Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 271 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 15.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
Toggle Dropdown
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
Toggle Dropdown
3) құжаттарды алу кезінде кезекте тұрудың жол берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы рұқсаты не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі), оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар Мемлекеттік корпорацияға бір данада мыналарды ұсынады:
Toggle Dropdown
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Toggle Dropdown
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
Toggle Dropdown
3) неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншi түрге және неғұрлым құнды алқаптарға ауыстыру кезінде – аудандар мен қалалардың ауыл және су шаруашылығы саласындағы уәкілетті келісуші органдарының қорытындылары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба;
Toggle Dropdown
суарылмайтын егiстiктi ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа неғұрлым құны төмен түрлеріне ауыстыру кезінде – келісуші облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардың қорытындылары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба;
Toggle Dropdown
4) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға жоспарланып отырған жерлердің экспликациясы;
Toggle Dropdown
5) басқа түрге ауыстыру жоспарланып отырған ауыл шаруашылығы алқаптарының орналасқан жері, олардың алаңы, пайдаланылу түрі, ауыстыру себебі көрсетілген далалық зерттеп-қарау актiсi және түрлендіруге жататын анықталған ауыл шаруашылығы жерлері көрсетілген, келісуші мемлекеттік органдар бөлімшелерінің және осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушыларының (жер иелерінің) өкілдері қол қойған далалық зерттеп-қарау сызбасы;
Toggle Dropdown
6) жер учаскелерінің сапалық сипаттамасы;
Toggle Dropdown
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын, жер учаскесіне арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын растайтын, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқ екені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші, егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті өтініштің қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Toggle Dropdown
Дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) беру жеке куәлік көрсетілетін кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет етілетін келісу туралы сұранымға ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған болуы.
Toggle Dropdown
11. Көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын бермеген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Toggle Dropdown
3-тарау. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
12. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына жұмыс күндері осы Стандарттың 16-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Toggle Dropdown
Шағым жазбаша нысанда почтамен, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) растайды. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды.
Toggle Dropdown
Қолма-қол, сол сияқты почтамен келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылданғанын оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) растайды.
Toggle Dropdown
Мыналардың:
Toggle Dropdown
1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;
Toggle Dropdown
2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
Toggle Dropdown
Шағым портал арқылы жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почтамен, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Toggle Dropdown
13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Toggle Dropdown
14. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Toggle Dropdown
15. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту мен қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорацияның ғимараттары мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған болады.
Toggle Dropdown
16. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
Toggle Dropdown
1) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары» – «Жергілікті атқарушы органдар» кіші бөлігінде;
Toggle Dropdown
3) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Toggle Dropdown
17. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.
Toggle Dropdown
«Ауыл шаруашылығы
алқаптарын бір түрден екінші
түрге ауыстыруға түпкілікті
шешім беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Toggle Dropdown
(кімге):______________________әкімі
Toggle Dropdown
(қала, аудан)
Toggle Dropdown
________________________________
Toggle Dropdown
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Toggle Dropdown
(кімнен):________________________
Toggle Dropdown
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Toggle Dropdown
_________________________________
Toggle Dropdown
не заңды тұлғаның толық атауы)
Toggle Dropdown
_________________________________
Toggle Dropdown
жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес сәйкестендіру нөмірі
Toggle Dropdown
__________________________________
Toggle Dropdown
(жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің жеке
Toggle Dropdown
_________________________________
Toggle Dropdown
басын куәландыратын құжаттың деректемелері,
Toggle Dropdown
_________________________________
Toggle Dropdown
байланыс телефоны (бар болса), орналасқан
Toggle Dropdown
__________________________________
Toggle Dropdown
мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не тұрғылықты
Toggle Dropdown
__________________________________
Toggle Dropdown
мекенжайы (жеке тұлғалар үшін))
Toggle Dropdown
______________________________________________________________________ (жер учаскесінің (орналасқан жері) мекенжайы)
Toggle Dropdown
___________мекенжайы бойынша орналасқан, нысаналы мақсаты _________________,
Toggle Dropdown
кадастрлық нөмірі __________________________, _______________________ гектар (алқап түрін көрсету керек) алаңдағы ауыл шаруашылығы алқаптарын ______________________________________ (ауыстыру қажеттілігінің себебін көрсету керек)
Toggle Dropdown
байланысты бір түрден екінші түрге (алқап түрін көрсету керек) ауыстыруыңызды сұраймын.
Toggle Dropdown
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Toggle Dropdown
Күні _______________ Өтініш беруші____________________________________________ (жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Toggle Dropdown
«Ауыл шаруашылығы алқаптарын
бір түрден екінші түрге ауыстыруға
түпкілікті шешім беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Toggle Dropdown
__________________________________
Toggle Dropdown
(көрсетілетін қызметті алушының аты,
Toggle Dropdown
__________________________________
Toggle Dropdown
әкесінің аты (бар болса). тегі
Toggle Dropdown
__________________________________
Toggle Dropdown
не ұйымының атауы, мекенжайы)
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №_____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда:
Toggle Dropdown
жоқ құжаттардың атауы:
Toggle Dropdown
1) _________________________________________;
Toggle Dropdown
2) _________________________________________
Toggle Dropdown
ұсынбауыңызға байланысты. «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге арналған өтінішіңізді қабылдаудан бас тартады.
Toggle Dropdown
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 (екі) данада жасалды
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________ (Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Toggle Dropdown
Телефоны (бар болса) _____________________________________________________
Toggle Dropdown
Алдым: _________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Toggle Dropdown
20__жылғы ________________