астық қабылдау кәсiпорнының лауазымды тұлғасы;
9) нақты салмағы – таразыда өлшеу жолымен айқындалған астықтың массасы;
10) тазарту актiсi – астықты есепке алу мақсатында астық қабылдау кәсiпорны жасайтын құжат;
11) түгендеу – астықтың нақты бар болуының және оның сапасының есептік деректерге сәйкестiгiн тексеруге бағытталған іс-шаралар кешені.
3. Астықпен жасалатын барлық операциялар (қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау, тиеп жөнелту), сандық-сапалық есебi және тиісті құжаттарды ресiмдеу 1 килограммға дейiнгi дәлдiкпен нақты салмақта жүргiзiледi. Астық қолхатын шығару және оны астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімінде (бұдан әрі – АҚҰМЭТ) ресiмдеу кезiнде есепке жатқызылған нақты салмақ көрсетіледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2016 жылғы № 280 Бұйрығына сәйкес (19.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тарау. Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2019 жылғы № 219 Бұйрығына сәйкес (12.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-параграф. Астықтың келіп түсуін ресiмдеу
4. Астық қабылдау кәсiпорнына келіп түсетін астықты өлшем бірліктерді қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен тексеруден өткен таразыларда өлшенгеннен кейiн материалдық жауапты тұлға мөлшері бойынша қабылдайды.
5. Автомобиль көлігімен келіп түсетін астық тауарлық-көлiктік жүкқұжаттарымен бірге жiберiледi. Тауарлық-көлiктік жүкқұжат әрбiр автомобиль партиясына (жеке автомобиль немесе тiркемесi бар автомобиль (трактор), автопоезд) жазылады. Әрбiр автомобиль үш (төрт) дана тауарлық-көлiктік жүкқұжаттармен бiрге жіберіледі.
Басқа астық қабылдау кәсiпорындарынан автомобиль көлігімен келіп түскен астық партиясы тауарлық-көлiктік жүкқұжатпен және сапасы туралы құжатпен (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астықты талдау карточкасымен (бұдан әрі – астықты талдау карточкасы) және астық иесінің қалауы бойынша, Заңнының 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес бекітілетін Астық сапасын сараптау тәртiбiне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптар сай берiлген астық сапасы паспортымен (бұдан әрі – астық сапасы паспорты) бірге жүреді.
6. Өндiрiстiк-технологиялық зертхана (бұдан әрi – ӨТЗ) маманы Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына және мемлекетаралық стандарттарға (бұдан әрі – стандарттар) сәйкес астық сапасын айқындау үшiн астықтың әрбiр келiп түскен автомобиль партиясынан сынама iрiктеп алады. Сынаманы ірiктеп алу кезiнде маман дақылдың және автомобильдiң мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiнiң тауарлық-көлiктік жүкқұжаттың деректеріне сәйкестiгiн тексередi. Iрiктеп алынған сынама бойынша астықты орналастыру үшiн қажетті сапасына алдын ала талдау жүргiзiледi. Алдын ала талдау нәтижелерi бойынша жүкқұжаттың бiрiншi данасында астықты түсiру нүктесi көрсетiледi.
7. Таразыда жүргiзушi барлық тауарлық-көлiктік жүкқұжаттарды оларға өлшеудiң нәтижелерiн енгiзетiн таразышыға бередi. Жүкқұжаттардағы деректер әрбiр тақ және жұп күндер бойынша жеке жүргiзiлетiн, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автомобильдер таразысында жүктер өлшеудi тiркеу журналына енгiзiледi. Жүргiзушiге бiрiншi данасынан басқа барлық жүкқұжаттар қайтарылады.
8. Астық темiр жол көлiгiмен келiп түскен кезде вагонның бүтiндiгi, саңылаусыздығы және пломбасының болуы тексеріледi.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.07.2018 жылғы № 297 Бұйрығына сәйкес (24.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Темiр жол көлiгiмен келiп түскен астық темiр жол жүкқұжатымен және сапасы туралы құжатпен (астықты талдау карточкасымен және астық иесінің қалауы бойынша астық сапасы паспортымен) бірге жүреді. Егер жолда жүк жете тексерілсе, онда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13174 болып тіркелген) бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес астық вагонды, контейнерді ашу актісімен де бірге жүреді. Темiр жол жүкқұжаты және сапасы туралы құжат әрбiр вагонға жазылады. Өлшеу нәтижелерi осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша вагон таразыларында жүктер өлшеудi тiркеу журналына енгiзiледi.
9. Келiп түскен астықтың сапасын айқындауды астықты сақтау шартында көрсетiлген стандарттарға сәйкес ӨТЗ мамандары жүргiзедi. Сынаманы талдау нәтижелерi астықты талдау карточкасымен ресiмделедi және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зертханалық талдаулар нәтижелерiн тiркеу журналында тiркеледi.
10. Тәулiктiң соңында таразышы барлық тауарлық-көлiктік жүкқұжаттарды бухгалтерияға тапсырады. Әрбiр астық иесi мен астықты түсiру нүктесi бойынша топталған тауарлық-көлiктік жүкқұжаттар негiзiнде Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада орташа тәулiктiк сынамасы бойынша сапасын айқындай отырып, осы автомобиль көлігімен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмi жасалады.
Астық темiр жол көлiгiмен келiп түскен кезде темiр жол жүкқұжаттарының негiзiнде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темiр жол көлiгiмен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмi жасалады.
11. Орташа тәулiктiк сынамасы бойынша сапасын айқындай отырып автомобиль көлігімен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмi немесе темiр жол көлiгiмен қабылданған астыққа арналған жүкқұжаттар тiзiлiмi (бұдан әрі – тізілім) жасалғаннан кейін ӨТЗ маманына берiледi, ол тiзiлiмнiң II бөлiмiне астықты зертханалық талдау нәтижелерін енгiзедi. Енгiзiлген деректер ӨТЗ меңгерушiсiнiң қолымен расталады.
Бұдан кейін тiзiлiм астық қабылдау кәсіпорнының бухгалтеріне қайтарылады, ол тiзiлiмдегі және жүктер өлшеудi тiркеу журналындағы нақты салмақ деректерiнiң сәйкестiгiн, зертханалық талдаулар нәтижелерiн енгiзудiң дұрыстығын салыстырып тексереді және тiзiлiмнiң III бөлiмiнде есептелген нақты салмағын есептеуді, IV бөлiмiнде астықты қабылдау, кептiру және тазалау жөніндегі қызметтер құнын есептеудi жүргiзедi. Бұдан әрi тiзiлiм оған қоса берілген тауарлық-көлiктік жүкқұжаттармен бiрге оның дұрыс толтырылуын тексеру және тiзiлiмнiң III бөлiмiнде көрсетiлген ылғалдылық, арамшөп және дән қоспасы бойынша табиғи шегерiмдерге сәйкес астық қалдықтары мен кептiру бойынша кемуді алдын ала есептен шығару үшiн материалдық жауапты тұлғаға берiледi.
12. Тексеру бiткеннен соң материалдық жауапты тұлға тiзiлiмге қол қояды және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астық сақтау қоймасындағы астық пен ыдыстың қозғалысы туралы есеп жасайды. Бұдан әрi тiзiлiм мен есеп астық қабылдау кәсіпорнының бухгалтеріне қайтарылады, ол астық қабылданғаннан кейінгі екінші тәулiкте тiзiлiмнiң екiншi данасын астық иесiне бередi.
13. Астық сақтау қоймасындағы астық пен ыдыстың қозғалысы туралы есеп егiннің жылы, дақылдар, сыныбы бойынша күн сайын қорытынды жасай отырып жүргiзiледi. Есеп материалдық жауапты тұлғаға бекітіліп қойма, қоймалар тобы, элеватор бойынша жүргiзiледi.
2-параграф. Есептелген нақты салмағын есептеу
14. Есептелген нақты салмағы ылғалдылықтың, арамшөп және дән қоспаларының келiсiлген нормаларын ескере отырып, нақты салмағынан ылғалдылық, арамшөп және дән қоспалар бойынша табиғи шегерiмдер пайызын айқындау жолымен келесiдей тәртiппен айқындалады:
1) ылғалдылық бойынша табиғи шегерiм пайызы мынадай формула бойынша есептеледi:
100 х (а - б)
 Ув = ------------------,
 100 - б
мұндағы: Ув - ылғалдылық бойынша табиғи шегерiм пайызы;