• Мое избранное
Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 30.10.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 12

Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 маусымда № 11407 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 30 қазаннан бастап ҚР Әділет министрінің 11.10.2018 жылғы № 1481 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 07.12.2015 жылғы № 613 Бұйрығымен (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 20.12.2017 жылғы № 1598 Бұйрығына сәйкес (03.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3-1) осы бұйрықтың 3-1-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Өнеркәсіптік үлгіге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес «Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес «Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 947 Бұйрығына сәйкес (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б. Имашев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
___________ Ә. Исекешев 
2015 жылғы «____» _____________
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрі 
___________ Е. Досаев 
2015 жылғы 22 мамыр