Bestprofi Logo

Бұйрық № 631 от 2015-05-28г./Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі

Сыртқы экономикалық қызметке катысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 29.04.2023 г.

Документ на казахском языке

Сыртқы экономикалық қызметке катысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 631 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 тамызда № 11847 тіркелді

Осы Бұйрық 2023 жылғы 29 сәуірден бастап күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2023 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес 

«Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабы 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған сыртқы экономикалық қызметке катысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _______________ Е. Досаев 2015 жылғы «____» _______

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 631 бұйрығымен бекітілген

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптары

Сыртқы экономикалық қызметке катысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын көздейді:

1) бұйрық (өтініш, меморандум) нысанында көрініс табатын экспорттық бақылау талаптарын сақтау жөніндегі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) міндеттемелері;

2) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелерін құру жөніндегі іс-шаралар жоспары;

3) басқа бөлімшелермен өзара іс-қимылы тәртібін көрсете отырып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылауының ұйымдастырушылық құрылымының, сондай-ақ өнімді экспортқа жеткізуге арналған тапсырыстарды өңдеудің схемасы;

4) сыртқы экономикалық қызметтің мәселелерімен айналысатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) персоналын оқыту жоспары;

5) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жоспары;

6) экспорттық бақылауға жататын өніммен сыртқы экономикалық мәмілелерді есепке алу жүйесі.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание