1. Жалпы ережелер
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 бұйрығына 5-қосымша
5-қосымша күшін жойды 2022 жылғы 1 наурыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.02.2022 жылғы № ҚР ДСМ -13 Бұйрығына сәйкес
«Химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Осы «Химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген, қызметке, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, жабдықтарға, өндірістік үй-жайлардағы ауаға, жылу, желдету және жарықтандыруға, физикалық факторлардың көздеріне, тұрмыстық үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды. Меншік объектісіне қарамастан жеке және заңды тұлғалар осы Санитариялық қағидалардың талаптарын орындауға міндетті.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) ауамен себезгілеу – үй-жайға суық ауаның, газдың, будың, шаңның түсуінің алдын алуға арналған жергілікті желдеткіш;
2) атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың рұқсат етілген шекті концентрациясы (бұдан әрі - РШК) – қазіргі немесе болашақ ұрпақтың барлық өмірі кезеңінде тікелей немесе жанама қолайсыз әсер ететін, адамның көңіл–күйін нашарлатпай, жұмыс істеу қабілетін және өмір сүрудің санитариялық – тұрмыстық жағдайын төмендетпейтін концентрация;
3) аэроклиматтық жағдайлар – тропосфера мен стратосфераның төменгі қабатында айқындалатын климаттық жағдайлар;
4) жұмыс аймағы – тұрақты түрде немесе уақытша жұмыскерлер болатын өндірістік үй-жайлар кеңістігі;
5) зиянды заттар – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы санитариялық талаптарға сәйкес ауадағы рұқсат етілген шекті концентрациядан асатын, адамның организміне теріс әсер ететін заттар;
6) зиянды өндірістік фактор – жұмыскерге әсері ауруға немесе еңбек қабілетін төмендетуге және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсер етуге алып келуі мүмкін өндірістік фактор;
7) санитариялық-қорғаныш аймағы (бұдан әрі – СҚА) - арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілеріне қолайсыз факторлардың әсер етуін азайту мақсатында жақын маңдағы селитебті аумақтардан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан бөліп тұратын аумақ;
8) табиғи жарық – үй-жайларды сыртқы қабырға конструкциясындағы жарық ойықтары арқылы түсетін аспан сәулесімен (тікелей немесе шағылысу) жарықтандыру;
9) өндірістік үй-жайлар – тұрақты (ауысыммен) немесе кезең-кезеңмен (жұмыс күні ішінде) адамдардың еңбек қызметі жүзеге асырылатын арнайы ғимараттар мен құрылыстардағы жабық кеңістіктер;
10) өндірістік объект – адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын процестерді, жабдықтарды және технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын өнім өндірумен, жұмысты орындаумен және қызметтер көрсетумен байланысты шаруашылық қызметінің объектісі;
11) фосфор мен оның туындыларының өндірісі – құрамында фосфоры бар шикізатты өндіруді және өңдеуді, сұрыптауды, байытуды, брикеттеуді, агломерациялауды жүргізетін объект;
12) фондық ластану – атмосфералық ауаны ластау көздері болып табылатын объектілер бөлетін заттар арқылы атмосфералық ауаның ластануы;
13) шлам – сарқынды суларды тазарту процесінде алынған, құрамында 60-70 пайызға дейін минералды бөлшектер мен органикалық материал бар лайлы шөгінді;
14) шлам үйіндісі – шламды жинау және сақтау орны.
2. Ғимараттар мен құрылыстар салу үшін жер учаскелерін таңдауға, жобалауға, құрылысқа, реконструкциялауға және пайдалануға беруге қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар
3. Ғимараттарды, құрылыстарды салу үшін жер учаскелерін таңдауға, химия өнеркәсібі объектілерін жобалауға, реконструкциялауға және пайдалануға беруге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол беріледі.
Химия өнеркәсібі кәсіпорындарының құрылысына аумақ таңдау құрылыстың бас жоспарына сәйкес жүргізіледі.
4. Кәсіпорын құрылысына аумақ таңдау кезінде өнеркәсіп алаңындағы топырақ жерасты суының химиялық қосылыстармен ластануына кедергі жасауын ескеру керек.
5. Химия өнеркәсібі кәсіпорнының жаңасын салу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарын кеңейтуге арналған алаңдар климаттық жағдайларды, жергілікті рельефтер сипаттамасын, ауа ортасының қазіргі жағдайы мен сол кездегі фондық ластануды, көздер мен ластаушы химиялық заттарды, шығыны аз және шығынсыз технологияларды, сондай-ақ тұрғын үйлер, рекреациялық, саяжай аймағының, халықтың демалыс аймағының атмосфералық ауасына шығарындыларды болдырмау (қысқарту) бойынша арнайы іс-шараларды ескере отырып таңдалады.
6. Химия өнеркәсібі кәсіпорындарының СҚА көлемі 2015 жылғы 22 мамырдағы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11124 болып тіркелген, Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № 237 бұйрығы талаптарына сәйкес белгіленеді.
7. Шлам, шлак үйінділері мен негізгі өндірістік ғимараттар арасындағы санитариялық ажыраулар мөлшері 2015 жылғы 22 мамырдағы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11124 болып тіркелген, Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № 237 бұйрығы талаптарына сәйкес белгіленеді. Үйінділер өндірістік ғимараттарға қатысты желдің негізгі бағытының ық жағында орналасады.
8. Кәсіпорын аумағы таза ұсталуы қажет. Кірер-шығар жолдардың қатты жабындысы болуы керек, оларды уақтылы жөндейді. Жазғы уақытта оларға су шашып, қысқы уақытта қардан тазартады, мұз қатқан жағдайда құм шашылады. Түнгі уақытта кірер-шығар жолдар жарықтандырылады.
9. Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы жолдарды, өткелдер мен аумақты бұйымдар мен материалдарды жинап қою үшін пайдаланбайды, сондай-ақ шикізатпен, жабдықтармен және құрылыс материалдарымен үйіп тастамайды. Шикізатты, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды сақтау осы мақсатқа арнайы бөлінген алаңдарда жүзеге асырылады.
10. Кәсіпорынның аумағында электрод пештері сынықтарының бөлшектелген жабдықтарын уақытша сақтауға арналған арнайы алаңдар көзделуі тиіс. Алаңдар жақсылап желдетіледі, олардың тұғырларының конструкциясы жерасты суларын ластауға кедергі келтіреді.
11. Объект аумағында мынадай функционалдық аймақтар бөлінеді:
1) өндірістік;
2) әкімшілік – шаруашылық;
3) көліктік – қоймалық;
12. Объект аумағының құрылыс пен жолдардан басқа бос жерлері абаттандырылады және көгалдандырылады.
3. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
13. Өндірістік учаскелерді бөлінетін зиянды заттарды ескере отырып, оқшаулау қамтамасыз етіледі және мынадай өзара әсер етулер болмауы тиіс:
1) шикізат материалдарының қоймалары;
2) материалдарды ұсақтау және майдалау учаскелері;
3) күйдіру, қыздыру, пісіру, агломерациялау, балқыту, гидрохимиялық цехтар;
4) ерітінді дайындау және тазарту бөлімшелері;
5) реагенттерді дайындау, сақтау;
6) сілтіден айыру, қоюлату, сүзу, кептіру;
7) кен қыздыру пештерінің жиынтығын жөндеу;
8) өндірістік сарқынды суларды залалсыздандыру;
9) шаңнан, газдан тазалау;
10) вакуум сорғыш бөлімшелері;
11) өзі жүретін техникалар мен электркарлар паркі;
12) басқару пульттері;
13) демалыс және тамақтану орындары;
14) шаң аулау, өңдеу, дайын өнімдерді қаптау, қоймалау бөлімшелері;
15) ыстық агломератты, коллекторлар мен циклондарды түсіру, қайтару желілерінің учаскелері;
16) шикізатты қабылдау және сынама алу бөлімшелері.
14. Агломерациялық бөлімшелерде агломерациялық машиналардың артқы бөлігін агломерациялық корпустың барлық негізгі үй-жайларынан оқшаулайды, агломерациялық бөлімшелердің үй-жайлары мен ленталардың бос қозғалуы арасында тор көзді жабын орнатуға жол берілмейді.
15. Жылудың елеулі артықшылығымен сипатталатын үй-жайлардың төбелеріне жел ұшырмайтын аэрациялық шамдар немесе шахталар орнатылады.
16. Көп қабатты бөлімшелердің төбелеріндегі ашық ойықтардан жылудың көп мөлшері мен зиянды заттар бөлінетін болған жағдайда әр қабатқа бөлек желдету жабдығы орнатылады.
17. Қызмет көрсететін персоналдың тұрақты болатын (өндірістік үй-жайда болатын) алыстан бақылау және жабдықты басқару пульттері қызмет көрсететін персоналдың жұмысына арналған нормаланған жағдаймен қамтамасыз ететін (дыбыс оқшаулау, бапталған немесе таза ауа беру) құрылғылармен жабдықталған оқшауланған үй-жайларда немесе арнайы кабинеттерде орналасады.
4. Жабдықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
18. Тазарту құрылғыларынан шаңды тазалау және оны тасымалдау шаңның жиналуын болдырмау мақсатында механикаландырылады.
19. Реагенттер дайындайтын және қолданатын учаскелерде залалсыздандыру аппаратурасынан өндірістік қалдық суларды залалсыздандыру бөлімшесіне жіберетін жергілікті сорғылар көзделеді.
20. Ерітінді күбілері мен шығыс бактарын тазалау, реагент ыдыстарын жуу механикалық әдіспен жүзеге асырылады, жуынды сулар өндірістік кәріздерге ағады.
21. Құрамында қауіптілігі 1–3 сыныпты зиянды заттар бар қойыртпақтарды сүзуге арналған сүзгі-престер мен вакуум-сүзгілер сорушы жаппалармен жабдықталады.
22. Реагент және дренаж бөлімшелерінің сорғыларын іске қосу автоматты түрде орындалады.
23. 1 және 2 сыныпты қауіптілігі бар заттарды залалсыздандыру, аспирация, бақылау аспаптарымен жабдықталған, тығыз жабылатын жабдықта жүзеге асырылуы тиіс.
25. Ыстық агломератты суыту, ылғалдандыру және қайтаруды ылғалдау үшін су беруді автоматты түрде реттейтін арнайы құрылғыларда орындайды. Суытқыш бу ішінде жиналатын бу мен шаң алдын ала тазартылып, жергілікті желдеткіштер арқылы шығарылады.
26. Шаң қаптарындағы шаңды аспирациялау үшін агломерациялық машиналардың коллекторындағы вакуумды пайдалану кезінде ауа арнасының клапандарында шаң қаптарының қақпағымен тежелуі көзделеді. Клапандардың тежелуі шаң шығарудан бұрын іске қосылып, қаптағы шаң түскеннен кейін тоқтауын қамтамасыз етеді.
27. Агломератты тасымалдау және қайтару жабық көлікпен орындалады.
28. Төгу агрегаттары механикалық ыдыстармен жабдықталуы тиіс. Күйдіру пештерінен шыққан ыстық күйіктер жабық тәсілмен тасымалданады.
29. Рудалар мен концентраттарды ерітуге арналған электр пештерден шығатын газдар тазаланады.
30. Шахталық пештердің тиеу құрылғылары тиеу кезінде газдар мен шаңдарды қақпауы керек.
31. Құрамында қауіптілігі 1–3 сыныпты зиянды заттар бар ерітінділерді тасымалдау өндірістің барлық кезеңдерінде жабық құбырлар арқылы жүзеге асырылады. Мұндай ерітінділерді ашық ағызуға, науаларды пайдалануға жол берілмейді.
32. Құрамында уытты заттары бар жабдықтарды жөндеу алдында оны материалдардан босатады және бейтараптандырғыш заттарды қолдана отырып, жуады.
33. Бак аппаратураларын, булау және түтікті аппараттарды, автоклавтарды, реакторларды тазалау бойынша жұмыстар механикаландырылады және қосылған желдеткіш кезінде орындалады.
34. Фосфордың химиялық өндірісінде пеш қабырғалары ауамен немесе сумен салқындатылады.
35. Тазалау бөлімшелеріндегі барлық процестер, дайын өнімдерді өңдеудің барлық түрлері мен тасымалдау механикаландырылады.
36. Шламды шығару, фосфор құбырын тазалау бойынша операцияларды қолмен орындауға жол берілмейді.
37. Бас сынамаларға талдау жасау тығыз жабылған електерде жүргізіледі. Елеу процесі механикаландырылады және сорып тарту шкафында жүзеге асырылады.
38. Фосфорды термиялық күйдірудің технологиялық процестерін жобалау кезінде мыналарды көздеу қажет:
1) агломерацияланған шикізатты пайдалану (шекемтас, кесектелген немесе брикеттелген агломерат);
2) фосфор пештеріне арналған шихталарды құрастыру және оны шикізат дайындау бөлімшелерінде дозалау.
39. Химия өнеркәсібі кәсіпорындарында қалдықтарды өңдеу тәсілдері ұйымдастырылады (шлактар, шламдар, феррофосфорлар және тағы басқалар).
40. Шикізат пен дайын өнімге арналған бункердің конструкциясында оларды түсіруді механикаландыру көзделеді (аэрация және жабысқан материалды қопсыту, конустық бөлігін қыздыру және тағы басқалар).
41. Азайтылған фосфор шламдарын сақтауға және өңдеуге арналған жабдықтың конструкциясы тығыз жабылады және жергілікті желдету құрылғыларын қамтиды.
42. Шлак пен феррофосфорды салқындатуға және уақытша сақтауға арналған ыдыстардың, құймақалыптардың ішкі бетін өнімдердің жабыспауы үшін арнайы өңдеу (мысалы, әктеу) қажет, ыдыстарды түсіру және «суыған қабатынан» тазалау механикаландырылады.
43. Шикізат тиеу науасының қақпақтары, фосфор пештерінің электр ұстағыштары, сынама алу люктері мен жабдықтардың басқа да тығыздалмаған бөліктері мен бөлшектері инертті газ қысымында болады.
44. Фосфор пештерінің шығаратын астау тесіктері қызмет көрсетуге ыңғайлы биіктікте орналасады. Астаулар қорғаныс экрандарымен жабдықталады.
45. Фосфор пештерінен шлак төгетін науаларды футеровкалау үшін қолданылатын материалдар және олардың жанғанынан қалған өнімдер жұмысшылардың ағзасына зиянды әсер етпейді.
46. Жабық өндірістік үй-жайларда орналастырылатын және едәуір жылу мен инфрақызыл сәуле бөлу көздері болып табылатын кептіру аппараттарының, пештердің, электр сүзгілердің, газ шығу науаларының, «коттрельді сүт» бактарының қайта бөлінген барабандары мен басқа да жабдықтардың сыртқы беттерін жылумен оқшаулауды немесе суытуды көздеу қажет.
47. Кен қыздыру пештерінің ток өткізгіштерінің жұмысшыларды тұрақты электр магниттік өрістерден қорғауды қамтамасыз ететін оқшаулағышы болуы тиіс.
48. Фосфор мен фосфор шламдары салынған ыдыстар құрамынды фтор бар ағындыларды жинау және өндірістік кәріздерге немесе арнайы жинағыштарға жіберетін түптермен жабдықталуы тиіс. Түптер тұрақты түрде айына кемінде 1 рет, ал апатты жағдайларда апатты жойғаннан кейін тазалануы тиіс.
49. Ыдыстардағы фосфор мен фосфор қышқылының деңгейін өлшеу автоматтандырылады.
50. Жылжымалы крандардың кабиналарында өндірістік үй-жайлардың айналасындағы ауада зиянды заттардың құрамы жұмыс аймағына арналған РШК жоғары болмаса қосымша өңдемей-ақ пайдалануға болады, ал микроклимат параметрлері 2015 жылғы 23 мамырдағы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11147 болып тіркелген, Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы «Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» № 169 бұйрығы талаптарына сәйкес болады.
51. Балқытылған шлакты түйіршіктеуге арналған жабдық кешеніне фосфор және құрамында фосфор бар газдарды аспирациялауға арналған және оларды кейіннен тазалау және залалсыздандырумен өндірістік қалдық суларды жинау құрылғылары кіреді.
52. Фосфор мен фосфор шламдарын (форсункалар орналасқан жерлерде) өртеу камераларының конструкциясын, шикізат пен дайын өнімдерді ұсақтау және елеу аппараттарын, қозғалтқыш пен желдету қондырғыларының желдеткіштерін жабдықтың жұмыс істеуінен пайда болатын шудан қорғауды көздейді. Егер шудан оқшаулауды ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда персоналды шудан қорғайтын жеке қорғаныс құралдарымен жабдықтайды.
53. Уыттылығы жоғары сусымалы фосфор қоспаларын (бескүкіртті фосфор, металдардың фосфиді) бөлшектеп қаптау автоматтандырылады. Бөлшектеп қаптау жабдығының конструкциясында сорылатын ауаны тазалай отырып, шаң және газ басатын аспирациялау құрылғылары көзделеді.
54. Цехаралық және цехішілік сусымалы және шаңданатын материалдарды тасымалдайтын көлікте шикізатты тиеу және түсіру орындарында шаң соруға арналған құрылғылар жабдықталады.
Үй-жайлардың ішіндегі температурасы 450 С және одан жоғары болатын аппараттардың жоғарғы қабаты жанбайтын материалдармен жылу оқшаулайды. Егер технологиялық режим талаптары бойынша жылу оқшаулауды қолдануға жол берілмесе, ыстық қабаттарды қоршау көзделеді.
Жоғарғы қабаты ыстық жабдықтармен қызмет көрсететін персоналдың жанасуы мүмкін болмаған жағдайда қоршалмайды.
55. Егер шу параметрлерін 2015 жылғы 23 мамырдағы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11147 болып тіркелген, Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы «Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» № 169 бұйрығы талаптарына жеткізу мүмкін болмаған жағдайда:
1) стационарлық жабдықтар үшін дыбыс оқшаулау кабиналарын көздеу, процестерді қашықтықтан басқару;
2) қол саймандары үшін басқа жұмысшыларға шу әсер етпейтіндей жұмыс орындарын орналастыруды көздеу.
56. Қабылдау бункерлерін түсіру кезінде үй-жайға шаңданған ауаның кіруін болдырмау үшін қалған материал қабаты түсіру ойығынан 0,7 метрден (бұдан әрі - м) жоғары болуы тиіс.
57. Кептіру барабандары газды тарту және шаңды аулау жүйелерімен жабдықталады. Өндірістік үй-жайларда газ бен шаңның бөлінбеуін болдырмау үшін кептіру барабандары ауа қысымы төмен жағдайда жұмыс істейді.
58. Еденді жуған, фосфорға арналған сүзгіні жуғаннан, гидрожапқыштардан, фосфор ыдыстарынан пайда болған, ластанған сарқынды сулар жиналып, тазартуға жіберіледі.
59. Сары фосфор мен оның органикалық емес қосылыстарының өндірісінде тасымалдау, шикізатты, материалдар мен өнімдерді тиеу және түсіру бойынша барлық операциялар механикаландырылады.
60. Жабдықты, арматуралар, аппаратуралар мен салмағы 50 килограмнан (бұдан әрі - кг) жоғары болатын ауыспалы тораптарды монтаждау, бұзу және жөндеу үшін орынға тасымалдауды, көтеруді және орнатуды қамтамасыз ететін көтеретін көлік құралдары мен тетіктер қолданылады.
5. Өндірістік үй-жайлардың ауасына, жылытуға, желдетуге және жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
61. Өндірістік және қосалқы үй-жайлар жылытылады.
62. Цехтың үй-жайларынан ауа алу кезінде оның қыс уақытындағы көлемі жылытылған сыртқы ауаның шоғырландырылған ағынымен толықтырылады.
63. Екі және одан көп қабатты корпустардағы әрбір қабатты желдету төменде орналасқан қабаттан келетін зиянды заттарды ескере отырып, бөлек есептеледі.
64. Егер техникалық себептермен сыртқы ауа келтірілмесе, 30 градус Цельсийден (бұдан әрі - 0 С) артық температурадан жоғары аймақта ауаны тазарту қажеттіктері үшін аэраторды пайдалануға болады.
65. Ерітінділері бар барлық ыдыстар жергілікті механикалық сору желдеткіштерімен қамтамасыз етіледі. Шығарылатын ауа көлемі технологиялық нормалар бойынша айқындалады.
66. Шаң мен бу бір мезгілде бөлінетін тораптарда ылғалды шаңұстағыш орнатылады.
67. Шикізат материалдарының құрамдауыштарын ұнтақтауға, майдалауға, кептіруге, елеуге, өлшеуге, араластыруға арналған жабдық, дайын шихта мен құрғақ материалдарға арналған ленталық транспортерлер шығарылатын ауаны тазалайтын аспирациясы бар технологиялық жабынды көздейді. Тарелка, лоток, барабан, шнек түріндегі және басқа да қоректендірушілер технологиялық жабдықтың аспирациялық жүйелерінің ауа құбырларымен біріккен (тиеу тесіктері арқылы) жабындармен жабдықталады.
68. Ауа құбырлары, газ тарту арналары, тазарту құрылғылары шаң мен шламнан кезең-кезеңмен тазалайтын механикаландырылған тазарту құрылғысымен жабдықталады.
69. Фосфор өндірісінде ферротөгу машиналарынан феррофосфорды төгу кезінде шлак тесіктері мен астаулар жергілікті желдету жабдығымен жабдықталады.
1) материалдарды тасымалдауға арналған кюбельді тиеу және түсіру орындары аспирацияланады;
2) бақылау-өлшеу аспаптарының, басқару пульттерінің үй-жайлары, демалу бөлмелері, сынамаларға талдау жасайтын зертхана бөлмелері артық ауа қысымымен қамтамасыз етіледі.
70. Шар тәрізді диірмендердің фосфоритті құрғақ майдалайтын түсіру тесіктері аспирациялайтын жабындармен жарақталады.
71. Бір мезгілде ластаушы заттардың елеулі көлемін бөлу мүмкіндігімен сипатталатын өндірістерде дыбыс және жарық дабылы, сондай-ақ авариялық желдеткіш көзделеді.
72. Ауа тартатын желдету жүйелерінен ауа жұмыс аймағынан тұрақты жұмыс орындарына беріледі.
73. Өндірістік үй-жайлар жасанды және табиғи жарықтармен жабдықталады.
6. Физикалық факторлардың көздеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
74. Өндірістік үй-жайлардың жұмыс орындарындағы шу мен дірілдің деңгейлері 2015 жылғы 23 мамырдағы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11147 болып тіркелген, Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы «Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» № 169 бұйрығы талаптарына сәйкес болады.
Еңбек шарттары жағдайларына бақылау технологиялық процестің, оның өзгеру, әртүрлі жұмыстардың нақты орындалу шарттарын, жабдықты жөндеу, сауықтыру іс-шараларын енгізу ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
75. Химиялық өнеркәсіп объектілерінде өндірістік (ведомстволық) бақылау жүргізіледі. Өндірістік (ведомстволық) бақылауды өндірістік немесе тәуелсіз аккредиттелген зертханалар жүргізеді. Ведомстволық бақылау нәтижелері тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері ведомствосына ұсынылады.
7. Реагенттерді сақтау жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
76. Ұйымдарда технологиялық процестерді жүргізу үшін қолданылатын реагенттер (қышқылдар, сілтілер, цианидтер, аммиакты су, аммиак селитрасы, карбонаттар мен сілтілі және сілтілі жер металдардың гидрокарбонаттары және тағы басқалар) шығыс қоймаларында сақталады.
77. Шығыс қоймалары қоймаларды жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарымен және қоймаларды жалпы пайдаланылатын теміржолдың кіру жолдарымен байланыстыратын қоймаішілік жолдармен қамтамасыз етіледі.
78. Автомобиль мен жалпы пайдаланылатын теміржолдардан едәуір алыста орналасқан қоймалар үшін кіретін жол ретінде тегістелген, топырақ төселген автомобиль жолдары пайдаланылады.
79. Реагенттер қоймасын топырақтың, жерасты суы мен атмосфералық ауаның ластануын болдырмайтын шараларды міндетті түрде қабылдай отырып, жер үстіне және жартылай жер бетіне орналастырады.
80. Күшті әсер ететін улы заттар мен прекурсорларға жататын реагенттерді жаңа салынған қоймаларға әкелу және сақтау Кодекстің 62-бабының 8-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
81. Бір қойма үй-жайында өзара химиялық белсенді реагенттер мен бөгде материалдарды сақтауға жол берілмейді.
82. Әрбір жиналатын сұйық реагенттердің топтары үшін аумақтың су баспайтын құрғақ учаскесінде орналасатын тиісті қойма аймағына жеке теміржол немесе автомобиль кіреберіс жолы көзделеді.
83. Теміржолдарда тұрған теміржол цистерналарын стационар, қойма (шығыс) ыдыстары ретінде пайдалануға жол берілмейді.
84. Тез жанатын, сондай-ақ уытты заттардың бос ыдыстары тығындалып, арнайы алаңдарда сақталады.
85. Қышқылдар, сілтілер мен басқа да уытты сұйықтықтар қоймаға арнайы ыдыста беріледі.
86. Су қосылған күкірт қышқылы болаттан жасалған, тегістелген немесе қышқылға төзімді болаттан жасалған резервуарларда сақталады.
87. Концентрацияланған күкірт қышқылы мен олеум (жақсартылған және техникалық) болаттан жасалған немесе арнайы болаттан жасалған, түбі жалпақ және конусты қақпағы бар, тегістелмеген және сондай-ақ тегістелген қышқылға төзімді кірпіштен қаланған немесе қышқылға төзімді материалдан жасалған тік резервуарларда сақталады. Концентрацияланған күкірт қышқылын көлбеу резервуарларда сақтауға жол беріледі.
88. Олеум сақтауға арналған резервуарларды тегістейді. Жақсартылған күкірт қышқылын таза, тығыз жабылатын, тоттанбайтын болаттан жасалған жабық ыдыстарда немесе қышқылға төзімді плиткалар немесе кірпішпен тегістелген, болаттан жасалған ыдыстарда сақталады.
89. Меланж бен әлсіз азот қышқылын сақтауға арналған резервуарлар тоттанбайтын болаттан жасалады. Концентрацияланған азот қышқылын алюминийден жасалған ыдыстарда сақтайды.
90. Тұз қышқылы көміртекті болаттан жасалған, тоттануға қарсы қорғаныс құралдарымен жабдықталған резервуарларда сақталады.
91. Қышқылдардың қоймасын ашық алаңдарда резервуаларды орналастыра отырып, жер бетіне орнату қажет.
92. Түбінің едені қышқыл төгілген жағдайда ағатындай етіп, жинау лотогіне қарай еңкіс етіп орналастырады, сондай-ақ атмосфералық жауын–шашын су жинайтын шұңқырға ағады. Олар бейтараптандырылғаннан кейін өндірістік кәрізге жіберіледі.
93. Күйік шалу қаупі бар жерлерде қол мен бетті жуу үшін шүмектер мен су бұрқақшалары, сондай-ақ дененің көп күйген жерін жуу үшін ағынды суы бар ыдыстар мен душтар орнатылады.
94. Каустикалық сода тоттанбайтын болаттан жасалған немесе көміртекті болаттан жасалған жылу оқшаулағыш резервуарларда сақталады.
Резервуардың гуммирленген қабырғаларына жылыту құрылғыларының жанасуына жол берілмейді.
95. Аммиак суының қоймаларын жер бетіне орналастыру қажет.
96. Аммиак суының қоймасын төгілген сұйықтықтың гидростатикалық қысымына есептелген, тұтас топырақ үйіндісімен (қабырға) жасап, қоршалады.
97. Аммиак суын сақтауға арналған резервуарлар көміртекті болаттан жасалады, арматура мен құбырлар құрамында мыс пен оның қорытпалары жоқ металдан дайындалады.
98. Қойма ғимаратында жертөлелер, арналар, шұңқырлар, еден ойықтарын, сондай-ақ учаскеге көрінбейтін шығу тесіктері мен басқаларды орнатуға жол берілмейді. Аммиак селитрасының қоймалары жасанды желдеткіштермен жабдықталады. Аммиак селитрасының қоймаларын ауамен жылыту көзделеді, құбырлық таратып тұратын коммуникациялары бар калориферлерді орнатуға жол берілмейді.
99. Қоймаға және жүк тиеу–түсіру алаңдарына жақын орналасқан аумақ аммиак селитрасының әсеріне төзімді материалмен жаппай жабылып, атмосфералық судың ағуына оңтайлы еңкіс болуы тиіс.
100. Аммиак селитрасы қоймасының үй-жайын тұрақты, ағымды тазалаумен қатар, жылына кем дегенде бір рет (немесе қойманың әрбір бөлігі немесе учаскесі кезекпен), еденді жабысқан селитрадан мұқият тазалай отырып, толық босату қажет.
101. Бір қойма үй-жайында аммиак селитрасымен бірге басқа өнімдер мен материалдарды сақтауға жол берілмейді.
102. Аммиак селитрасы қоймасының үй-жайында сыпырындыларды (ластанған аммиак селитрасын) сақтауға тыйым салынады. Олар сыйымдылығы 60 тоннадан (бұдан әрі – тн) аспайтын жеке үй-жайда сақталады.
103. Жүк тиеу көлік машиналарының жүріп–тұруы үшін аммиак селитралары штабельдерінің (қапталған) арақашықтығы кем дегенде 1,5 метр (бұдан әрі – м) құрайды, өту жолдарының ені– 1,0 м. Орталық жолдардың ені 3,0 м болуы тиіс.
104. Натрий, калий, кальций, магнийдің карбонаттары мен гидрокарбонаттары қапта сақталады. Қойма сыйымдылығы 1500 тн аспайды.
105. Тиеу–түсіру жұмыстары механикаландырылады.
106. Синильді қышқыл тұздарының технологиясында қолданылатын – натрий, калий, кальций цианидтері мен цианидті препараттар (цианид балқытпасы) базисті, шығыс және цех улы қоймаларында сақталады.
107. Әсері күшті улы заттарды қалқа астында, ашық аспан астында, сондай-ақ ылғалды үй-жайлар мен жертөлелерде сақтауға жол берілмейді.
108. Қойма ғимараттарының габаритінде орналасқан тұрмыстық үй-жайлар әсері күшті улы заттарды сақтауға және қаптауға (құюға) арналған үй-жайлардан оқшауланады және жеке тамбур арқылы өтетін бөлек есігі болады.
109. Әсері күшті улы заттарды сақтауға, қаптауға (құюға) арналған қойма үй-жайларының қабырғаларын, төбелері мен ішкі бетін әрлеу үшін әсері күшті улы заттардың химиялық әсерінен қорғайтын қасиеті бар, өз бетінде шаң мен буды жинамайтын немесе жұтпайтын, тазалауға, жууға жеңіл материалдардан жасайды. Қабырғалар еденмен, төбемен дөңгеленген түрде жанасуы тиіс.
110. Әсері күшті улы заттарды сақтауға арналған үй-жайларда үнемі жұмыс істеп тұратын табиғи сору-сыртқа тарату желдеткіші және апатты жағдайларда механикалық жолмен жұмыс істейтін сыртқа тарату желдеткіші көзделеді. Механикалық жұмыс істейтін сыртқа тарату желдеткішінің құрылғыларын тұрмыстық үй-жайлар мен әсері күшті улы заттарды сақтауға және ерітуге арналған үй-жайлардан бөлек орнатады.
111. Желдету құрылғысы шығыс қоймасына кірерден 15 минут бұрын іске қосылады. Ол туралы кірер есікте ескерту плакаты ілінеді. Құрылғыны іске қосу тетігі кірер есіктің қасында сыртта орналасады.
112. Желдету құрылғысының дабылы болады: жұмыс уақытында – жарық арқылы, жұмысты кенеттен тоқтату жағдайы туындаған кезде – дыбысты болу керек.
113. Әсері күшті улы заттарды сақтауға, қаптауға және құюға арналған қойма үй-жайларында ауаның жағдайына бақылау жүзеге асырылады.
114. Әсері күшті улы заттардың барлық топтарын ұсақ ыдыстарда (барабандарда, баллондарда, бөтелкелерде және тағы басқалар) сақтау кезінде базистік және шығыс қоймаларының үй-жайлары ыдыстардың габариттеріне сәйкес құрылған қолжетімді қабырға сөрелерімен және ұяшықтары (торлары) бар стеллаждармен жарақталады, сондай-ақ бөтелкелер, баллондар, барабандар және т.б. қойылған арбашалар арқылы жылжитын арнайы жүк үстелдері болуы тиіс.
115. Әсері күшті улы заттардың барлық базистік және шығыс қоймалары уды залалсыздандыратын құралдармен, жеке қорғаныш құралдарымен, алғашқы көмек көрсетуге арналған аптекамен және байланыс құралдарымен жеткілікті көлемде қамтамасыз етіледі.
116. Әсері күшті улы заттармен арнайы киімсіз және жеке қорғаныш құралдарынсыз (бұдан әрі – ЖҚҚ), зақымданған арнайы киімде және ЖҚҚ-сыз жұмыс істеуге жол берілмейді.
117. Әсері күшті улы заттармен жұмыс істеу кезінде тамақтануға, су ішуге және темекі шегуге жол берілмейді.
118. Жарылғыш қоспа түзуге қабілетті қауіпті жүктерді (аммиак селитрасы), тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтар мен жарылғыш заттарды (аммиак суы), күйдіргіш заттарды (күкірт, азот және тұз қышқылдары, каустикалық сода) түсіру арнайы бөлінген жерлерде жүргізу қажет.
119. Тез жанатын және күйдіргіш сұйықтықтарды цистерналардан ағызу механикалық тәсілмен жүзеге асырылады.
120. Реагенттерді төгу орындары тәулік бойы жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін жарылуға жол бермейтін жарықтармен, өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.
121. Тез жанатын және күйдіргіш сұйықтықтармен жұмыс істейтін орындарда тамақтануға, темекі шегуге және ашық отты қолануға жол берілмейді.
122. Қауіпті және зиянды заттармен жұмыс істеу, қорғаныш көзілдіріктерін немесе арнайы көзілдірікті бетперделерді, респираторларды, резеңке қолғаптар мен етіктерді, алжапқыштарды пайдалана отырып, арнайы киіммен жүргізіледі, әрбір жұмысшы зиянды заттардың буы мен аэрозольдерінен қорғайтын тиісті сүзгімен қорабы бар апатты газтұтқырмен, ал терілерді қышқылдар мен сілтілердің әсерінен қорғайтын қорғаныс пасталарымен қамтамасыз етіледі.
123. Қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау 2015 жылғы 14 мамырдағы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11049 болып тіркелген, Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № 240 бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізіледі.
124. Радиоактивті заттарды автомобиль көлігімен тасымалдау 2015 жылғы 27 мамырдағы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11205 болып тіркелген, Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № 261 бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізіледі.
125. Қауіпті жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары тасымалданатын жүктің қауіптілік класына қарай төмендегідей жиынтықталады:
1) өрт сөндірудің бастапқы құралдары (өртсөндіргіш, шанц саймандары бар жиынтық, шелектер, киіз, құрғақ құм салынған жәшіктер және басқа да құралдар);
2) тері мен көз ЖҚҚ (резеңке етіктер, резеңке қолғаптар, резеңкеленген алжапқыштар, қышқылға төзімді костюмдер, қорғаныс көзілдіріктері, газтұтқыр);
3) апатты жағдайға арналған саймандар мен керек-жарақ («Кіруге тыйым салынады» және «Апатты аялдама» деген белгілері бар, сырғанаудан қорғайтын тағандар, апатты жерді қоршауға арналған жіп немесе тростар, бейтараптандырушы ерітінділері бар канистралар);
4) алғашқы көмек көрсетуге арналған медициналық аптечкалар;
5) радиоактивті заттарды тасымалдау кезінде – қосымша:
радиациялық қауіптілікті ескертетін төрт белгісі бар респиратор және ескі шүберектері бар пластикалық пакеттер.
126. Аммиак селитрасын тиеуге құрғақ, жөнделген шанақтары бар, кез келген басқа материалдардың қалдығынан мұқият тазаланған және күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғайтын арнайы жапқышпен жабдықталған автокөлік құралдары беріледі.
7. Жұмыс істейтін тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
127. Арнайы киімдер мен арнайы аяқ киімдерді кептіруге арналған гардероб үй-жайлары механикалық жалпы алмастырғыш сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.
128. Душ қабылдайтын үй-жайлардың құрылғыларын жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып еденін, қабырғалары мен төбесін жеңіл тазалауды және жууды көздейді, сондай-ақ душ кабиналарынан қолданылған судың суағары болуы керек.
129. Өндірістік үй-жайларда тамақты сақтауға және тамақтануға жол берілмейді.
130. Барлық негізгі технологиялық цехтарда арнайы киімдерді шаңнан тазартатын үй-жайлар мен жабдықтар көзделеді.
131. Денсаулық пукттерінде теріге немесе көзге түскен өндірістік агрессивті заттарды бейтараптандыруға мүмкіндік беретін инактиваторлар (зақымдалған жерді жуғаннан кейін) болады.
132. Барлық жұмысшылар жұмысқа қабылдану кезінде алдын ала және кезеңдік медициналық тексеруден 2015 жылғы 08 мамырдағы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 10987 болып тіркелген, Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы «Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» № 175 және 2015 жылғы 08 сәуірдегі нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 10634 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 ақпандағы «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 127 бұйрықтарына сәйкес өтеді.
133. Жұмысшылар жұмыс берушінің қаражаты есебінен, жұмысшыларды сүтпен және емдік-профилактикалық тамақпен қамтамасыз ету тәртібі мен нормаларына сәйкес сүтпен және емдік-профилактикалық тамақпен қамтамасыз етіледі.
«Химиялық өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық–эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 1-қосымша
1-кесте
Жұмыс аймағының ауасындағы зертханалық өндірістік бақылануға жататын негізгі зиянды заттардың тізбесі
Р/н № |
Өндірістік учаске |
Зиянды заттар |
1 |
2 |
3 |
1 |
Қабылдау құрылғысы |
кокс, фосфорит, кварцит шаңы |
2 |
Кептіру–майдалау бөлімшесі |
кокс шаңы |
3 |
Агломерат өндірісі |
кокс, шихта, агломерат, фосфорит шаңы, фосфор ангидриді, фосфорлы сутек, фторлы сутек, көміртегі тотығы |
4 |
Пеш өндіріс |
фосфор, фосфор ангидриді, фосфорлы сутек, фторлы сутек, көміртегі тотығы, шихта шаңы, кокс шаңы, электрод массасының шаңы, агломерат, кварцит шаңы |
5 |
Фосфор қышқылының өндірісі |
фосфор ангидриді, фосфорлы сутек, күкіртті сутек, күкіртті ангидрид |
6 |
Сары фосфорды одан әрі өңдеу |
әк, кальцилі сода шаңы, фосфор, фосфор ангидриді, фосфорлы сутек, фторлы сутек |
7 |
Триполифосфат өндірісі |
кальцилі сода шаңы, ТПФН, фосфор қышқылының буы |
8 |
Қосалқы өндіріс |
күкірт қышқылының буы, резина шаңы, мыс шаңы, ксилол, толуол |