• Мое избранное
Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Внимание! Документ утратил силу с 01.03.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 бұйрығына 1-қосымша

1-қосымша күшін жойды 2022 жылғы 1 наурыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.02.2022 жылғы № ҚР ДСМ -13 Бұйрығына сәйкес 
«Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. «Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және қара металлургия объектілері үшін өндірістік микроклиматқа, жарықтандыруға, медициналық қамтамасыз етуге, сумен жабдықтауға, желдетуге, физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, атмосфералық ауаға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
Осы Санитариялық қағидалар коксты химиялық, агломерат және теміркенді шекемтастар, домна, ферроқорыту, болат балқыту, илек, құбыр, метиз, темір ұнтағы, отқа беріктету, екінші реттегі қара металдарды қайта өңдеу, металлургиялық пештер мен агрегаттарды жөндеу өндірістеріне қолданылады.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) ауамен себезгілеу–үй-жайға суық ауаның, газдың, будың, шаңның енуіне жол бермеуге арналған жергілікті желдету;
2) қара металлургия – құрамына темір кендерінен шойын, темір және болат өндіру технологиясы кіретін ауыр өнеркәсіп саласы.
2. Өндірістік микроклиматқа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3. Кран кабиналарында, басқару орындарында, есептеу машиналары орналасқан залдарда, операторлық типтегі басқа жұмыстарды орындау кезінде, сондай-ақ жұмысшылар уақытша демалатын орындарда температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығының нормаларын 2015 жылғы 23 мамырдағы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11147 болып тіркелген, Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы «Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» № 169 бұйрығына сәйкес сақтау қажет.
4. Өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағында температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығының рұқсат етілген нормаларын осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сақтау қажет.
5. Жылытылмайтын өндірістік және қоймалық үй-жайларда жұмыс істейтін адамдар үшін жылынуға арналған үй-жайлар көзделеді.
6. Тұрақты жұмыс орындарында жылумен сәулелену, ондағы жылу көзін оңтайлы орналастыру есебінен және өндірістік жылу сақтау құралдарын пайдалану арқылы бір шаршы метрге 140 ваттан (бұдан әрі – Вт/ш.м.) аспайды.
Тұрақты жұмыс орындарында 140Вт/ш.м. дейінгі қарқынды жылумен сәулелену кезінде, жеке қорғаныш құралдарын қолдану қажет, сондай-ақ қосымша:
1) 140 Вт/ш.м. 350 Вт/ш.м. дейінгі жылумен сәулелену кезінде, тұрақты жұмыс орындарындағы ауа қозғалысының жылдамдығы 0,2 м/с ұлғайтылады;
2) 350 Вт/ш.м 2800 Вт/ш.м. дейінгі жылумен сәулелену кезінде, осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ауа себезгілеу қолданылады.
7. 8-тармақтың талаптары сақталмаған және ауа себезгілеу болмаған кезде жұмыскерлерді жылу қорғауына алу, олардың жылу сәулесі көздері әсер ететін аумақта болуының шекті уақыты осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес реттеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Демалу орындарындағы үзілістер жылдың салқын мезгілі үшін ауаның температурасы минус (бұдан әрі – ) 20 Цельсий градустан (бұдан әрі – 0 С) – 23 0 С, ал жылы мезгілі үшін плюс (бұдан әрі +) 21-ден +25 0 С аралығында жасалады.
8. 2800 Вт/ш.м. артық жылумен сәулелену кезінде, арнайы костюмсіз және жеке қорғаныш құралдарынсыз жұмыс істеуге жол берілмейді.
9. Пештерде, шөміштерде, регенераторларда жұмыскерлердің қыздырылған агрегаттардың ішіне кіруі арқылы жүргізетін жөндеу жұмыстарына, ондағы ауа температурасы 40о С аспайтын және осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес жол беріледі. Бұл ретте жұмыскерлер арнайы киімдермен, арнайы аяқ киімдермен және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі.
3. Жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
10. Жасанды жарықтандыру шамдарды бірқалыпты немесе жергілікті орналастыру арқылы жалпы жарықтандыру жүйесі бойынша орындалады. Шамдарды жергілікті орналастыру, цехтардағы жабдықтар биік болған кезде, жұмыс орындарының тік жазықтықта орналасуы кезінде, жұмыс орнын жабдықтардың элементтері немесе жұмыскердің денесі көлеңкелейтін жағдайларда қолданылады.
11. Жарықтандыру мөлшері, көздің қарығу көрсеткішінің рұқсат етілген мәні және өндірістік үй-жайлар мен жұмыс орындарына арналған пульс беру коэффициенті, цехтар мен учаскелердегі апатты жарықтандыру, жарықтандыру арматурасын ластанудан тазалау мерзімі және қор коэффициентінің мәні осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.
12. Көтергіш крандар, кран конструкциясы тудыратын көлеңкені болдырмауды қамтамасыз ететін кран астына жарық түсіруші қыздыру шамдарымен немесе газ сейілткіш жарық көздерімен жабдықталады.
13. Металлургиялық пештер мен агрегаттарды жөндеу кезінде тасымалданатын жарықтандыру қамтамасыз етілуі тиіс.
14. Өндірістік үй-жайларды жалпы жарықтандыру үшін газ сейілткіш жарық көздері қолданылады. Машина залдарын, басқару және өндірістік процестерді қадағалау орындарын, диспетчерлік пункттерді жарықтандыру үшін люминесцентті шамдар қолданылады. Адамдар уақытша болатын үй-жайларда, жарылыс қаупі бар және басқа да ауыр жағдайлы ортадағы үй-жайларда жергілікті жарықтандыру қолданылады.
15. Автоматтандырылған технологиялық процесті цехтарда жалпы және жергілікті жарықтандыратын қосымша шамдарды қосу көзделеді.
16. Ақ қаңылтыр бетін, тоттанбайтын болаттан жасалған құбырларды бақылаудың жұмыс орындарын жалпы және жергілікті жарықтандыру кезінде сымдарды өңдеу бөлімдерінде көз қарықтыратын шағылысты шектеу шаралары жүзеге асырылады.
17. Жарықтандыруды өлшеу және басқа да нормалардың талаптарын тексеру жарық беретін қондырғылар пайдалануға берілгенде және пайдалану кезінде жылына кем дегенде екі рет жүргізіледі.
18. Газ сейілткіш шамдары бар жарықтандыру қондырғылары үшін олардың істен шыққан сынап толтырылған шамдарын сақтауға арналған үй-жай көзделеді.
4. Физикалық факторлар көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
19. Механизмдер немесе агрегаттар жөнделгеннен және кейбір бөліктері жаңғыртылғаннан немесе ауыстырылғаннан кейін, жұмыс орындарында және қол машиналарында жылына кем дегенде бір рет шу мен діріл деңгейін өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Шу мен дірілді бақылау машиналардың жұмыс істеу режимі кезінде жүргізіледі.
20. Жұмыс орындарындағы шу мен діріл және дыбыстық қысым деңгейлері 2015 жылғы 23 мамырдағы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11147 болып тіркелген, Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы «Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» № 169 бұйрығына сәйкес келеді.
21. Механикаландырылған қол аспаптарымен өңделетін бұйымның қосымша дірілін болдырмайтындай етіп қойылады және бекітіледі.
22. Технологиялық процестің негізгі элементі діріл болып табылатын жабдықтармен (діріл арқылы тығыздау және басқа) жұмыс істеу кезінде жұмыскерлердің дірілдейтін жазықтықтарда тұруына жол берілмейді.
23. Дірілден қорғау үшін оның жабық жерлерде орнатылған жабдықтардан таралу жолдарына дірілден оқшаулау тіректері, машинамен жұмыс істеу алаңдарының акустикалық айрықтар қойылады.
24. Радиоактивті заттармен және басқа да иондаушы сәулелену көздерімен жұмысты ұйымдастыру және жүргізу кезінде Кодекстің 144-бабының 2-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының талаптары сақталады.
5. Жұмыс істейтін адамдарға қызмет көрсетуге арналған үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
25. Жұмыс беруші жұмыс берушінің есебінен жұмыскерлерді сүтпен, және емдеу-профилактикалық тағамымен, арнайы киіммен және аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныш және ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібіне және нормаларына сәйкес арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етеді.
Арнайы киімді және аяқ киімді жуу, жөндеу және залалсыздандыру жұмыстары орталықтандырылып жүргізіледі. Өндірістен арнайы киімді алып шығуға және оны үй жағдайында жууға жол берілмейді.
26. Өндірістік учаскелер алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер жиыны бар дәрі қобдишасымен қамтамасыз етіледі.
Барлық жұмысшылар және инженерлік-техникалық қызметкерлер алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдеріне оқытылады.
6. Коксты химия өндірісі жабдығын пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
27. Химиялық өнімдерге арналған сыйымдылықтар мен аппараттардың автоматтандырылған деңгей өлшеуіштермен қамтамасыз етіледі.
28. Шайырды, пекті, бензолды және басқа да өнімдерді айдау үшін сальниксіз сорғылар қолданылады. Басқа типтегі сорғыларды қолдану кезінде сальниктерді жөндеу жұмыстарын жүргізудің ыңғайлылығын қамтамасыз ететін алмалы-салмалы жаппамен және жергілікті сорғымен жабдықталады.
29. Жабдықтардан шайыр фракциясы, пек және басқа да химиялық өнімдер сынамаларын іріктеп алу, жұмыс аймағына зиянды заттардың бөлінуін болдырмайтын тәсілдерімен жүргізіледі. Сынамаларды іріктеп алуға арналған крандар жергілікті сорғылармен жабдықталады, сынамаларға арналған сыйымдылықтар тұмшаланады.
30. Кристаллизаторлар, центрифугалар, ваккумды-сүзгілер, барабанды салқындатқыштар, сұйық нафталинді құюға арналған конвейерлер жергілікті сорғысы бар жаппалармен жабдықталады.
31. Өндірісте мынадай процестерді механикаландыру көзделеді:
1) сыйымдылықтар мен аппараттарды тазалау операциялары;
2) фустарды шаю және ұстау;