• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 26.08.2017 г

Отправить по почте

1

Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 сәуірде № 10605 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 26 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2016 жылғы № 420 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 41-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың  2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек 
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 169 бұйрығымен бекітілген
1
Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық
ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары 
1. Жалпы ережелер
1. Осы әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының жауапкершілік аймағында ұсынылатын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалардың талаптарды әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысатын азаматтық авиация кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының барлық лауазымды тұлғалары және авиациялық персоналы орындайды.
3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:
1) абсолюттік биіктік – теңіздің орта деңгейінен нүктенің немесе нүкте деп есептелген объектінің деңгейіне дейінгі тік қашықтық;
2) адами фактордың аспектілері - жоспарлау, сертификаттау, кадрларды даярлау, техникалық қызмет көрсету және авиациядағы пайдалану қызметтері процестеріне қолданылатын және адамның мүмкіндіктерін тиісті түрде есептеу арқылы адам мен жүйенің басқа компоненттері арасындағы қауіпсіз қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар;
3) аэронавигациялық ақпарат – әуе кемелрінің ұшуын қамтамасыз ету әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін деректерді жинау, талдау және өңдеу нәтижесінде алынған ақпарат;
4) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі - нақты белгіленген әрекет ету аймағында құрылған қызмет, ол әуе навигациясының қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті аэронавигациялық ақпараттардың деректердің ұсынылуына жауапты;
5) аэронавигациялық деректер - аэронавигациялық нақты деректерді, тұжырымдамаларды немесе нұсқаулықтарды байланыс, түсіндіру немесе өңдеу үшін ыңғайлы формальді тәртіппен баяндау;
6) аэронавигациялық карта - аэронавигация үшін арнайы тағайындалған жер бетінің учаскесі, оның бедері және жасанды құрылыстары бейнеленген шартты бейне;
7) аэронавигациялық ақпараттар жинағы - аэронавигация үшін елеулі маңызы бар ұзақ мерзімді аэронавигациялық ақпаратты қамтитын мемлекет шығарған немесе бекіткен жарияланым;
8) аэронавигациялық ақпарат жинағына қосымша - аэронавигациялық ақпараттар жинағындағы ақпаратқа енгізілетін және жеке парақтарда жарияланатын уақытша өзгерістер;
9) аэронавигациялық ақпараттар жинағында жасалатын түзетулер - аэронавигациялық ақпараттар жинағындағы ақпаратқа енгізілетін тұрақты өзгерістер;
10) аэронавигациялық ақпараттың циркуляры - NОТАМ шығаруды немесе оны аэронавигациялық ақпарат жинағына енгізуді қажет етпейтін, бірақ ұшулардың қауіпсіздігі мәселелеріне немесе аэронавигациялық, техникалық, әкімшілік және заңдық мәселелерге қатысты ақпаратты қамтитын хабарлама;
11) ажырату қабілеті (ажыратымдылық) - қолданылатын өлшенген немесе есептелген мәннің тәртібін анықтайтын бірліктердің немесе цифрлардың саны;
12) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) аймақтық навигация - әуе кемелеріне кез келген траектория бойынша радиомаяктік навигациялық құралдардың әрекет аймақтары шегінде және автономды құралдардың немесе олардың құрамдастарының мүмкіндіктерімен анықталатын шектерінде ұшу жасауға мүмкіншілік беретін навигация әдісі;
14) аймақтағы ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі - аспаптық метеорологиялық жағдайларда пайдаланылуға тиісті және әдетте паралельдермен және меридиандармен айқындалатын белгіленген аймақ шегіндегі кедергілердің үстінен ең төменгі биіктік қорын қамтамасыз ететін ең төменгі абсолюттік биіктік;
15) ақпарат өнімі - деректер шоғыры немесе ақпарат өнімінің ерекшеліктеріне жауап беретін деректер шоғырының жиынтығы;
16) аспаптар бойынша қонуға кіру схемасы – кедергілермен соқтығысуды болдырмауды көздейтін белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, қонуға кірудің бастапқы кезеңінің бақылау нүктесінен немесе, тиісті жағдайларда, белгіленген ұшып келу маршрутының басынан бастап, қону орындалуы мүмкін нүктеге дейін, ал егер қону орындалмаған болса, күту аймағында немесе маршрутта кедергілердің үстінен ұшып өту критерийлері қолданылып басталатын нүктеге дейін пилотаждық асаптар бойынша орындалатын алдын ала белгіленген маневрлер сериясы;
17) асып кету – вертикаль бойынша теңіздің орта деңгейінен жер бетінің немесе онымен байланысты объектінің нүктесіне немесе деңгейіне дейінгі арақашықтық;
18) әуеайлақ ауданына келудің абсолюттік биіктігі – радиусы 46 км (25 м. миль) айналым доғасы жармасында орналасқан барлық объектілердің үстінен 300 м (1000 фут) болатын ең төменгі биіктік қорын қамтамасыз ететін, орталығы қонуға кірудің бастапқы кезеңінің бақылау нүктесінде немесе, егер қонуға кірудің бастапқы кезеңінің нүктесі жоқ болса, осы доғаның ұштарын қонуға кірудің аралық кезеңінің нүктесімен қосатын тура сызықтармен шектелген қонуға кірудің аралық кезеңінің бақылау нүктесінде болатын ең аз абсолюттік биіктік;
19) әуеайлақ - әуе кемелерінің толық немесе жартылай келуі, кетуі және сол жазықтықтағы қозғалысына арналған жер немесе су бетіндегі (кез келген ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықтарды қоса) белгіленген учаске;
20) әуе трассасы - бақыланатын әуе кеңістігі немесе дәліз түріндегі оның бөлігі;
21) әуеайлақтың бақылау нүктесі – әуеайлақтың географиялық орналасқан жерін айқындайтын нүкте;
22) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруты – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс ағынын бағыттауға арналған белгіленген маршрут;
23) әуе кемесіне қызмет көрсету – тиісті жағдайларда ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді, авариялық хабарлауды, әуе кемесіне консультациялық қызмет көрсетуді, әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді (аудандық диспетчерлік қызмет көрсету, жақындау кезінде дичпетчерлік қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету) білдіретін жалпы термин;
24) әуеайлақтан асып кету – қону алаңының ең жоғары нүктесінен асып кету;
25) әуеайлақтың пайдалану минимумдары – төмендегілер үшін әуеайлақты пайдалануға шектеу қою:
ұшу-қону жолағындағы көріну ұзақтығы және/немесе көріну мәндерімен және қажет болған жағдайда, бұлттылық параметрлерімен белгіленетін ұшып көтерілу үшін;
қонуға дәл кіруді орындау кезінде қондыру және ұшу-қону жолағында көріну және/немесе көрінудің алыстығы және пайдалану санаттарына сәйкес шешім қабылдаудың абсолюттік /салыстырмалы биіктігі мәндерімен белгіленетін қонулар үшін;
қонуға кіруді орындау кезінде қону және ұшу-қону жолағында көріну және/немесе көріну алыстығы және шешім қабылдаудың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі мәндерімен белгіленетін тік жазықтыққа дәлдеумен қонулар үшін;
қонуға дәл емес кіруді орындау кезінде қону және ұшу-қону жолағында көріну және/немесе көрінудің алыстығы, төмендеудің ең төменгі абсолюттік/салыстырмалы биіктігі мәндерімен және қажет болған жағдайда бұлттылық параметрлерімен белгіленетін қонулар үшін;
26) база - басқа шамаларды есептеудің басы немесе негізі ретінде қызмет ететін кез келген шама немесе шамалар қатары;
27) бедер - аэронавигациялық карталарда горизонтальдармен, реңктік гипсометриямен, бояу жуумен немесе биіктік белгілерімен берілген жер бетінің тегіс емес жерлері;
28) біріккен аэронавигациялық ақпарат пакеті - пакет мынадай элементтерден тұрады: