Toggle Dropdown
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 81 қаулысы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 шілдеде № 11769 тіркелді
Редакция 27.03.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша қалдықтары және орналастырылған салымдар туралы есеп;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақшаның және исламдық сақтандыру қорының активтері есебінен орналастырылған салымдардың қалдықтары туралы есеп;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздар туралы есеп;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша исламдық сақтандыру қоры есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп;
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «кері РЕПО», «РЕПО» операциялары туралы есеп;
7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша исламдық сақтандыру қоры есебінен жасалған «кері РЕПО», «РЕПО» операциялары туралы есеп;
8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қайта сақтандырушылардан алынатын сомалар, сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары туралы есеп;
9) осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық мүлік және негізгі құрал-жабдықтар туралы есеп;
10) осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық мүлік және исламдық сақтандыру қоры есебінен сатып алынған негізгі құрал-жабдықтар туралы есеп;
11) осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтерiн есептеу туралы есеп;
12) осы қаулының 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтерiн есептеу туралы есеп;
13) осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру сыйлықақылары туралы есеп;
14) осы қаулының 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ірі сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары туралы есеп;
15) осы қаулының 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ірі сақтандыру төлемдері және ірі мәлімделген талаптар туралы есеп;
16) осы қаулының 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі кірістер мен шығыстар туралы есеп;
17) осы қаулының 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру төлемдері туралы есеп;
18) осы қаулының 18-қосымшасына сәйкес нысан бойынша міндеттемелердің көлемі туралы есеп;
19) осы қаулының 19-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары туралы есеп;
20) осы қаулының 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары туралы есеп;
21) осы қаулының 21-қосымшасына сәйкес нысан бойынша исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің мүшелері туралы есеп;
22) осы қаулының 22-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалары мен мәмілелер туралы есеп;
23) осы қаулының 23-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ірі қатысушылар немесе сақтандыру холдингтері туралы есеп;
24) осы қаулының 24-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұлттық және шетел валюталарындағы активтер мен міндеттемелердің мерзімдерін салыстыру туралы есеп;
25) осы қаулының 25-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өзге дебиторлық және өзге кредиторлық берешектер туралы есеп;
26) осы қаулының 26-қосымшасына сәйкес нысан бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есеп;
27) осы қаулының 27-қосымшасына сәйкес нысан бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына исламдық сақтандыру қоры есебінен инвестицияланған инвестициялар туралы есеп;
28) осы қаулының 28-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алынған қарыздар туралы есеп;
29) осы қаулының 29-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғаларымен жасалған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары туралы есеп;
30) осы қаулының 30-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен жасалған сақтандыру шарттары туралы есеп;
31) осы қаулының 31-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жалпы және әкімшілік шығыстар туралы есеп;
32) осы қаулының 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша баланстан тыс шоттар бойынша қалдықтар туралы есеп;
33) осы қаулының 33-қосымшасына сәйкес нысан бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша сақтандыру сыйлықақыларының және сақтандыру төлемдерінің жіктеуіші туралы есеп;
34) осы қаулының 34-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер туралы есеп;
35) осы қаулының 35-қосымшасына сәйкес нысан бойынша исламдық сақтандыру қоры есебінен бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер туралы есеп;
36) осы қаулының 36-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті ұстап қалуының мөлшері туралы есеп;
37) осы қаулының 37-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша сақтандыру шарттары бойынша қабылданған және жүзеге асырылған сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдері туралы есеп;
38) осы қаулының 38-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру өнімдері туралы есеп;
39) осы қаулының 39-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру брокерлерінің қатысуымен жасалған қайта сақтандыру шарттары туралы есеп;
40) осы қаулының 40-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қайта сақтандыру қызметі туралы есеп;
41) осы қаулының 41-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтанушыларға («өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін) берілген қарыздар туралы есеп;
42) осы қаулының 42-қосымшасына сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің есептілікті беру қағидалары.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
1) ай сайын - осы қаулының 1-тармағының 2),4), 6), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15),16),17), 18), 19) және 20) тармақшаларында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күніне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде ұсынады.
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген есептілікке қосымша осы қаулының 1-тармағының 3), 5), 7), 10) және 21) тармақшаларына сәйкес есептілікті есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күніне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде ұсынады;
2) ай сайын - осы қаулының 1-тармағының22) тармақшасында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күніне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде;