• Мое избранное
Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 26 наурыздағы № 327 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 шілдеде № 11676 тіркелді

Редакция 24.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне (Б.К. Сейдахметов): 
1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесі мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын; 
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қасымов Қ Н. __________________
2015 жылғы 8 маусым
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және
 даму министрінің
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 26 наурыздағы
 № 327 бұйрығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көлiктің жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көлiктiң жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ұсынымдарын ескере отырып, «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына және азаматтық авиация саласындағы басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес әзірленді.
Осы Қағидалар жолаушыға, багажға, жүктерге және әуе кемелеріне қызмет көрсету, сондай-ақ әуеайлақты әуе кемелерінің ұшуына дайындау кезінде Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар:
1) әуе кемесінің тұрақ орны – перронда бөлінген, әуе кемесінің тұрағына арналған учаске;
2) ұшып көтерілу-қону жолағы – әуе кемелерiнiң ұшып көтерілуі мен қонуына дайындалған құрлық әуеайлағындағы белгiлi бiр тiк бұрышты учаске;
3) арнайы көлік қызметі – азаматтық авиация ұйымының әуе кемелеріне техникалық және коммерциялық қызмет көрсетуді, әуеайлақты пайдаланып ұстауды, сондай-ақ басқа да шаруашылықішілік жұмыстарды арнайы көлікпен қамтамасыз ететін және осы мақсаттар үшін техниканың қажетті саны, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу үшін өндірістік ғимараттар мен жабдықтары бар құрылымдық бөлімшесі;
4) күрделi жөндеу – бұйымның базалық бөлшектерін қоса алғанда, оның кез келген бөлшегін ауыстырып немесе қалпына келтіріп, оның жарамдылығын қалпына келтіру және ресурстарын толық немесе толық дерлік қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу;
5) коммерциялық қызмет көрсету – әуе кемесiмен тасымалдау кезiнде багажға, жүкке, жолаушыларға, авиапоштаға белгіленген төлем үшін қызмет көрсету;
6) құны арзан техникалық мүлiк – негiзгi құралдардан (автокөлiктен, жұмыс машиналары мен механизмдерден) басқа тауарлық-материалдық құндылықтар;
7) иесiздендірілмеген жөндеу әдiсi – қалпына келтiрiлген құрамдас бөлшектердің бұйымның белгiлi бiр данасына тиесілілігі сақталатын жөндеу әдiсi;
8) иесiздендірілген жөндеу әдiсi – қалпына келтiрiлген құрамдас бөлшектердің бұйымның белгiлi бiр данасына тиесілігі сақталмайтын жөндеу әдiсi;
9) шұғыл тұрақ – әуеайлақтағы жасанды жабыны бар, арнайы жабдықталған жұмыс объектілеріне қызмет көрсету үшін қажетті, ақаусыз жүрiп жүрген және май құйылған арнайы көлiктер тұрағына арналған алаң;
10) техникалық қызмет көрсетудің (жөндеудің) кезеңділігі – техникалық қызмет көрсетудің (жөндеудің) белгiлi бiр түрi мен келесi немесе бұдан да күрделi басқа түрі арасындағы уақыт немесе атқарылатын жұмыс аралығы. Техникалық қызмет көрсету (жөндеу) түрi деп мына белгiлердiң бiрi: қолданылу кезеңi, кезеңдiлiгi, жұмыс көлемi, пайдалану шарттары, т.б. арқылы ерекшеленетiн техникалық қызмет көрсету (жөндеу) түсініледі;
11) кезеңдiк техникалық қызмет көрсету – пайдалану құжаттарында белгiленген атқарылатын жұмыс мәні немесе уақыт аралығы арқылы орындалатын техникалық қызмет көрсету;
12) өлшеу құралдарын тексеру – өлшеу құралдарының белгiленген техникалық талаптарға сәйкестiгiн айқындау және растау мақсатында мемлекеттiк метрологиялық қызмет немесе соған уәкiлеттiк берілген басқа органдар орындайтын операциялар жиынтығы;
13) толассыз техникалық қызмет көрсету әдiсi – арнаулы жұмыс орындарында белгiлi бiр техникалық дәйектiлiкпен және ырғақпен техникалық қызмет көрсетуді орындау;
14) өндiрiстiк санитария – зиянды өндiрiстiк факторлар әсерінің алдын алатын ұйымдастырушылық, гигиеналық және санитариялық-гигиеналық іс-шаралар мен құралдар жүйесi;
15) желідегі жұмыс – жұмыс объектілерінде арнайы көліктермен орындалатын жұмыстар кешенi;
16) жөндеу – бұйымның жарамдылығын немесе жұмысқа қабілетін қалпына келтіру және бұйымдардың немесе олардың құрамдас бөлшектерінің ресурстарын қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені;
17) маусымдық техникалық қызмет көрсету – бұйымды күзгі-қысқы немесе көктемгі-жазғы шарттарда пайдалануға дайындау үшін орындалатын техникалық қызмет көрсету;
18) арнайы көлiк қызметi – азаматтық авиация ұйымының әуе кемелерiне техникалық және коммерциялық қызмет көрсетуді, әуеайлақты пайдалану жағдайында күтіп ұстауды, сондай-ақ шаруашылықiшiлік басқа да жұмыстарды арнайы көлікпен қамтамасыз ететін және осы мақсат үшiн қажеттi техника саны, өндiрiстiк ғимараттары мен арнайы көлікке техникалық қызмет көрсетуге және оны жөндеуге арналған жабдығы бар құрылымдық бөлiмшесi;
19) арнайы көлік – әуе кемелерiне техникалық, коммерциялық қызмет көрсету, ұшуды радиомен, жарықпен және техникалық қамтамасыз ету, әуеайлақтарды пайдалану жағдайында күтіп ұстау үшiн және әуежайдағы басқа да жұмыстар үшін жұмыс органдарымен (құрылғылармен) жарақталған, автокөлiк немесе трактор шассиiне орнатылған, өздiгiнен жүретiн техникалық құрал;
20) жөндеудiң агрегаттық әдiсi – жөндеудiң иесiздендірілген әдiсi, мұнда бұзылып қалған агрегаттар жаңасымен немесе алдын ала жөнделгенiмен ауыстырылады. Агрегат дегенiмiз толық өзара алмасу қасиеттерi бар, еркiн құрастырылған және әр түрлi мақсаттағы бұйымдарда белгiлi бiр функцияларды орындайтын құрастыру бiрлiгi;
21) техникалық диагностикалау – диагностикалау объектісінің техникалық жай-күйін белгілі бір дәлдiкпен айқындау үдерісі. Қажет болған жағдайда бұзылған жерлерді, оның түрi мен себептерін көрсете отырып, объектінің техникалық жай-күйі туралы қорытынды (диагностикалау) нәтижесi болып табылады;
22) техникалық қызмет көрсету – арнайы көлікті мақсаты бойынша пайдаланған, күткен, сақтаған және тасымалдаған кезде бұйымның жұмысқа қабілетін немесе жарамдылығын қамтамасыз ету жөніндегі операциялар кешені немесе операциялар;
23) ағымдағы жөндеу – бұйымның жұмысқа қабілетін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын және жекелеген бөлшектердi ауыстырудан және (немесе) қалпына келтiруден тұратын жөндеу;
24) қауiпсiздiк техникасы – жұмыс iстеп тұрған қауiптi өндiрiстiк факторларға әсердің алдын алатын ұйымдық және техникалық іс-шаралар мен құралдар жүйесi;
25) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласын тұрақты дамытуды, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам.
25-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 жылғы № 473 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Арнайы көлiк қызметiнiң негiзгi мiндеттерi:
1) технологиялық кестелер бойынша әуе кемелерiне уақтылы әрі сапалы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу жөнiндегi жұмыстарды арнайы көлікпен қамтамасыз ету;
2) технологияға сәйкес әуе кемелерiне коммерциялық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды арнайы көлікпен қамтамасыз ету;
3) әуе кемелерiне авиациялық жанар-жағармай құю, сондай-ақ әуе кемелерiнiң бактарынан жанар-жағармайды құйып алу жөніндегі жұмыстарды арнайы көлікпен қамтамасыз ету;
4) әуеайлақты пайдалану үшін күтіп ұстау жөнiндегi жұмыстарды әуеайлақ механизмдерiмен қамтамасыз ету;
5) авиациялық-техникалық мүлiктi, шаруашылық жүктерін тасымалдауды және азаматтық авиация ұйымындағы көлiк жұмыстарының басқа түрлерiн жүзеге асыру;