• Мое избранное
Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Внимание! Документ утратил силу с 01.03.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 бұйрығына 4-қосымша

4-қосымша күшін жойды 2022 жылғы 1 наурыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.02.2022 жылғы № ҚР ДСМ -13 Бұйрығына сәйкес 
«Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. «Мұнай операцияларын жүзеге асыратын технологиялық және қосалқы объектілер мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық кағидалар (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар), Қазақстан Республикасының «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген, қызметі мұнай операцияларын жүзеге асыратын объектілер мен құрылыстарды, сондай-ақ мұнай операцияларымен (жасанды аралдармен, эстакадалармен, бұрғылау платформалармен, дамбалармен және жүзгіш бұрғылау қондырғылармен – ЖБҚ) байланысты өзге теңіз құрылыстарын жобалаумен, реконструкциялаумен, пайдаланумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған.
2. Гигиеналық крийтерилер бойынша мұнай өнеркәсібі объектілеріне мынадай негізгі өндірістер мен жұмыс түрлері жатады:
1) мұнаралық құрылыстар (бұрғылау қондырғыларының құрылысы);
2) барлау жүргізетін және пайдаланатын мұнай ұңғымаларын бұрғылау;
3) мұнай кенорындарын пайдалану (өндіру, мұнайды алғашқы және кешенді өңдеу, қосымша газды өндіру);
4) ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу;
5) ұңғымаларды сынақтан өткізу және игеру;
6) тығындау жұмыстары.
3. Осы Санитариялық кағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылды:
1) атмосфераның жерге жақын қабаты – жердің бетінен бірнеше он метрлік биіктіктегі атмосфераның шекаралық қабатының бөлігі;
2) вахтаның ұзақтығы – жүзгіш бұрғылау қондырғының бортына болу уақытының ұзақтығы;
3) жүзгіш бұрғылау қондырғысы – теңіз түбіндегі жерасты ресурстарын барлау және (немесе) өндіру бойынша бұрғылау жұмыстарын орындауға арналған кеме (жүзгіш құрылғы);
4) жүзу ауданы шектелмеген бұрғылау кемесі – тіркелген порттан шектелмеген қашықтыққа жүзетін кеме;
5) комингс – кеменің палубасындағы тесікке таңба салу;
6) коффердам – кемедегі тар, газ өте алмайтын бөлік;
7) құрғақ климат – ауаның жоғарғы температурасы қалыптасқан және атмосфералық жауын-шашын аз түсетін құрғақ климат;
8) мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілері – өнеркәсіптің, мұнай және мұнайгаз кенорындарына барлау, пайдалануға дайындау жөніндегі мұнай операцияларын жүзеге асыратын, көмірсутегі шикізаттарын өндіретін саласы;
9) өндірістік бақылау – санитариялық қағидалардың сақталуын және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың орындалуын заңды тұлғалар мен және жеке кәсіпкерлер мен олардың санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету бойынша жүзеге асырылып жатқан қызметтеріне сәйкес жүргізілетін бақылау;
10) өнім беретін қабаттар – мұнай және газды түзілімдер;
11) теңіз құрылыстары – теңізде орналастырылған, жасанды аралдарды, дамбаларды, қондырғыларды, теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыру үшін қозғалмайтын және жүзгіш жабдықтарды қоса алғанда жасанды-жасалған құрылыстар;
12) фидер – кабелмен немесе ауа арқылы берілетін үлестірмелі электр желісі;
13) форпик – кеменің шеткі тұмсығындағы бөлігі;
14) футшток – ашық су қоймасындағы судың деңгейін бақылауға арналған бөліктері бар тақтайша;
15) шпигат – кеменің палубасындағы суды борттың сыртына шығаруға арналған тесік.
2. Мұнай операцияларын жүзеге асыратын объектілер мен құрылыстарды жобалауға және күтіп ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
4. Жаңа кәсіпорындар мен объектілерді орналастыру, жобалау, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен объектілерді кеңейту және реконструкциялау аудандық жоспарлау схемалары мен жобалары негізінде жүзеге асырылады.
5. Мұнай өнеркәсібіндегі объектілер кешені жалпы объектілермен (өнеркәсіптік тораптағы) бірге жасалатын бас жоспарының схемасы жалпы объектілермен (өнеркәсіптік торап) бірге жасалатын кәсіпорындар топтарының бас жоспарларының схемаларын әзірлеу бойынша колданыстағы нұсқауға сәйкес әзірленеді.
6. Жаңа кәсіпорындар мен объектілер салу учаскелеріне жер бөлу және қолданыстағы кәсіпорындар мен объектілерді реконструкциялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Мұнай оперцияларын жүзеге асыратын кенорындар мен өндірістік объектілер аумағының шекарасынан санитариялық-қорғау аймағының (бұдан әрі – СҚА) көлемі 2015 жылғы 22 мамырдағы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11124 болып тіркелген, Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № 237 бұйрығына сәйкес айқындалады.
8. Жиі орын ауыстыратын объектілерді жинақтап, орналастырғанда (бұрғылау қондырғыларын, ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге арналған қондырғылар, ұңғымаларды сынақтан өткізуге және игеруге арналған қондырғылар) өндірістік жабдықтардың жекеленген блоктарын және орналастыру элементтерін жылдың сол кезеңінде болатын желдің басымды бағытын ескере отырып орналастырады.
9. Құрамында жоғарғы көлемде күкіртсутегі бар шикізаттардың келіп түсуі мүмкін объектілерді жақсы желденетін аумақта орналастыру керек.
10. Мұнай операцияларын жобалау және жүргізу кезінде апатты жағдайлар қалыптасқан жағдайда персоналды және тұрғындарды қорғауға бағытталған іс-шаралар (көшіру, жеке және ұжымдық қорғану шараларын және басқа) қарастырылады және жүзеге асырылады.
11. Аумақта және топталған қондырғылар мен мұнайды кешенді өңдеуден өткізетін құрылғылар орналастырылған өндірістік ғимараттарда, резервуарлы парктарда жерасты үй-жайларын, каналдарды, құдықтарды және басқа да жобада қаралмаған шұңқырларды орналастыруға тиым салынады.
12. Қышқылдар мен сілтілерді сақтауға арналған базисті және зат жіберетін қоймалар вахталық кенттердің, лагерьлердің, елді мекендердің ық жағынан, жақсы желденетін ашық учаскелерде орналастырылады.
3. Мұнай операцияларын өндірістік ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
13. Өндірістік ғимараттар, имараттар және алаңдар құрылыс технологиялық жобалау нормаларын және осы санитариялық қағидаларды ескере отырып жобаланады.
14. Ғимараттың көлемдік-жоспарлау және конструктивті шешімдері технологиялық процестің ағынын, жұмысты механикаландыруды және қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жапсарлас үй-жайларға таралуын ескертуді қамтамасыз етуге тиіс.
15. Кезеңмен жұмысшылардың қызмет көрсетуін талап ететін сыртта орналастырылған қондырғылар, жауын-шашыннан, желден, қардың және құмның басып қалуынан, күн өтуден қорғайтын жергілікті баспанамен жабдықталуы керек.
Ауаның температурасы аса суық бескүндікте минус 400 С Цельсия (бұдан әрі – 0 С) және одан да төмен болған жағдайда жабдықтармен жұмыс істейтін жұмысшылар, бақылау-өлшеу құралдары (бұдан әрі – БӨҚ), автоматтандыру құралдары үшін жылынатын баспана жабдықталуға тиіс.
16. Өндірістік үй-жайлардағы және объектілердегі негізгі жұмыс орындарында ауаға күкіртсутегі түсуі мүмкін жұмысшы аумағы, автоматтандырылған белгі бергіші бар газдыанықтағышпен жабдықталуы керек.
17. Ғимараттан шығатын есікті күкіртсутегі бөлуі мүмкін қондырғы немесе объект орналаспаған жаққа бағдарлау керек.
18. Өндірістік үй-жайлардың жұмысшы ауасына зиянды заттар бөлінуі мүмкін болған жағдайда, ауа алмастыратын жалпы желдету жүйесімен жабдықталуға тиіс (мұндай талап бұрғылау қондырғысына таралмайды).
Бұрғылау қондырғысы жабындысының конструкциясында ашылатын терезе қарастырылады.
19. Бұрғылау қондырғыларының дизелді қозғалтқыштарының түтін шығаратын құбырларын өндірістік үй-жайларға қатысты жергілікті жердегі болатын желдің басымды бағыттарының ық жағынан шығару керек.
20. Суық және ызғарлы климаттық аудандарда (І, ІІ және ІІІ климаттық аудандар) өндірістік үй-жайларға кіретін есіктерді кіре беріспен жабдықтау керек (мұндай талап бұрғылау қондырғыларына таралмайды).
21. Қарқынды шу шығаратын қондырғымен жабдықталған өндірістік үй-жайлардың қабырғалары, онда тұрақты жұмыскерлер болған жағдайда, олар шуды сіңіретіндей етіп жасалуға тиіс (мұндай талап бұрғылау қондырғыларына таралмайды).
Бұрғылаушы қондырғыларды жобалау кезінде жұмысшы алаңын редукторлық үй-жайдың күш беретін және сорғыш блоктарының шуы мен дірілінен оқшаулау орналастыру керек.